bs-preloader__icon
ru kz en

Мемлекетке пара беріп құтылу үшін ақша жинау керек пе? Неліктен бұл дұрыс?

Зейнетақы және салық реформалары, зейнетақы қорланымын қатыру және Ресей тарихын білу аясында ресейліктердің кез келген мақсатқа ақша жинау талпынысы мемлекетке пара беріп құтылу тәсіліне айналады. Неліктен бұл дұрыс? Бұл туралы banki.ru талқылауда.
Мемлекетке пара беріп құтылу үшін ақша жинау керек пе? Неліктен бұл дұрыс?

26 шілде күні Ресей банктер ассоциациясы нарыққа қатысушыларымен тұрғын үй жинақ ақшаны ынталандыру туралы заң жобасын талқылады. Банкирлер ойының қисыны түсінікті: олар ресейлік азаматтарға ипотека бойынша бастапқы жарнаны жинауға мүмкіндік беретін қандай да бір заңды тетіктерін жасағысы келеді. Хедлайнер ретінде Ресей Банкі болды, ол жақын арада кепілсіз берілген жай несие ипотека бойынша бастапқы жарнаның төлемі ретінде есептелетін қу (немесе «қу емес» деп те атауға болатын) сызбаға қарсы күрес туралы айтқан еді.

Ресейде тұрғын үйге, зейнетақыға, тойға, жерлеуге, балалардың біліміне, ауыр күндерге, жалпы кез келген себеппен қор жинаудың қажеттілігі мәселесі зейнетақы жасының ұзартылуына және ҚҚС-тың көбеюіне байланысты жаңаша жарқырады. Жеке қауіпсіздік көпшігі енді туған мемлекеттен қауіпсіздік көпшесіне айналады, өйткені мемлекетіміз біздің өмірімізді материалдық тұрғыдан нашарлату үшін қандай да бір тәсілді қолданатыны анық.

Ресейде көбінесе адамдар бай болу үшін емес, сол байлығынан айырылып қаламын-ау деген үрей оны ақша жинауға итермелейтіні белгілі. Қазір де туындаған жағдай тұра осындай.

Әзірше ресейліктердің басым бөлігі үшін банкирлердің тұрғын үй қорланымдарын ынталандыру ниеті немесе Қаржы министрлігі және Орталық Банк өкілдерінің жеке зейнетақы капиталы жүйесінің жақын арада пайда болуы туралы әңгімелері өткен ғасырдың 90-шы жылдардағы әйгілі анекдотты есімізге түсіріп отыр: «Бір бай орыс алба-жұлба киінген қайыршының екі күннен бері нәр татпағаның естіп; «О не дегеніңіз, ағасы, өзіңізді қинап жеу керек қой» - деп жауап қайтарған екен». Міне, дәл осындай жағдай жинақ қорымен де туындап отыр: көптеген ресейліктерде артық ақшасы жоқ, ал оларды ақша жинауға «мәжбүрлегісі» келеді.

Дегенмен, осында болашақта да өмір сүргісі келетін ресейліктер өз-өзін қор жинауға мәжбүрлеуге тура келеді. Халық табысының көтерілуі туған мемлекетіміздің басымдықтары тізіміне кірмейтіні анық – ол көбінесе «қауіпсіздік» және «қорғаныс қабілеті» туралы қамданады. Сондай-ақ мемлекетті басқарып отырғандар немесе олармен тығыз байланысты адамдар табысының артуы ғана оны қызықтырады. Мемлекет азаматтардың жеке қорланымын өсіру үшін берік, ұзақ мерзімді, айқын және түсінікті жағдай жасайтындығына үміттенуге болмайды. Бірақ бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың ақшаны жинауға мүмкіндік беретін қаржы өнімдерін бізге сату ұмтылыстарының барлығын елемеу керек екенін білдіртпейді. Ресейде салымдарды сақтандыру жүйесі жақсы жұмыс жасайды. Елеулі қорланымы бар адамдарға «жеке зейнетақы капиталына» ойнап көрудің мәні бар шығар. Бұл капиталдың ережелері мен қағидаларын мемлекеттің өзі анықтайды. Тәуекелге толы, бірақ мүмкіндігі бар нұсқасы – бұл өмірді инвестициялық сақтандыру.

Алайда, көпшіліктің санасында, ең басты, не өзгеру керек, оның ішінде екі танымал емес реформалардың әсерінен (зейнетақы жасының және ҚҚС-тың артуы) – ақшаға қатынастың парадигмасының өзін өзгерту керек. «Қыдырсақ, қыдырайық, бір-ақ рет өмір сүреміз ғой» бәлекет және әулекі сөзі және «ақша жоқ және болмайды да» деген ойымызды ақшаны мемлекеттен еркіндіктің бір дәрежесіне ие болу үшін жинауға ұмтылу керек деген нақты сенімге ауыстыруымыз қажет. Белгілі бір (жақсы) мағынада – мемлекетке пара беріп құтылу. Ол бізді зейнетақымыздан айырады, немесе оған қол жеткізу перспективасын алшақтатады ма? Ал бізге болса, бәрі бір: біз өз-өзімізге зейнетақы қорымыз. Біздің зейнетақы қорымызды қатырып тастады ма? Ал біз оған дайын болдық: сондықтан бізде банктегі салымымыз және үйдегі сақтап қойған қорымыз бар.

Ресейде әлеуметтік саясаттың көрінісі (біздің елімізде бұрынғыдай жеңілдіктердің басым бөлігі мен жеңілдік берілген адамдардың көбісі – кеңес дәуірінен қалған мұра) жеке қорланым идеясын азаматтық позицияға ұқсастыққа айналдырады. Мемлекеттің көмегісіз заңды түрде көп ақшаны жинай алмайсың. Өйткені заңдарды мемлекет шығарады. Жұмыс орындарының тағдырын, оның ішінде жеке секторда да тағдырды шешетін мемлекет болып табылады. Сонымен қатар мемлекет кез келген уақытта экономикадағы ойын ережелерін немесе заңдарын адамдар өздерінің жинаған ақшаларынан бір-ақ сәтте айырылатындай етіп өзгерте алады. Алайда мемлекеттен қаржы тәуелсіздігі жауапты азаматтың ең маңызды өмірлік мақсаттарының бірі бола алады және болуға тиісті.

Ал мемлекеттің өзіне, егер Ресейде ақша жинау әдеті қалыптасатын болса, бұл жинақтардан тиетін пайдасы өте көп. Мемлекетпен біздің қаржылық диалогының басты құралы – салықтар ешқайда да кетпейді. Айтпақшы ФҰҚ (ФНС) мәліметтері бойынша салықты еңбекке қабілетті халықтың 20% салық төлемейтіні азаматтардың мемлекетке деген сенімінің нақты деңгейін саясаткерлер мен мемлекеттік институттардың кез келген рейтингтеріне қарағанда, артық көсретіп отыр. Жұмыс істейміз, салық төлейміз және... ақша жинаймыз – міне біздің өмірлік стратегиямыз. Мемлекет бізді тамақтандырмайтыны анық.

Ал елімізде мемлекеттен қаржы тұрғысынан тәуелсіз адамдардың үлкен массасы пайда болған жағдайда, олар өз мемлекетін қалайша едәуір адамгершілікті жасасам екен деп ойлана бастайды. Мемлекет енді танктер мен зымырандыр туралы емес, және де біздің шекарамыздан шалғайда орналасқан елдердің мәселелері туралы емес, өз елі мен өз азаматтары туралы ойлағаны дұрыс. Мемлекет қитықсыз, момын, өздеріне пайдалы азаматтарды жасайтындығына үйреніп қалдық. Бірақ қалыпты жағдайда бәрі керісінше – азаматтар өздеріне мемлекет жасайды. Өйткені ол қоғам мен жеке адамдардың тілектері мен мүдделерін іске асырудың құралы ғана болып табылады. Алайда мемлекетті біз көргіміз келетіндей етіп жасау үшін, ең басты бұл мемлекеттен қаржы тұрғысынан тәуелсіз болуымыз керек. Ал тәуелсіз болу ресейлік жағдайда қиынға соғатыны анық. Бірақ балаларымыз бізден жақсырақ өмір сүргенін, ал мемлекет ойын ережелерін жазасыз кез келген уақытта өз пайдасына қарай өзгертпегенін қалайтын болсақ, бұл біз үшін өте маңызды.

Дереккөзі: http://www.banki.ru/news/columnists/?id=10584309

Фотосурет bz-berlin.de, techweek.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру