bs-preloader__icon
ru kz en

Азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау

Қазақстандағы сақтандыру нарығының серпінді өсіміне қарамастан оның республика экономикасында маңыздылығы жоғары емес. ҚР Ұлттық банкінің төраға орынбасары Құрманов Жанат «Казахстанская правда» газетінде сұхбатта халық пен бизнестің мүдделерін қорғау үшін қандай шара қолдануды жоспарлағандығы жайында айтты.
Азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау

– Жанат Бостанұлы, Қазақстанның сақтандыру нарығы жайында санмен айтып жібересіз бе?

– Сақтандыру нарығында 32 сақтандыру ұйымдары бар, соның 7-де «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиялары бар және 25-де «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиялары бар.

Соңғы 5 жылда сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 2 есе өсті, 1 қаңтар 2018 жылға 927 миллиард теңге құрады. 2017 ж. жиналған сақтандыру сыйақыларының көлемі  370 миллиард теңге құрады. Оның жартысындайы ерікті мүлікті сақтандыру, төрттен бірі ерікті жеке сақтандыру және міндетті сақтандыру.

Сақтандырудың ерікті түрлері белсенді дамып келе жатыр, соның ішінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті (АҚЖ), автокөлікті және өмірді сақтандыру. Сақтандырудың осы түрлері бойынша сақтандыру сыйақылары 2 есе өсті.

Тұрғындар арасында сақтандыру қызметіне өсім байқалады. Соңғы 5 жылда заңды тұлғалармен келісімшарт бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 2,2 есе өсті. 5 миллионнан астам заңды тұлғалармен келісімшарттар жасалған, соның ішінде 2,9 миллионы АҚЖ, көлік құралының иелерін міндетті сақтандыру бойынша, 1 миллион шамасында  – өмірді ерікті сақтандыру бойынша, 404 мың  – жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша және 183 мың   – ауырған жағдайда сақтандыру бойынша.

– Сақтандыру сыйақы көлемінің республиканың экономикалық жағдайына қатынасы әлдеқайда шағын болып келеді. Бұл жағдай сақтандыру нарығының қалай қарай өсетінін айта алады ма?

– Көрсеткіштердің серпінді өсіміне қарамастан Қазақстан экономикасында сақтандыру  нарығының маңыздылығы төмен.

Танылған нарықтың даму көрсеткіштері елдің жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) сақтандыру сыйақыларының үлесі және жан басына шыққанда сақтандыру сыйақыларының көлемі болып табылады. Қазақстанда бұл көрсеткіштер 2016 ж. 0,80% және 20 104 теңге құрады, ал, әлемде бұл 84 және 73 орындар.

Салыстыру үшін: Ресей Федерациясында ЖІӨ-дегі сақтандыру сыйақыларының үлесі  1,36%, Украинада  – 1,41%, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде  – 1,92%, дамыған елдерде  (Қытайды қоспағанда) – 2,53% және экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымының елдерінде (ЭЫДҰ) – 7,60% құрады.

Осы көрсеткіштерді есепке ала отырып,  сақтандыру нарығының экономика талаптарына сәйкес келмейтіндігі және халық пен бизнестің мүдделерін қорғайтын тиімді құрал болмағаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Алайда оның даму әлеуеті жүзеге аспаған.

Серпінді өсімнің тежеушілік себептері:

1) өмірді және азаматтар денсаулығын ерікті сақтандыру өнімдерінің жеткіліксіз дамуы, халықтың мүлкін сақтандыру және кәсіпкерлік тәуекел;

2) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша шарттар стандартталмаған, сақтандыру арқылы қорғауда клиенттің талаптарын толық орындамайды, өтелетін тәуекел жайында клиент толық хабардар емес;

3) ақпараттың жеткіліксіздігі, көрсетілетін сақтандыру қызмет сапасының төмендігі және сақтандыру өтемақысын алу мәселесіне байланысты бұрынғы жағымсыз тәжірибеден тұрғындар мен бизнестің сақтандыруға деген сенімсіздігі;

4) республиканың барлық аймақтарында сақтандыру қызметі қолжетімді емес;

5) сақтандыру компанияларының капиталдануы жеткіліксіз деңгейде, сақтандыру тәуекелдерін қабылдағанда,қызметті автоматтандырғанда, өнім мен қызметтердің сапалы дамуында олардың қаржы мүмкіндіктерін шектейді;

6) бизнес шығындарының жоғары деңгейі, соның ішінде тиімсіз қайта сақтандыру мен делдарға қомақты комиссиялық сыйақы төлегенге байланысты;

7) сақтандырушылардың өз бизнес-үдерістеріне заманауи инновациялар мен сандық технологияны жеткіліксіз деңгейде енгізуі.

Жаhандану мен ЕЭО аясында интеграциялық үдерістер жағдайында экономика, халық пен бизнес мүдделеріне сай келетін қаржылай тұрақты және бәсекеге қабілетті ұлттық сақтандыру индустриясын құру керек. Республикамыздың ДСҰ қосылуы шетел нарықтарына кіруімізге мүмкіндік береді,  ал, ірі шетел компанияларына ұлттық нарыққа кіруге мүмкіндік береді. 2020 жылы шетел компаниялар филиалдарының нарығына кіру үшін сақтандыру секторы қолжетімді болады.

Қазіргі кезде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы Парламент Мәжілісімен қарастырылуда. Заң жобасының қажеттілігіне не себепші және оның негізгі новациялары қандай?

– Заң негізгі төрт міндетті орындайды – сақтандыру нарығының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, сақтандыру қызметінің жергілікті қолжетімділігінің өсімі, сақтандыру бағасының төмендеуі және сапаның артуы, сонымен қатар сақтандыру қызметіндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

Электрон нұсқада сақтандыру полистерін енгізу, интернет-ресурстар арқылы сақтандыру қызметін жасау қарастырылған. Операциялық шығындардың төмендеуі, сақтандыру агенттерінің қызметінен шығарылуы арқасында тұрғындар мен бизнеске сақтандыру өнімінің бағасы төмендейді. Сақтандыру компаниялары электрондық қызметтерді  (полистерді сатудан бастап сақтандыру төлемақыларының төлеуін ұйымдастыруға дейін) сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша енгізе алады.

Туристік салада қазақстан туристерінің денсаулығын және өмірін сақтандыру жоғарылайды. Туристік фирмалардың жауапкершілігін сақтандырудан қазақстан туристін сақтандыруға көшу заң жобасында қарастырылған. Сыртқа шығу туризмі саласында ЭЫДҰ елдерінің сақтандыру бойынша халықаралық тәжірибесі ескерілген.

Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, қолданыстағы заңнама жүктелген сақтандырумен толықтырылады.

Жүктелген сақтандыру аясында сақтандырудың міндетті түрлері бойынша жеке заңдар қабылдау қажет емес. Сақтандырудың минималдық (типтік) жағдайлары заңнамамен регламенттеледі, ал, толық шарттар қызмет ерекшелігі мен клиент мүдделерін есепке ала отырып, тараптар келісімімен анықталады.

Сақтандыру қызметінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша заңнамамен шаралар кешені қарастырылған. Сақтандыру төлемақыларының кепілдік жүйесі аясында сақтандырудың әлеуметтік негіздері бойынша азаматтарды қорғау тетігі қарастырылған. Дауларды сотқа дейін реттеу мақсатында сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша сақтандыру омбудсменінің саласы кеңейтілген. Сақтандыру келісімшарттарының эталон базасы ретінде сақтандыру бойынша деректердің бірыңғай сақтандыру базасын (ДБСБ) дамыту және сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылған.

Қарастырылып жатқан заң жоба сақтандыру саласында төмен деңгейлі цифровизацияның мәселесін шешеді ме? Қазақстандықтарға сақтандыру қызметтері онлайн режимінде қашан қолжетімді болады?

– «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономикада заманауи сандық технологияларды енгізу қарастырылған. Сандық технологияның дамуында негізгі факттердің бірі –интернеттің қолжетімділігі.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Комитет деректері бойынша бүгінгі күнде халықтың  3⁄4 бөлігі Интернет қолданушылар болып табылады. Алайда дамыған елдермен салыстырғанда 10% аз Интернет қолданушыларымыз тауарлар мен қызметтерді онлайн алады.

Электрондық сауданың Қазақстан нарығындағы өсу әлеуеті  өте үлкен, ол әзірше жекелеген сауданың жалпы көлемінің 1% құрайды. Соңғы жылдары мобильдік байланыс пен интернет-банкингті қолданатын заңды тұлғалардың төлем нарығының өсімі байқалады  (2015 жылмен салыстырғанда 2016 ж. көлемнің 2,3 есе өсуі ).

Сақтандырудың онлайн дамуы сақтандыру компанияларының барлық бизнес-үдерістеріне IT-технологияларды енгізуге әкеледі. Олар: е-полисті жасау, төлем жүйелері арқылы сақтандыру сыйақыларын төлеу,электрондық нұсқада  қолданыстағы келісімшартты растау,  24⁄7⁄365 режимінде клиентпен кері байланыс, деректерге жедел қолжетімділік және тәуекелдерді бағалау.

Қызметтердің толық циклі шеңберінде клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету қарастырылады. Олар: сақтандыру келісімшартын қайта рәсімдеу (бұзу), сақтандыру жағдайы жайында хабарлама, келтірілген залалдың мөлшерін анықтау бойынша процедураларды ұйымдастыру, сақтандыру төлемақысын алу үшін өтінішті және құжаттарды жіберу, сақтандырушының сайтында сақтандырушының «жеке кабинеті» арқылы төлемді бақылау.

Сақтандырушы компаниялардың автоматтандыруына, интернет-ресурстарына, жеке деректердің қорғалуына, кибер қауіпсіздікке және процесстің барлық қатысушылары арасында электрондық ақпаратпен алмасу тәртібіне талаптар қарастырылады.

Сонымен қатар онлайн-сақтандыру бұл клиенттердің қашықтағы идентификациясын жүзеге асыру. Ол БҚБЖ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен бірігуін қажет етеді.

Заң қабылданғаннан кейін электрондық сақтандыруды енгізу 1 қаңтар 2019 жылы жоспарланған. Онлайн-сақтандыру сақтандыру саласында цифровизацияның деңгейін, оның бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Қаржы қызметтеріне халықтың қашықтықтан қатынасуын қамтамасыз етеді.

Операциялық шығындардың және делдалдық қызметтердің төленуіне байланысты шығындардың төмендеуінен  электрондық полистердің бағасы төмендейді. Егер сақтандырушы электрондық полисті сатып алса, онда сақтандыру компаниясы сақтандырушыға 10% жеңілдік бере алады.

KPMG-нің жаhандық есептемесіне (The Pulse of Fintech: Q2 2017) сәйкес сандық технологиялар мен финтех-эко жүйелерді енгізу сақтандыру нарығының басқа қаржы қызметтерінің секторларынан артта қалмауына мүмкіндік береді.

– Интернет арқылы жіберілген сақтандырушылардың деректерін қорғау жүйесі сенімді болады ма?

– Ұлттық банк сақтандырушы компаниялардың бағдарламалық-техникалық құралдарға, интернет-ресурстерге талаптарды жетілдіріп жатыр.  Олар сақтандырушы мен сақтанушы арасында ақпараттық деректермен алмасуды және сақтандырудың электрондық келісімшартын жасауды қамтамасыз етеді. Осы шаралар ақпараттық қауіпсіздік пен клиенттердің жеке деректерін қорғауға бағытталған.

Онлайн-сақтандыру БҚБЖ-де сақтанушы (сақтандырушы) туралы мәліметтерді қашықтықтан өңдеуді, БҚБЖ мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер, дерекқорлар (олардың бірігуінен кейін)арасында ақпарат алмасуды, сақтандыру сыйақысының автоматты есебін, бірегей нөмірді алумен БҚБЖ-де сақтандыру келісімшартының тіркелуін және сақтандыру полисінің бірегей нөмірін және басқа мәліметтерді көрсете отырып, сақтанушыға электрондық растаманың (мысалы, ұялы телефонға және/немесе «жеке кабинетке»)жіберілуін қарастырады.

– Осы заң жоба қазақстан туристерінің мүдделерін қалай қорғайды және туристік жолдаманың бағасына әсер етеді ме?

- Қолданыстағы заңнама бойынша туристік операторлар мен туристік агенттер туристердің алдында жауапкершіліктерін сақтандырады. Туристік оператор немесе туристік агенттің кінәсынан турист зардап шексе, онда сақтандыру компаниясы оған төлем жүргізеді деп ұйғарылған. Алайда бірнеше себептермен бұл жүйе туристі толық қорғай алмайды .

Мысалы, шетелде сақтандыру жағдайы болған кезде турист қажетті қызмет ала алмайды. Ол сот шешімінің негізінде сақтандыру төлемақысын тек келген кезде ғана алады.  Яғни турист сапарда қорғалмаған.

Заңнамада сақтандыру тәуекелдері анық көрсетілмеген сондықтан шетелге барар алдында туристтің сақтандыру туралы түсінігі болмайды. Сонда зардап шеккен туристердің мүдделерін қорғау үшін сақтандыру өтелімінің шектелген сомасы қалады . Туристік оператордың жауапкершілік деңгейі 10 000 АЕК (24 миллион теңге) құрайды, мысалы, «Гульнар Тур» ЖШС банкротқа ұшырағанынан туристерге келтірілген залал сомасы 400 миллион теңгеден жоғары.

Шетелге шығатын туристтің мүдделерін міндетті сақтандыру заңнамамен қарастырылған. Міндетті сақтандыру бағдарламасының бір бөлімі бойынша туристті сақтандыруды сыртқа шығу туризмінің туристік операторлары орындайды және ол баратын елге, сапар күндерінің санына байланысты болады. Туристті міндетті сақтандыру бойынша ұсынылатын бағдарламалар халықаралық өнімдерге сәйкес келеді  және оларға жазатайым оқиға, шұғыл/жедел жәрдем, репатриация сияқты туристтің өміріне, денсаулығына зиян келтіруге байланысты базалық әлеуметтік тәуекелдер жатады. Қазақстандық турист міндетті сақтандыру келісімшартында сақтандырылған тұлға болады.

Казақстандық туристік операторлардың қызметін алған бір де бір турист сақтандырусыз қалмайды. Көпшілікке ортақ болғаннан сақтандырудың бағасы (күніне бір АҚШ доллары шамасында) қолжетімді болады және туристік пакетке жатады.

Сыртқа шығу туризмінде барлық туристік операторлар үшін сақтандыру бағасы бірдей болмайды. Ол туристік оператормен шетелге жіберілетін туристердің санына, сапар ұзақтығына, баратын елге және жолда кездесетін нақты тәуекелдерге байланысты болады. Сақтандыру бағдарламалары бойынша әр туристке сақтандырушының жауапкершілік деңгейі  10 мыңнан 50 мың долларға дейін құрайды.Ол сақтандыруды қажет ететін мемлекеттердің талаптарына сәйкес келеді .

Шетелде сақтандыру жағдайы болған кезде қазақстандық турист көмек ала алады, соның ішінде  сақтандырушы ассистанс-компаниясының тәуліктік қолдауы. Сақтандыру арқылы қорғау туристтің шетелде болған кезінде әрекет етеді. Алғашқы сақтандыру жағдайының болуы сақтандыру шарты күшінің тоқтатылғанын білдірмейді .

Турист қаласа, қосымша қорғауды да қарастыруға болады. Мысалы, сапарын өзгерту жағдайында, төлқұжат немесе багаждың жоғалуы, сақтандыру өтелімінің жоғары деңгейі.  Бірақ ол жағдайда ерікті сақтандырудың полисін жеке сатып алады.

– Сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесінде қандай өзгерістері болады?

– 2003 жылдан бастап Қазақстанда сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесі жұмыс істеп жатыр. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры »АҚ сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп жабылғанда сақтандырушыларға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру бойынша жалғыз бейкоммерциялық ұйым болып табылады . Қордың құрылтайшысы  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болған. Қазіргі кезде қордың қатысушылары мен акционерлері  - 22 сақтандыру ұйымдары.

Сақтандырудың кепілді түрлеріне азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен міндетті сақтандыру түрлері –көлік құралының иелері, жолаушыларды тасушы, туристік оператор және туристік агент жатады. Қолданыстағы жүйеге әзірше сақтандырудың кепілді түрлерінің шектелген тізбесі кіреді. Кепілдік беру қорлары мен қор акционерлерінің құралдары арасында шектеу жоқ, соның ішінде инвестициялық кірістерді есепке алғанда.

Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жинақтаушы сақтандырудың әлеуметтік түрлері (атап айтқанда, зейнет аннуитетінің келісімшарттары және жазатайым оқиғадан қызметкерді міндетті сақтандыру бойынша келісімшарттар) бойынша қор кепілдіктерін енгізу заңнамамен қарастырылған. Сақтандыру компаниясы жабылған жағдайда қор аннуитет төлемдерінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Сақтандыру компаниялары жарналарының есебінен қалыптасқан актив пен акционерлердің төлемінен қалыптасқан активтің есебін жеке жүргізу заңнамамен қарастырылған . Осы және басқа шаралар кепілдік беру жүйесінің  қаржы тұрақтылығына, сақтандырушыларды қорғауға, сақтандыру компаниясы мәжбүрленіп жабылған жағдайда әлеуметтік қауырттылықтың төмендеуіне және халықтың сақтандыру индустриясына сенімділігін арттыруға бағытталған.

–Ұлттық банктің Қазақстанға енгізгісі келетін «Жүктелген сақтандыруды» қалай түсінуге болады? Оның міндетті сақтандырудан айырмашылығы қандай?

– Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жүктелген сақтандырудың енгізуін қарастыратын міндетті сақтандырудың әрі қарай дамуы заңнамамен қарастырылған.

Дәстүрлік міндетті сақтандырудан жүктелген сақтандыруға ауысуды көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсетеді. Мысалы, Францияда міндетті сақтандырудың 120 аса түрлері бар, оның 4 ғана Сақтандыру кодексімен яғни жеке заңнамалық акт бойынша реттеледі .

Жүктелген сақтандыру кезінде сақтандыру келісімшарты мен оның шарттарының болуы жөнінде талаптар заңнамалық актпен бекітіледі. Сақтандырудың толық шарттары арнайы заңмен емес, сақтандыру келісімшартымен немесе сақтандыру ережелерімен анықталады. Мысалы, жүктелген сақтандыру қағидасы бойынша заңгерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі  жөнінде міндетті сақтандыруы енгізілсе, онда ҚР «Заңгерлік қызмет» Заңында заңгердің сақтандыру келісімшартын жасау туралы талабы, сақтандыру жағдайлары және минималды сақтандыру сомасы қарастырылу керек. Қалған шарттар тараптардың келісімімен анықталады.

Жүктелген сақтандыруды енгізу сақтандыру келісімшартының тараптарына клиенттің мүдделеріне сай келетін сақтандырудың икемді шарттарын қарастыруға мүмкіндік береді. Ол сапаның жоғарылауына және сақтандыру өнімдерінің қолжетімділігіне әкеледі.

Өмірді ерікті сақтандыру бойынша халықты сақтандыру өнімдерін сатып алуға ынталандыру жоспарда бар ма?

– Өмірді сақтандырудың жинақтаушы өнімдерін дамытудың бір түрі  - ұзақ мерзім ақшаны жинау мен өмірді сақтандырудың қолайлы режимін қарастыратын салық нормалары.  Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей ол өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы өнімдері үшін сақтандыру төлемдеріне салықтың салынбауын қарастырады.

Ол ерікті сақтандыру құралдарын қолдану арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қолдануға, халықтың жиналған ақшасының деңгейін өсіруге, ұзақ мерзімді экономиканы қаржыландырудың қосымша көзін жасауға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыруды ынталандыру бойынша тиісті нормалар Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде қарастырылған.

– Сақтандыру омбудсменінің қызметіне заңнама қандай өзгерістер әкеледі?

– Сақтандыру омбудсмен институты 2008 жылы енгізілді  және сақтандыру нарығының қатысушылары арасында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеуде тиімділігін көрсетті. Сақтандырудың басқа түрлері бойынша дауларды реттеу тек тараптардың келісімімен орындалады.

Сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша дауларды реттеуде сақтандыру омбудсменінің өкілеттілігін кеңейту заңнамамен қарастырылған. Келіспеушіліктер бойынша мәлімделген талаптардың сомасы 10 000 АЕК жоғары болмаған жағдайда, сақтандыру омбудсменіне заңды тұлғалар мен шағын кәсіпкерліктің субъекттері жүгіне алады. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру аясында даулар бойынша басқа заңды тұлғалардың омбудсменге жүгінуге құқығы бар.

Ол клиенттің сотқа жүгінбей сотқа дейінгі тәртіпте сақтандыру төлемдерін жүргізу үдерісін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Сұхбаттасқан Михаил Максимов

Дереккөз: http://www.kazpravda.kz/articles/view/na-zashchite-interesov-grazhdan-i-biznesa/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Депозиттерге балама ретінде «Золото номадов» бағдарламасы
Депозиттерге балама ретінде «Золото номадов» бағдарламасы

Бүгін Rixos Hotel Almaty қонақүйінде «Сбербанк» АҚ ЕБ ...

Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы
Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың негізгі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру