bs-preloader__icon
ru kz en

«Уақыт өте адамдар onl.kz ыңғайлылығы мен тиімділігін түсінетін болады»

Биылғы жылы Қазақстанның сақтандыру нарығында клиенттердің ыңғайлылығы үшін жаңа заманауи құрал onl.kz порталы пайда болды. «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мәди Шалғымбаев lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында электронды ресурстың пайдасы, қызметкерлерді міндетті сақтандырудың артықшылықтары туралы және ЖОМС шартын жасасудан жалтару жағдайында жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы айтып берді.
«Уақыт өте адамдар onl.kz ыңғайлылығы мен тиімділігін түсінетін болады»

   - Мәди, сіздердің onl.kz жаңа порталыңыз қандай жаңа мүмкіндіктерді береді? Сіз осы сайтты жасай отырып, қандай мақсатқа қол жеткізгіңіз келді

- Бұл ең алдымен ыңғайлылық пен жеделдік. Енді жұмыс берушілерге менеджерге қоңырау шалып уақытты кетірудің қажеті жоқ, біздің сайтымызда барлық процедурадан тез өту үшін электронды сандық қолтанбасы (ЭСҚ) болса жеткілікті. Сандық жүйеге көшіру бірте-бірте Қазақстанға да енуде – қазір ХҚКО-ға немесе Салық комитетіне барып, анықтаманы алып немесе салықты төлеу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Елімізде қолданылып жүрген ірі сандық жүйелердің тәжірибесі бойынша біздің мамандарымыз жаңа сервисті ойлап тапты. Осылайша біз клиенттерімізге қарай тағв бір қадам жасадық. Бұл ретте біздің клиенттеріміз мәліметтердің құпиялылықта сақталатынына сенімді бола алады, өйткені жеке кабинетке кіру тек қана ЭСҚ болған жағдайда ашылады. Біздің сайтымыз арқылы шартты жасағандар үшін соңғы 5 жылдың ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, 40% жеңілдікті алу зор мүмкіндігі бар.

- Неліктен осы күнге дейін Қазақстанда осындай қызмет болмаған еді?

- Осы жылғы қаңтар айынан бастап өсімдіктануда сақтандыру және жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді сақтандырудан (ЖОМС) басқа, сақтандырудың барлық міндетті сыныптары бойынша тек қана электронды полисті беру – толықтай онлайн жүйесіне көшу талабы енгізілді. 2021 жылдан бастап ЖОМС-та заңды тұлғалар бойынша кез келген делдалдық қызметіне тыйым салынатын болады, және ерте ме кеш пе нарық электронды ресурстарға көшетін болады. Біздің компаниямыз қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттарын қашықтан жасасу үшін ресурсты құрған ӨСК арасында алғашқы және жалғыз болып табылатынын атап өткен жөн.

           - Біздің жұмыс берушілеріміз ЖОМС шарттарын жасасуға асықпай жүргенінің себебі неде? Бұл олардың қызметкерлеріне керемет артықшылықтарды беретініне қарамастан...

- Қазақстан бойынша қызметкерлерді міндетті сақтандырумен қамтылуы 50%-дан аспайды. Бұл көбіне ірі және орташа компаниялар, шағын бизнес бұл салаға әлі кірмеген десек те болады. Өмірді сақтандыру компаниялары бұл мәселені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдында көтерген болатын, жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру үшін ЖОМС шартының болуын растайтын жыл сайынғы есептілік қажет. Сол арада ЖОМС міндетті түрі болып табылады, және жұмыс берушіде шарттың болмауы ұйымға байланысты 10-нан бастап 100 АЕК-ке дейін айыппұлға келтіреді.  

Қазіргі кезде не болып жатыр? Өз қызметкерлерін сақтандырмаған бизнестің иесі (жұмыс беруші) қызметкерлерімен орын алған жазатайым оқиғалар туралы деректерді жасырады. Содан кейін мұндай заңға бағынбайтын жұмыс берушілер зардап шеккен қызметкердің асырауындағы туыстарына көмектесуден бас тартады. Зардап шеккен қызметкердің туыстары сол ұйымда ЖОМС шарты болған жағдайда, нені алар еді, соны мысалмен қарастырсақ:

Ұйымның штатында орташа айлығы 80 мың теңге құрайтын 3 қызметкер бар дерлік. Қызметкердің бірін өлімге ұшыратқан жазатайым оқиға орын алды. Қайтыс болған қызметкердің кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Сақтандыру компаниясы оларға 10 млн теңгені төлейді (балалар кәмелетке толғанша төлемдер мерзімдік төлеммен жүзеге асырылады, жоғары оқу орнына/колледжге күндізгі оқу бөліміне оқуға түскен жағдайда төлемдер 23 жасқа дейін жалғасады), оған қоса жерлеуге – 100 АЕК төленеді.

Қайтыс болған қызметкер жұмыс істеген ұйымның айналымы – жылына 3-4 млн теңгені құрайды, жұмыс беруші зардап шеккеннің отбасына осындай соманы төлеп бере алар ма еді? Төлей алатынына күмәнданамын.

- Бұл мәселенің құны түсінікті болуы үшін, түрлі жағдайлар үшін ЖОМС бағдарламаларыңыздың құнын мысал ретінде келтіре аласыз ба? Бағасы қандай жағдайларға байланысты болады, бұл бағалар нарықтық бағаларға қаншалықты барабар болып келеді?

- Ең төменгі баға ағымдағы жылда 42 500 теңгені (1 ЕТЖ) құрады. Тариф ұйымның қызмет ету түріне, еңбекақысының жылдық қорына, сақтандыру оқиғалардың болуы немесе болмауына байланысты болады. Барлық міндетті түрлеріне тарифтер заңмен реттеледі.  

-  Неліктен сіздің компанияңызға сенім артуға болады?

- Nomad Life сақтандыру нарығында 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Ол «Номад сақтандыру тобы» холдингінің құрамына Қазақстанның «Номад Иншуранс» табысты сақтандыру компаниясымен бірге кіреді, яғни біздің тобымыз тек қана сақтандырумен айналысады. 2012 жылдан бастап біз барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы орындарға ие болып келеміз. Біздің компаниямыз «Самұрық Қазына» АҚ адал және сенімді жеткізушілер тізіміне енетін саладағы жалғыз компания.
         

- Сіздің компанияңыз осы күнге дейін ЖОМС бойынша шарттардың қандай көлемін жасады? Сақтандыру жағдайлары бойынша қанша төлем, қандай сомаға және қай кезең үшін жасалды? 

- Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша Nomad Life қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақылардың басым бөлігі -  45% құрады. Бұл өнімнің қолданылу кезеңі ішінде (2012 жылдан бастап) біз 84 млрд теңгеден астам жинаққа ие болып, 18 млрд астам төлем жасадық.
 

- Сіздің жақын арадағы кезеңде жаңа порталмен байланысты мақсаттарыңыз қандай? Сіз алдағы 2-3 жылда Қазақстандағы ЖОМС нарығын қалай көріп отырсыз?

- Негізгі мақсаты – бұл қызметкерлерді міндетті сақтандыруды кеңінен тарату. Алымдар және сақтандырылған кәсіпорындардың саны жылдан жылға өсіп келетінін ескеретін болсақ, ЖОМС бойынша өсім жылына 5%-дан кем емес болады деп болжамдаймыз. Ал біздің onl.kz порталымызға келетін болсақ, бірінші жылы біз барлық шарттарды қашықтықтан жасау үлгісіне аударып үлгермейтінімізді түсінеміз, бірақ бірте-бірте адамдар бұл сервистің ыңғайлылығы мен тиімділігін түсінетін болады. Біздің порталымыз әрбір компанияға шартты өз бетінше жасауға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сақтандыруда заңды тұлғалармен көбінесе ЖОМС бойынша заңды жеңілдіктер туралы үндемейтін делдалдар жұмыс жасайды, сондықтан біз барлық қазіргі және әлеуетті клиенттерімізге біздің жаңа қызметімізді пайдалануды ұсынып отырмыз.

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА
Зейнетақылық аннуитеттер арзан және қолжетімді болды - ҚНРДА

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

100 жасқа дейін қалай өмір сүруге болады: биохакерлердің рецептілері
100 жасқа дейін қалай өмір сүруге болады: биохакерлердің рецептілері

Жаңа бастаған биохакерлердің арсеналында қан...

Полис және шектеулі мүмкіндіктер
Полис және шектеулі мүмкіндіктер

Біздің елімізде мүгедектігі бар тұлғаларға (М...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру