bs-preloader__icon
ru kz en

Еуропадағы жинақтаушы сақтандыру: 10 отбасының 9-ы сақтандырылған

Жиі бір адамда әртүрлі қорғау жүйелері мен жинақ бағдарламалары бар 2-3 полисі болады. Еуропадағы төлемдердің жалпы көлемінің 70% -ы Германияға, Ұлыбританияға, Францияға және Италияға тиесілі - бұл айырықша дамыған сақтандыру құрылымы бар мемлекеттер.
Еуропадағы жинақтаушы сақтандыру: 10 отбасының 9-ы сақтандырылған

Сақтандыру сыйлықақыларына айлық жалақысының төрттен бір бөлігін жұмсайтын еуропалықтар былай санайды: «Өмірдің бағасы жоқ болса да, бұл факт өмір бағалауды қажет етпейді дегенді білдірмейді». Отбасылардың бірнеше сақтандыру келісімшартын жасасуы кездеседі. Егер адамда өмірін сақтандыру полисі болмаса, ол банкрот деп саналады. Өйткені, Еуропада өмірді сақтандыру тек қайтыс болған жағдайда туыстарын қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ қарттыққа ақша үнемдеу тәсілі болып табылады.

Қазіргі әлемде еуропалық тұлғаға жинақтаушы сақтандыру шарты – қаржы кепілдігі ғана емес, сонымен қатар ақшаны үнемдеу тәсілі, зейнетақыға капитал жасау мүмкіндігі. Сондықтан, жинақтаушы сақтандырудың үлесі 90%, ал 10% - тәуекелді.

Еуропаның қаржы жағынан эрудитті тұрғындары оны банк депозиттерінен артық көреді, өйткені жинақтаушы сақтандыру тиімдірек.

Еуропалық заңнама сақтандыру компанияларына тек ірі банктердің шоттарына және ірі кәсіпорындардың акцияларына ақша салуға рұқсат береді. Салымдар үшін жауапкершілікті халықаралық қайта сақтандыру компанияларының кепілдігі бар сақтандыру ұйымы көтереді.

Демек, сенімдірек қауіпсіздікте, олар, банктің депозиттері ұсынатынынан кем емес, капитал ұлғайтуға мүмкіндік алады.

Бельгияда, Германияда және Францияда мемлекет халықты зейнетақыны жинақтауда қолдайды, бірақ онда да осы жинақтарда мемлекеттің қатысуын тоқтату үрдісі байқалады. Халықтың кедей бөлігіне көмектесуге тырысқан мемлекеттер, еңбекке қабілетті азаматтар өздерінің зейнетақы капиталын қамтамасыз етуге өдері міндетті деп сенеді.

Жинақтаушы сақтандыру банктік салымнан өте ерекшеленбейді. Бұл жағдайда сақтандыру келісімшарты, әдетте, 20 жылдан кем емес ұзақ уақытқа жасалады. Сондай-ақ, сақтандыруды белгілі бір жасқа дейін рәсімдеуге болады. Жинақ сомасы салынған ақша мен жинақталған пайыздық мөлшерлемені білдіреді. Сақтандыру шартында белгіленген уақыт басталған кезде сақтандырылған адам бірден бар ақшаны, немесе зейнетақыға қосымша ретінде, ақшаны бөлiп-бөлiп ала алады. Клиент қайтыс болған жағдайда, оның барлық қаражатын оның туыстары алады.

Жинақтаушы сақтандыру полисінің артықшылықтары:

- асыраушысынан айырылған жағдайда туыстарына қаржылық қолдау көрсету;

- кәрілікке қомақты ақша сомасын жинақтау;

- ұзақ уақыт кезеңі ішінде салым бойынша пайыздардың айтарлықтай сомаға айналуы;

- зейнетақы сақтандыруды рәсімдеудің қажеті жоқтығы.

  Сіз жинақтаушы сақтандыру бойынша шарт жасасуға жоспарлап отырсаңыз, таңдалған сақтандыру компанияның қызметі қаншалықты табысты екенін анықтаңыз, өйткені, осыған, жинақтаушы сақтандыру полистері бойынша сыйақы сомасы, байланысты болады.

Сақтандыру шартын жасамас бұрын қажет:

1) Сақтандыру полисі аяқталғаннан кейін қанша ақша алғыңыз келетінін ойланыңыз. Әдетте Еуропада бұл сома, зейнетақыға қалаған жоспарланған қосымша мөлшеріне қарай анықталады.

2) Сақтандыру төлемдерін алу механизмінің қайсысы сіз үшін неғұрлым қолайлы екенін шешу: бір төлеммен немесе ай сайынғы белгіленген сома.

3) Төлем жасау үшін қолайлы нұсқаны таңдаңыз: ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет және т.с.с.

Еуропада жинақтаушы сақтандыру қарттықта қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан дамыған елдердің тұрғындары оны қартайған кездерде қаржылық қиындықтардан қорғау мақсатында таңдайды. Бұл таңдаудың негізі:

- жинақтаушы сақтандыру бірқатар функцияларды орындайды - бұл ұзақ мерзімді инвестиция, зейнетақылық сақтандыру және асыраушыдан айырылуға байланысты туыстарына сақтандыру төлемдерінің кепілі;

- шағын айлық жарналар есебінен зейнеткерлікке шыққан кезде қомақты соманы алу;

- тәуекелдердің жоқтығы, өйткені сақтандыру компаниялары келісілген ақша сомасын төлеуді кепілдендіреді, ал сақтандырушының сәтті немесе сәтсіз инвестициялары тек қана есептелген сыйақыға әсер етеді.

Статистика Еуропада өмірді сақтандырудың табысты дамуын растайды. Осылайша, неміс сақтандырушылар қауымдастығы жариялаған, "Die deutsche Lebensversicherung in Zahlen 2017" басылымының мәліметтері бойынша (2017 жылы Германияда өмірді сақтандыру бойынша деректер), 2016 жылы неміс өмірді сақтандыру компаниялары өз клиенттерінің қаражаты есебінен жасалған инвестициялар көлемі жағынан 1 трлн еуро көрсеткішінен асып түсті.

Бұл инвестициялық портфельдің 4,3% өсуінде - 923 млрд. еуроға дейін (өткен жылы: 885 млрд. еуро) көрінді. Бұдан басқа, инвестициялық кірістердің кепілдіксіз өмірді инвестициялық сақтандыруға 102 млрд. еуро инвестицияланды (unit-linked)  (өткен жылы: 96 млрд. Еуро + 5,9% өсті).

2016 жылы өмірді сақтандырушылармен және зейнетақы қорларымен 89,3 миллион келісімшарт жасалды. Зейнетақылық сақтандыру үлесі осы соманың айтарлықтай бөлігін құрайды және шамамен 40 миллион шарт болады. «Бұл сақтандыру саласы қосымша зейнетақылық қамтамасыз етуінің кеңеюіне үлкен үлес қосатынын көрсетеді», - дейді Неміс сақтандырушылар одағының өкілі.

Өмірді сақтандырушылар мен зейнетақы қорларының алатын инвестициялық кірісі 2016 жылы (90,8 млрд. Еуро) өте жоғары деңгейде қалды. Біржолғы сыйлықақылар жалпы соманың 26,4 млрд еуросын құрады. Жүйелі сыйлықақылар біршама төмендеді - 0,3%. Сақтанушыларға төленген пайыздар 7,1% -ға 88,9 млрд. еуроға дейін өсті. Мұның бәрі неміс өмірді сақтандырушыларға 2016 жылы өз клиенттеріне күн сайын 244 миллион еуродан артық қаржы табуға мүмкіндік берді.

Дереккөз: http://invest-insurance.ru/nakopitelnoe-strahovanie-v-evrope/

http://incead.com/articles/the-subtleties-of-the-market/strakhovanie_zhizni_v_evrope/

http://insurancebiz.org/discuss/analysis/detail.php?ID=7220

Фото fb.ru сайтынан

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады

Ағымдағы жылдың тоғыз айында интернет-алаяқты...

Неліктен өмірді ипотекалық сақтандыру тиімді
Неліктен өмірді ипотекалық сақтандыру тиімді

Ипотекалық сақтандыру - тұрғын үй сатып алу үш...

Банкроттықтан сақтандыру
Банкроттықтан сақтандыру

Мемлекеттер қаржыңды қалай қорғауға болады, ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру