Есепті күндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің құрылымы БЖЗҚ-ның ресми сайтында «Көрсеткіштер» - «Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.
2020 жылға ҚР Ұлттық қорды басқару Кеңесімен, ҚР ҰБ (сенімгер басқарушы ретінде) келісілген бағыттар аясында, инвестициялаудың негізгі бағыттары келесі жолмен көрсетілген:
˗ ағымдағы құны 5 648,4 млрд теңгені (бүткіл портфельден 43,8%) құрайтын, ҚР Қаржы Министрлігімен шығарылған, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар, теңгеде ұсынылған МБҚ-ның орташа өлшемді кірістілігі жылдық 8,8%-ды, АҚШ долларында – жылдық 4,4%-ды құрады;
˗ ҚР мемлекеттік сыңайлы ұйымдардың облигациялары (ағымдағы құны 1 821,67 млрд теңге (14,13%), теңгеде ұсынылған бұл құралдар бойынша орташа өлшемді кірістілік жылдық 10,8%, АҚШ долларында – жылдық 5,2%-ды құрады;
- ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары 1 158,49 млрд теңге сомаға (8,98%). Жылдың басымен салыстырғанда ЕДБ-ның облигациялар үлесі 2,1%-ға азайды. Теңгеде ұсынылған, ҚР ЕДБ облигациялары бойынша өтеуге орташа өлшемді кірістілік жылдық 10,1%-ды, АҚШ долларында жылдық 6,3%-ды құрады;
- 816,53 млрд теңге (портфельден 6,33%) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 258,36%-ға өсім есепті кезеңнің ішінде мандат шарттарына сәйкес жүргізілген инвестициялармен шартталған.
Активтер сондай-ақ шетелдік және қазақстандық банктердің депозиттеріне (сәйкесінше бүткіл портфельден 2,19% және 1,95%), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің депозиттеріне (2,58% құрайды) әртараптандырылды, қазақстандық эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (үлесі 2,28%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары (0,24%) және басқа қаржы құралдары нарық шарттарында.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен алынған, қаржы құралдары ұсынылған валюта бөлігіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі келесі жолмен көрсетілген:
ұлттық валютадағы инвестициялар – 70,91%, АҚШ долларында – 28,9%, өзге валюталарда
– зейнетақы активтері портфелінен 0,19%.
Есептелген инвестициялық кірістің құрылымы келесі жолмен көрсетіледі:
- бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша кірістер 831,68 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан кірістер (шығындар) 85,76 млрд теңге;
- шетелдік валютаны қайта бағалаудан кірістер (шығындар) 291,02 млрд теңге;
- өзге активтерді қайта бағалаудан кірістер (шығындар) (5,49) млрд теңге;
- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығындар) 50,25 млрд теңге;
- өзге кірістер 9,28 млрд теңгені құрады.
Инвестициялық қызмет, сондай-ақ шетелдік валюта бағамының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құны өзгеруі нәтижесінде 2020 жылдың басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 1,3 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,5% құнсыздану кезінде 10,92%-ды құрады.
Сурет ашық дереккөздерден