bs-preloader__icon
ru kz en

Пауль Фогт: Қазақстанның сақтандыру жүйесіне дұрыс негіз салуға мүмкіндігі бар

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың кез келген үлгісінің нәтижесіне қол жеткізу үшін нақты көрсеткіштер қою өте маңызды. ынтымақтастық туралы ұсыныстармен Астанаға келген, EurAsiaHeart (Швейцария) мен СEO SwissinternationalMedicalGroup медициналық қорының президенті, кардиохирург, профессор Пауль Фогт, оның елінде жалпы медициналық сақтандыру жүйесі қандай қиын жағдайда екендігін, медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау нәтижелі тетігін іске асыру және денсаулық сақтауға кететін шығынның өсуін бақылап отырудың қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты, Zakon.kz. ұсынады
Пауль Фогт: Қазақстанның сақтандыру жүйесіне дұрыс негіз салуға мүмкіндігі бар

- Швейцарияда медициналық сақтандыру қалай жұмыс жасайды? Және ол тұрғылықты халықтың сұранысын медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қаншалықты қанағаттандырады?

- Швейцариялық денсаулық сақтау міндетті медициналық сақтандыруға негізделген. 1996 жылдан бастап елдің әрбір азаматы жас ерекшелігіне,  әлеуметтік мәртебесіне және азаматтығына қарамастан, міндетті медициналық сақтандыру полисіне ие болуы қажет. Негізгі полюс сырқаттанған жағдайда қажет барлық медициналық қызметтерді қамтиды. Одан басқа сырқаттық кассалар өз еркімен медициналық сақтандыру қызметтерін көрсетеді, оның шегінде сырқаттанушылар массаж, акупунктура, гомеопатия, психолог қабылдауы, санаториялық емшара және т.б.қосымша медициналық қызметтер ала алады. Сонымен қатар, премиум-полис сатып алып, ауруханаға жату кезіндегі ыңғайлылықты ( мысалы, госпиталда жеке палата ) арттыру, сонымен қатар емдеуші дәрігерлер мен емханаларды шектелмеген еркін таңдауына ие бола алады.  Бұның бәрі керемет!

Енді тәжірибеде не болатынын қараңыз. Медициналық қызметтерді пайдаланушы сақтандыру сыйақысын төлеу арқылы, тіпті кейде сақтандыру кепілдіктер шегінен шыға отырып, оны толықтай қолдануға тырысады. Денсаулығындағы елеусіз жағдайлар туындаған жағдайда емделуші дереу ең үлкен және ең жақсы емханаға барады, өзін кеңейтілген қымбат тексеруден өткізеді, өйткені сақтандыру қорына қарай оны бұған толық мүмкіндігі бар.  Тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру барысында сақтандыру сыйақыларының көлемі, өз кезегінде үздіксіз өсуде. Өкінішке орай, тұрғылықты халықтың кейбір топтары үшін сақтандыру төлемдері отбасылық бюджетке қауіп төндіретіндей дағдарыстық деңгейге жетті, және жақын арада кейбіреулер мүлдем медициналық сақтандыруға қол жеткізе алмайды, сондықтан бұл шығындарды ауқатсыздарға сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті мемлекет өтейді.

Бейнелі түрде айтқанда, біздің сақтандыру медицинамызды адамдар өздері қызметті таңдап, ақшаны шексіз жоятын және онда тұтынуға бақылау жоқ: ешкім көрсетілген қызметтің сапасын, оны көрсету қажеттілігін және ол қаншалықты бағасына сәйкестігін бағалай алмайтын, тағайындау дұрыстығын тексере алмайтын үлкен сауда орталығымен салыстыруға болады.

Сақтандыру сыйақысының үздіксіз артуы қоғамда жеткілікті шиеленіскен ахуалды тудырады және  оған жауап ретінде денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті бақылауға ала отырып, шығындарды азайтатын кейбір тетіктерді табуға тырысады.  

- Швейцарияда медициналық сақтандыру орташа көлеммен қанша тұрады?

- Бір адамға айына 200 – ден 1000 долларға дейін. Төлемдердің жартысы сақтандыру сыйақысының көлемінен, келесі бөлігі тұрғылықты халық төлейтін салықтардан жабылады. Негізгі полюстер бағасы мемлекетпен реттеледі және азаматтардың табыстарына тәуелді емес, бірақ таңдалған сақтандыру түріне, сақтандырушы жынысы мен жас мөлшеріне байланысты, сонымен қатар оның тұрғылықты жеріне ( қалаларда ол жоғары, өйткені ірі тұрғылықты аймақтарда дәрігерлер қызметі қымбатырақ, ал адамдар ауылдық жерлерге қарағанда жиі сырқаттанады ).

- Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарды жүгендеу үшін қандай шаралар қолдануға болады? Өйткені дәстүрлі түрде швейцариялық медицина әлемде сапасы мен қызметтер бағасы бойынша  ілгері орында тұр.

- Швейцариядағы медицина сапасы шындығында әлемде ең жоғары сапалы және бізде жүрек – қан тамыр аурулары бойынша ең төмен деңгейлі өлім – жітім, сонымен қоса, медицина сапасының арқасында Швейцария өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде екінші орында тұр (  Япониядан кейін ). Медициналық қызмет көрсету қымбаттылығы мен шығындардың көптігіне келсек, Швейцария өте қымбат және әлем бойынша Құрама Штаттарынан кейінгі екінші орында тұр. Соған қарамастан АҚШ - ғы өмір сүру ұзақтығы 6 жылға қысқарақ. Бірақ Швейцариядағы ең қымбат өнім медицина екендігіне қарамастан, емделушілер дәрігерлер жұмысының нәтижесіне толықтай қанағаттанған.

Бірақ жыл өткен сайын саладағы шығындардың тоқтаусыз өсімін қадағалау өте қиын. Жүйе соншаықты қиындап, «ойынға» саясаткерлер кірісуде: олар «шұраны бұрауға», көрсетілген қызметтер көлемі мен бағасын тұрақтауды реттеуге тырысуда. Бырақ, шындығында бұл өте қиын тапсырма, немесе біруақытта мұндай 20 дана «шұралар» қажет болады.

Шынында, медицина саласының қымбаттауы өзге елдерде де алаңдаушылық туғызуда, соның ішінде қаражаттандырудың бюджеттік жүйесі, мысалға, Англиядағыдай. Олар осыған ұқсас жағдайда бастап кешіруде, тіпті бұдан да қиын жағдайда десек те болады. Ағылшындар медициналық көмек алу үшін әдейі құрылған ұзын күту парақтарына шыдай алмайды да, шет елдерге қандай болмасын ем алу үшін барады. Дегенмен, қартайға шаққа дейінгі кепілденген денсаулықты сақтау қарастырылған өте қымбат жеке емханалар бар. Біздің бастамашылықпен жеке зерттеу бойынша компания құрылған және біз әлемде сақтандыру жүйесін жақсарту бойынша өз бағдарламамызды ұсындық, ол парламентте жоғары қолдауды иеленді және біздің ұсыныстар ақырындап енгізілуде.

Бірақ үйді жаңадан салғаннан, қайта құру қашанда қиынырақ. Сондықтан ең маңыздысы ең басында сақтандыру жүйесінің негізін дұрыс қалау, ал Қазақстанда бұл мүмкіндік бар.  Сақтандыру медицинасының сапасы мен қол жетімділігін анықтайтын көптеген факторлар бар. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың кез келген үлгісінің нәтижесіне қол жеткізу үшін нақты көрсеткіштер қою өте маңызды: не үшін ақша төлейсін және қандай нәтиже алу қажет.  

Біздің елдегі сәтсіздеу шығындарды оңтайландырудың мысалын келтірейін. Үкімет қашанда ақшаны үнемдеуге тырысады және түрлі реттеулер енгізеді. Бұл өз кезегінде жеке дәрігерлік тәжірибелердің жабылуына әкелді, бұл шағын қалалар мен қашықтағы ауылдық жерлерде тұратын тұрғылықты халық үшін өте ауыр тиді. Ірі қалалық емханаларға жүгіну емделуші үшін де, мемлекет үшін де қолайсыз және қымбат. Емделуші мен оның отбасын ұзақ жылдар бойы қарайтын үй дәрігерінің қызмет көрсету нәтижелілігі жоғары және сапалы.

Біз «үй дәрігерінің» институтын бұзуға аз қалдық, бірақ дәл уақытында тоқтадық, өйткені мұндай үнемшілдіктің пайдасынан зияны көп екендігі анықталды. Қазір қайта белсенді түрде бұл үлгі дамуда. Мұндай мамандарды даярлау ресурстарды қажет етеді, мемлекеттің көмегінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, үй дәрігерінің кәсібін қызығарлықтай ету үшін тұрғын үй, жоғары жалақы және басқа да жағдайлар түріндегі әлеуметтік пакеттер болуы қажет.

Батыс – европалық елдерде медициналық сақтандырудың барлық жүйесін түсінікті қаржылық шекке енгізу көзделген және бақылаушы органдар құрылуда. Бірақ медициналық сектордағы шығындар тек медицинаға ғана емес,  мұнда IT-технологиялар, софт-бағдарламалар, орындарды жалға алу, коммуналды шығындар, қызметкерлерге қызмет көрсету және т.б. Бір жағынан біз шығындарды азайтуға тырысудамыз, екінші жағынан – құрылымды бақылайтын қосымшаны құру арқылы арттыратын тағы да бір механизм ойлап табудамыз. Соңында барлық медициналық көмек қаржыландырудың 20% - ын, ал қалған бюджеттің 80% - ын басқалары жұтуда. Төңкерілген пирамида эффектісі.  Дәлірек айтсақ, қосымша шығындарды шекте ұстап, ал медицинаны шектемеу қажет.

Саладағы шығындар көлемінің өсу темпін айтсақ, онда келесі салыстыруларды келтіруге болады. Швейцариядағы өмір сүру минимумы жылына 3% - ға өседі, денсаулыққа кететін шығындар – 2 есеге арттады. Әлемде 8,3 млн адам өмір сүреді, барлық денсаулық сақтау жүйесі 75 миллиард швейцариялық франк жұмсайды. Қазақстанда 18,5 млн тұрғынға 5-7 млрд доллар қаржы бөлінеді, немесе мемлекеттен 3,5%. Бізде әр адамның денсаулықты сақтауына орташа есеппен 10 000 швейцариялық франктен келеді.

- Маркетингте тауар немесе қызметтің сапасы мен бағасының арақатынасы принципі негізгі болып табылады. Қаншалықты бұл принцип медицина саласында сәтті іске асады?

- Медицина саласында сапаны бақылау өте маңызды екендігін мойындау керек, өйткені ол тікелей шығындармен байланысты. Сәйкесінше сапаны бақылау жүйесі Швейцариядағыдай «үй дәрігерлерін» емес, дұрыс емес әрекеттер болашақта ауқымды шығындарды туғызатын жедел араласу, күрделі азинвазивті және интервенциялық қимылдар болып жатқан одан да күрделі бөлігін қадағалау қажет. Таңғаларлық сәт, батыс – европалық елдер, Швейцария медициналық тәжірибесінде медициналық қызметер сапасын бақылаудың қажетті жүйесі жоқ.

Бақылауды дәрігерлер, маманданған бірлестіктер жүргізу қажет деп болжанады. Үкімет сапаны бақылау үрдісін орната алмайды. Мысалға, менің байланысқан салам, бұл - кардиохирургия. Бұл жерде сапаны бақылау ауқымды рөлді атқаруы мүмкін. Әрине дәрігерлер оларды бақылағанды және олардың жұмысын «ақтарғанды» қаламайды. Бірақ, емхана жұмысын бақылайтын, нәтижелерді қадағалап отыратын сарапшылар тобы құрылу қажет. Жүрек – қан тамырлар аурулар саласын бақылау үшін бақылаудың 5 құрамдас бөліктері жеткілікті: кім өлді; қанша өлді; инфекцияны кім таратты, немесе ол неден пайда болды; жедел араласу кезінде қанша емделушіде инфаркт болды ( кейде ол жедел араласудан және оның алдындағы қимылдардан пайда болады ); емделушілердің қаншасында неврологиялық ауытқу бар, және бір мәселе бойынша қайта жедел араласуға қанша емделушілер келді.

Келесі маңызды мәселе – жедел араласуға, немесеөзге де медициналық әрекеттерге немесе терапияға қатысты қарсы көрсетілімдер бар ма, соны анықтау қажет. Алдымен осы аспекттердің біріне бақылау орнатқан жөн, өйткені нәтижесі көп күттірмейтіні анық. Кейін келесі бөлікке көшу қажет.

Сақтандыру жүйесінің нәтижелілігіне келсек,– төлемдерді кімнің төлейтіні маңызды емес, медициналық қызмет төленуі қажет. Сақтандыру тек медицинаны ғана төлеу қажет, ал өзге аралас салалардағы қызметтер – массаж, санаториялар және өзге де қызметтер емделуші есебінен өтелуі тиіс. Әрине, өзге де факторларды жібермеу керек: сауықтыру кампаниялары, СӨС насихаттау және басқалар.

20 түрлі елдерде, батыс – европалық елдерді қоса алғанда, жедел араласуларды өткізе отырып, ондаған позицияларды салыстыра отырып, мен біздің медицинаның өте жоғары деңгейіне көз жеткіздім. Бірақ, бағасына келсек, жүйені оңтайландыру қажет.

- Швейцарияда емделушілер шағымы мен дәрігерлер қателігі үшін айыппұлдар жүйесі қолданыла ма?

- Жоқ. Сапаны бақылаудың жоқтығы дәрігерлердің қателігін анықтауға мүмкіндік бермеуд. Емделушілер шағымдануғажәне сотқа арыздануы мүмкін, бірақ өте сирек жағдайда ғана ол үрдіс ілгері басуы мүмкін.  Көптеген шағымдар төрелік сотта шешіледі. Мысалы, АҚШ – та миллиондаған долларға көптеген соттық істержүргізіледі, Германияда одан да сирек, ал бізде ол өте сирек кездеседі және кеңінен жарияланады.  Швейцарияда бақылаудың жоқтығына қарамастан, дәрігер мен емделушінің арақатынасы өте сенімді. Емделушілер келген дәрігеріне сеніммен қарайды. Әрине, мемлекет осы арақатынасты қолдау қажет, өйткені бұл жетістіктің маңызды факторы болып табылады.

- Дәрігерлердің еңбекақысы олардың еңбегінің ақырғы нәтижесіне қалай әсер етеді?

- Біздің жүйе дәрігерге, егер ол жақсы еңбек етсе, дарынды және дәрежесін көтерсе, жақсы жалақы алуға мүмкіндік береді. Бірақ менің ойымша, дәрігерге мамандық таңдауда ынталандырғыш фактор материалдық игілік емес, ықылас болуы қажет. Өзге нәрсе болмау керек. Егер кімде кім ақша тапқысы келсе, тез көтерілгісі келсе – тез әрі жеңіл жүзеге асыратын өзге де қызмет салалары бар. Дәрігер - бұл ондай мамандық емес. Мансаптық жолдың үлкен бөлігінде нақ уәждеме шешуші болып қалады.

Бізде де осындай уәждемені байқаймын: көптеген менің жұмыстастарым барлық мансап жолында дәл осындай уәждемеге бой бұрған; қалған бөлігі бұл жолдан кетіп, өзге бағытқа бет бұрған. Жақсы нәтижені емес, ақша табуды көздейді. Сапаны бақылауды енгізу, осы екінші топты жоюы тиіс.

Дереккөзhttps://www.zakon.kz/4908221-paul-fogt-u-kazahstana-est-shans.html

 

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру