bs-preloader__icon
ru kz

Иммунитетті көтерудің қымбат емес тәсілі аталды

Кардиолог Владимир Хорошев Sputnik радиосына берген сұхбатында ағзаны қорғауды нығайтатын арзан, бірақ тиімді препарат туралы еске салды.
Иммунитетті көтерудің қымбат емес тәсілі аталды

Иммундық жүйені нығайтатын құралдардың арасында Владимир Хорошев прополис тұнбасын атады. «Иммунитетті күшейтетін жақсы және мықты препараттар бар. Мен коронавирус пандемиясы кезінде адамдарға прополис тұнбасын пайдалануды ұсынар едім. Мұндай тұнба иммундық жүйеге тамаша әсер етеді. Прополис оның қызметін ынталандырады және адам ағзасының коронавирусты жұқтырып алуға ұшырауын азайтады», - дейді кардиолог Владимир Хорошев. 

Прополис тұнбасын дәріханада немесе омарташыларда дайын сатып алуға болады. Әңгімелесуші бос уақытыңыз болса, онда мұндай тұнбаны өзіңіз жасай алатынына ерекше назар аударды.

«Су немесе спирт тұнбасын өз бетінше дайындау оңай. Егер үйде прополис болса, онда 70 градустық медициналық спиртті пайдалана отырып тұнбаны жасауға болады. Егер медициналық спирт болмай қалса, онда жай арақты да пайдалануға болады. Прополис үккіштен өткізіледі және спирттің немесе арақтың белгілі бір мөлшерін құйып, біраз уақытқа қойып қояды. Прополис дозасына байланысты сіздер 10-15 немесе 20 пайыздық тұнбаны аласыздар», - деп нақтылайды Владимир Хорошев.

Бұл ретте прополис тұнбалары вирустар мен аурулардан емдемейді, тек иммунитетті күшейтеді, ағзаға өз бетінше жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі. Прополис тұнбасынан максималды әсерді алу үшін нұсқаулыққа көз жүгіртіп, сіз үшін ең қолайлы прополистың мөлшері және қабылдау тәсілі туралы оқығаныңыз жөн.

Дереккөзі: https://ria.ru/20200406/1569612376.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырудың халықаралық нарығы 2025 жылы қалай дамыды
Өмірді сақтандырудың халықаралық нарығы 2025 жылы қалай дамыды

2025 жылы өмірді сақтандыру нарығы дәстүрлер жа...

Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті
Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті

Жалпы тәжірибе дәрігері Лариса Алексеева РИА ...

Неліктен қарыз алушылар өмірді сақтандырады
Неліктен қарыз алушылар өмірді сақтандырады

Біз өміріміздің бір бөлігін жақсарту үшін нес...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру