bs-preloader__icon
ru kz en

Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі

Өмірді сақтандыру нарығы үшін өткен жыл оңай болған жоқ, бәсекелестік. Оған қоса нарықта өмірді сақтандыру полистері бойынша сыйлықақылар өсімі болмашы болды: 5,7%. «Халық-Life» ӨСК-нің Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова бұл тренд халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуімен және инфляциялық күтімдердің өсімімен байланысты деп болжайды. Сонымен қатар, ол бұған қарамастан Халық Life 39,2% үлеспен, сақтандырудың осы сыныбы бойынша тартылған сыйлықақылардың көлемі бойынша нарықта көшбасшы болып қала алғанын айтады. Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне сұхбатта ол нарықтағы трендтер, сондай-ақ қазақстандықтар «Bilim-Life» жаңа өнімнің көмегімен баланың білім алуына қалай жинай алатыны туралы айтып берді.
Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі

- Жанар Әділбекқызы, Қазақстанда өмірді сақтандыру секілді бұндай өнімге сұраныс енді ғана қарқын алуда. Қалай ойлайсыз, неге бұл полис әлі де жете бағаланбаған?

 - Ең алдымен, бұл қазақстандықтар арасында сақтандыру мәдениетінің төмен деңгейімен байланысты. Статистикаға сәйкес, 9 млн экономикалық белсенді халықтың ішінен тек 3%-ында ғана ерікті сақтандыру полистері бар. Көбісі әлі де оларға өмірді сақтандыру полисін неліктен алу керектігін түсінбейді. Алайда бұл өнімнің көмегімен қазақстандықтар немесе олардың туыстары қайтыс болған жағдайда немесе мүгедектік алғаннан кейін сақтандыру компаниясынан төлемдерді ала алады. Осылайша, олар отбасының қаржылық бюджетіне жүктемені төмендете алады. Сонымен қатар, жинақтаушы сақтандыру полисінің есебінен табыс табуға да болады.                                            

Елде сақтандырудың дамуын тежейтін тағы бір фактор, - халықтың төмен төлем қабілеттілігі. Орта есеппен қазақстандықтар азық-түлік өнімдеріне өз табыстарының шамамен 50-60%-ын жұмсайды. Бюджеттің қалған бөлігі кемірек маңызды мақсаттарға жіберіледі: өз балаларының оқуына ақы төлеуіне, медициналық қызметтерге, киім-кешек сатып алуға және т.б. Еуропада тұтынушы жәшігіне өнімдерге шығыстар үлесі 10-30%-дан аспайды. Сондықтан еуропалықтар осының есебінен белгілі бір қаржылық тәуекелдерді төмендетіп, кем дегенде үш сақтандыру полисін сатып алуға қауқарлы.

Сонымен қатар, еуропалық елдерде Қазақстаннан айырмашылығы, сақтандыру нарығы неғұрлым толысқан, ол бірнеше он жылдар бойы қалыптасқан.

- Сіздер қазақстандықтар арасында сақтандыру мәдениетін жоғарылатумен айналысып жатырсыздар ғой. Өз жобаларыңыз туралы айтып беріңізші...                                            

- Бізде бұл бағытта көптеген бастамалар бар, олардың соңғысы туралы айтып берейін. 2022 жылы біз сақтандыру саласында қаржылық сауаттылықты жоғарылату бойынша ауқымды акция өткіздік. Біздің қолымыздан әрбір облыстық орталықта, Қазақстанның 18 қалаларында өңірлік БАҚ-тың 230-дан астам журналисттерімен, блогерлермен, кәсіподақтармен және ірі клиенттермен іскерлік кездесулер ұйымдастыру келді. Бұл кездесулерде біз өмірді сақтандыру нарығындағы тенденциялар, проблемаларды талқыладық. Қазақстандықтар арасында сақтандыру қызметтерін танымал ету үшін және осы нарықтағы үрдістерді журналисттер халық назарына жеткізу үшін оларды ынталандыруға біз екінші жыл қатарынан іске қосып жатқан жобалардың бірі – БАҚ үшін республикалық байқау. Ал осы жылы байқау неғұрлым ауқымды түрде өтеді, біз түрлі өңірлерден 18 жеңімпаз болады деп күтеміз.                                            

- Бұрын көптеген қазақстандықтар өмірді сақтандыру полисін оның пайдасы туралы ойланбай сатып алатын. Банктер мұндай сақтандыруды кредит беру кезінде сатып алуды ұсынады. Ол қарыз алушыға тәуекелдерді қалай төмендетуге көмектесетіні туралы мысал келтіре аласыз ба...                                              

- Қарыз алушы банкке 20 млн теңгеге кредит алу үшін жүгінген кезде, мысалы ипотека алуға, оған өмірді сақтандыру полисін сатып алуды ұсынады. Көбінесе қарыз алушылар мұндай полисті қосымша банктік комиссия ретінде қабылдайды және оны сатып алуға дайын емес.

Бірақ олар тіпті полис өмірден кеткен жағдайда қарыз алушының отбасы мүшелері үшін «қаржылық қауіпсіздік жастықшасы» бола алатынын аңғармайды. Көбісі бұл туралы ойланбайды, алайда біздің өмірімізде біз алдын-ала болжай алмайтын түрлі форс-мажорлық жағдайлар туындауы мүмкін. Елестетіңіз, қарыз алушы небәрі 1 млн теңгені өтеп, аяқ астынан қаза болды, және 19 млн теңге сома өтелмеген болып қалады. Егер оның өмірді сақтандыру полисі болмаса, банк олардан 19 млн теңге мөлшерде өтелмеген соманы талап ету үшін олардың мұрагерлеріне жүгінуге толық құқылы. Көбінесе мұрагерлерде бұл сома болмауы мүмкін, және банк оны қайтару үшін сотқа жүгіне алады.

Егер мұндай қарыз алушыда өмірді сақтандыру полисі болса, сақтандыру компаниясы оның отбасына алынған кредит бойынша соманы өтейтін еді, ал бұл дегеніміз – отбасының банкке қайтару үшін ақшасы болатын еді. Жалпы біздің сақтандыру портфеліміздің белгілі бір бөлігі – банктік қарыздарды рәсімдеу кезінде алынған полистер. Сонымен қатар қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру үлесі де үлкен. Заңнама бойынша мұндай полис Қазақстанда жұмыс істейтін барлық компаниялар мен ЖК-лерде болуы керек. Егер кез-келген ұйымның қызметкері өзінің қызметкеттік міндеттерін атқару кезінде қайтыс болса, сақтандырушы оның балалары мен басқа да асырауындағыларға 18 жасқа толғанға дейін және егер балалар оқуды жалғастырса, одан әрі төлемдерді жүргізуге тиісті болады. Осы өнімнің артықшылықтарының бірі – заңнамаға сәйкес, мұндай төлемдер ресми инфляция деңгейіне индекстелетін болады. Бұл опция инфляциялық тәуекелдерді төмендетуге көмектеседі, бұл өте өзекті. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы геосаяси жағдайға байланысты елде ресми инфляция деңгейі 20,3%-ға дейін жеткен. Яғни, ӨСК-ден төлемдер мемлекеттің ең үлкен әлеуметтік блогын өтейді.

- Сол арада, соңғы 2-3 жылда өмірді жинақтаушы сақтандыру танымал болуда деп ойлаймын...                                           

- Дұрыс, бұл өнімге сұраныс біртіндеп өсіп жатыр. Полистің көмегімен өмірді сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар жинауға болады. Полисті теңгеде және валютада рәсімдеуге болады. Бұл полис бойынша төлемдерді сақтандыру шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 5 немесе 10 жылдан кейін алуға болады. Яғни, сақтандыру жағдайы болмауы да мүмкін, бірақ адам бәрібір өзінің сақтандыру төлемдерін жинақталған сыйақымен бірге алады. Сақтандыру компаниясы тіпті егер сақтандырылушы сақтандыру шартын жасағаннан кейін бір айдан кейін қаза болған жағдайда сақтандыру сомасын төлеуі мүмкін екені маңызды. Түсіндірейін, мысалы, ол 1 млн теңгеге келісім-шарт жасады және кесте бойынша ай сайын екі жыл шамасында 45 мың теңгеден аударуы тиіс болатын. Адам 90 мың теңге ғана енгізді және өмірден өтті деп болжайық, пайда алушы 1 млн теңгеден асатын соманы алады. Бірде бір адам алдыда не күтіп тұрғанын білмейді. Күтпеген аурудан немесе жазатайым оқиғадан оның балалары, жұбайы қаржылық қолдаусыз қалуы мүмкін. Ал өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін сатып ала отырып, отағасы бұл тәуекелдерді өтей алады, себебі отбасы сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде ол қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемін алады.                                            

Жинақтаушы сақтандыру полисін рәсімдегендер жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша сақтандыру сыйлықақысының жылына 320 АЕК шегінде шегерім ала алатынын білетіндер аз. Бұл артықшылықты пайдалану үшін адамға өзі жұмыс істейтін компанияның бухгалтериясына хабарласу жеткілікті. Осылайша оның номиналды жалақысы 10 пайызға жоғары болады.

Біздің компанияда табысы шамалы болып көрінетін дәрігерлер, медбикелер, мұғалімдер де осындай полисті сатып алады. Олар айына 10-20 мың теңге аударады, және өмірлерін күтпеген жағдайдан қорғап қана қоймай, ақша жинайды.

- Сіздің ӨСК-де валютада өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін алуға болады. Бұл өнім бойынша кірістілік долларлық салым бойынша мөлшерлемеден асады. Ол туралы толығырақ айтып беріңізші.                                          

 - Дұрыс айтасыз, Халық-Қазына өнімі бойынша кірістілік қазіргі кездегі долларлық депозиттерге қарағанда үш есе жоғары. Егер нарықта мұндай салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме 1%-дан аспаса, бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме жылдық 3,52%-ға дейін жетеді. Сонымен қатар, бұл мөлшерлеме 15 жылға дейін жетуі мүмкін, сақтандырудың бүткіл мерзіміне кепілдік беріледі. Банктегі бірде-бір депозит мұндай ұзақ мерзімге кепілдендірілген кірістілікті бермейді. Осылайша, мұндай полисті сатып ала отырып, біздің азаматтарымыз өздерінің валюталық тәуекелдерін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар күтпеген жағдайлардың басталу жағдайына өз өмірлерін сақтандыра алады. Валюта нарығындағы жағдайды ескере отырып, бұл өнім қазір жеткілікті өзекті. Еске салайын, сыйақымен бірге жинақталған сома сақтандырылушыға шарт мерзімі аяқталғаннан кейін төленеді. Яғни, төлем егер адамммен сақтандыру жағдайы болмаған жағдайда да төленеді.

Сондай-ақ, осы полис бойынша қаражатты сот ісін жүргізу барысында тәркілеуге болмайтыны, некені бұзу туралы істі қарау кезінде ерлі-зайыптылар арасында бөлуге болмайтыны маңызды, өйткені ресми сақтандыру сыйлықақылары ӨСК-нің меншігі болып табылады. Сонымен қатар, сақтандыру төлемдеріне табыс салығы салынбайды. Сондықтан бұл өнім біздің компанияда жоғары сұранысқа ие, негізінен оның инвестициялық опциясы есебінен.

 - Нарыққа көшейік. Сақтандырушыларға банктермен салыстырғанда қаржы реттеушісінің тарапынан анағұрлым қатаң талаптар қолданылатыны туралы айтуға бола ма? 

Иә, мысалы, сақтандыру компаниялары өз табысының көп бөлігін ұзақ мерзімді резервте ұстауы керек, өйткені біздің клиенттермен қарым-қатынасымыз ұзақ мерзімді сипатқа ие. Себебі, сақтандыру шарты кем дегенде 5 жылға жасалады.

Нәтижесінде, банктерден айырмашылығы, ӨСК ең ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылады.

- Сіздердің 2022 жылға өмірді сақтандыру нарығы бойынша болжамдарыңыз қаншалықты орындалды?

- Біз 2022 жылы нарық өсімін консервативті түрде бағаладық. Және болжам орындалды десем болады – нарық дамуының қарқыны төмендеді. Бұл өткен жылы нарықта зейнетақы аннуитеті бойынша жиналған сыйлықақылар көлемі 37,7%-ға төмендеуімен байланысты. Заңнаманың өзгеруіне байланысты, атап айтқанда: салымшыларға жинақтардың бір бөлігін жылжымайтын мүлік сатып алуға мерзімінен бұрын шешу үшін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға аудару құқығы берілді.                                            

Нарықта жалпы «өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар өсімі азғантай болды: 5,7%. Бұл үрдіс халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуімен, инфляциялық күтулердің жоғарылауымен байланысты деп есептеймін.

Сондай-ақ, нарық түзетуіне қарамастан, біз дамуды жалғастырып келеміз. Егер ҚНРДА деректеріне сүйенсек, біз 2022 жылдың қорытындылары бойынша тартылған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша нарықта көш бастап тұрмыз. Біздің осы көрсеткіш бойынша нарықтағы үлесіміз 33,2%-ға жетті. Осылайша, нарықтағы сыйлықақылардың жалпы көлемінің төмендеуі шеңберінде біздің ӨСК-нің жинақталған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі керісінші ұлғайды. Өткен жылы біз 125,3 млрд теңгеге шарттар жасадық. Сонымен қатар, біз 2022 жылы жүргізілген, төлемдер көлемі бойынша топ-3 ӨСК-ге кіреміз. Өткен жылы тәуекелдерді тиімді басқару және сауатты инвестициялық саясаттың арқасында бізге 16,1 млрд теңгеге таза пайда алу қолымыздан келді. Осылай біз ӨСК арасында осы көрсеткіш бойынша көшбасшы болдық.

Біз «өмірді сақтандыру» сыныбында да көшбасшымыз. ҚНРДА мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша біздің осы сегменттегі нарықтағы үлесіміз 39,2%-ға жетті. 2022 жылы біз 73,5 млрд теңгеге өмірді сақтандыру шарттарын жасадық.

Зейнетақы аннуитеті полисін қарастыратын болсақ, жиналған сыйлықақылар көлемі бойынша біз осы өнім бойынша ӨСК арасында екінші орындамыз. Қазір бұл көрсеткіштегі үлесіміз 28,7 пайызды құрап отыр. 2022 жылы біз осы өнім үшін жинаған сыйлықақы көлемі 34,9%-ға төмендеді, нарық одан да көп 37,7%-ға төмендеді.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша біз жасаған шарттар көлемі бойынша да көш бастап тұрмыз – біздің үлесіміз 29,7%. 2022 жылы біз сақтандырудың осы түрі бойынша 21 млрд теңгеге шаттар жасадық. Нарықтағы әрбір төртінші клиент қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау үшін біздің компанияны таңдады.

 - Қанша клиенттеріңіз бар?

- Біздің клиенттік пулымыз елеулі, қазір біздің компанияға 1 миллион 300 мыңға жуық қазақстандық сенеді. Және бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсетініне сенімдіміз. Біздің компания нарықта 17 жыл жұмыс істеп жатыр, осы уақыт ішінде біз бірнеше миллион сақтандыру шарттарын жасадық.

- Қазір барлық сақтандырушылар «цифрға» бағыт алды. Сіздер бұл бағытта қалай жұмыс істеп жатырсыздар? 

- 2022 жылы біз бұрын тек агент арқылы сатып алуға болатын бірнеше онлайн өнімдерді іске қостық. Сондай-ақ, біз Mycar.kz қоса алғанда автодилерлермен серіктестік туралы келісімге қол қойдық. Біз сондай-ақ автоматтандыру және IT-қолдау саласында белсендірек жұмыс істеуге ниеттіміз. Сондықтан біз 2023 жылды барлық бағыттар бойынша цифрлық трансформация жылы деп жарияладық. Біз сондай-ақ, ерікті жинақтаушы сақтандырудың жаңа қызықты өнімдерін дамытуға назар аударамыз.

Жақында біз нарыққа Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) аясында «Bilim-Life» жаңа өнімін ұсындық. Сөзсіз, сақтандыру нарығында бұл бірегей сақтандыру өнімі.

Оның пайда болуын еліміздегі сақтандыру саласындағы «нағыз серпіліспен» салыстыруға болады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда бірде-бір сақтандыру қызметі мемлекет тарапынан марапатталмаған.

Әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сақтандыру қоғамдастығы мен мемлекеттік институттардың белсенді жұмысының арқасында бізде Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында жаңа мақсатты сақтандыру өнімі пайда болды. Ата-ана баласының болашақта берік іргетасын қалап, оған жақсы білім беріп, сол арқылы есейген өмірге сенімді қадам басуы қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Енді кез келген қазақстандық 5% мөлшерде мемлекеттің сыйлықақысы, ал көп балалы ата-аналарға жинақтау сомасына жылына 7% көлемінде сыйлықақы көзделетін, «Bilim-Life» сақтандыру бағдарламасының арқасында, өз баласының білім алуына қаражат жинай алады.

Сонымен қатар, 2023 жылы біз халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстарын жалғастырамыз.

Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/113116/glava-khalyk-life-spros-na-nakopitel-noye-strakhovaniye-zhizni-zametno-vyrastet.html

Сурет: kapital.kz

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру