bs-preloader__icon
ru kz en

Медициналық сервистер сақтандыру өнімін «пайдалану» жиілігін арттыруға көмектеседі

Өмірді қатерден сақтандыру өнімдерін сатып алатын ресейліктердің басым бөлігі – 99%-ы іс жүзінде оларды пайдаланбайды – қуанышымызға орай, шарттың қолданылу мерзімінде адамдар қайғылы жағдайлардан аулақ болады. Содан болса керек, бұл сегмент Ресейде жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру өнімдері сияқты тез дами алмайды, соңғы аталған өнімдердің арқасында ел ішіндегі өмір сақтандыру нарығы 2017 жылы 53%-ға артқан, алым мөлшері 350 млрд рубльден асқан.
Медициналық сервистер сақтандыру өнімін «пайдалану» жиілігін арттыруға көмектеседі

Автор: Орлова Гульнара Рафаэлевна, «Сбербанк страхование жизни» СК операциялық директорының орынбасары (дерекнама: https://medvestnik.ru/content/interviews/Medicinskie-servisy-pomogut-povysit-chastotu-ispolzovaniya-strahovogo-produkta.html)

Біз қатерден сақтандыру полисін қазір сатып алып, сол үшін болашақта (тек сақтандыру оқиғасы болған жағдайда ғана) төлем алуды білдіретін үйреншікті парадигмадан арылуға тырысып келеміз. Сақтандыру өнімінің «пайдаланылу» жиілігін арттыру оны медициналық сервистермен қанықтыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өзінің сақтандыру полисіне тұрақты жүгінетін адамдардың саны 30%-ға дейін өседі – Сбербанкта бүгінде бұл өмір сақтандыру бойынша 3 млн-нан астам клиент.

Медициналық сервистермен қоса ұсынылатын өмірді қатерден сақтандыру өнімдерінің тартымдылығын арттыратын екінші фактор медициналық сақтандыру нарығы және ел ішіндегі медициналық қызметке деген сұраныспен байланысты жағдай болып отыр. Жуырдағы KPMG есебіне сүйенсек, Ресейде ЕМС сегменті қанығу деңгейіне жеткен. Оның ақылы қызметтер құрылымындағы үлесі одан әрі төмендеп келеді, ал корпоративтік сегментте сұраныстың артуы күтілмейді. Сонымен қатар халықтың табысы да азайып келеді. Соңғы кезде медициналық қызмет бағасының қымбаттауы инфляциядан басып озады, сондықтан (BusinessStat болжамына сәйкес) Ресей рецессиядан шыққан күннің өзінде, халықтың табысының көбею қарқыны жеке медицинаға сұранысты ынталандыру үшін тым төмен болады. Бұл кредиттік өмір сақтандыру полистерін сатып алған кезде (ал кредит еліміздегі әрбір үшінші адамда бар), медициналық сервистік құрамдасқа баса назар аударуға итермелейтін болады.

Басқаша айтқанда, өнімдерімізге медициналық опцияларды қосу есебінен көріп отырғанымыз, бір жағынан, азаматтарды медициналық қызметтерді пайдалануға және денсаулығын тұрақты бақылауға тартудың болашағы зор. Ал екінші жағынан – осындай сервистердің болуы өмірді қатерден сақтандыру өнімдерін сатып алуға итермелейтін қосымша уәжге айналуы мүмкін.

Өмір сақтандырушылар алдымен қандай қызметтерге үміт артып отыр?

Дәрігер жаныңызда

Ресейде қашықтан медициналық кеңес беру немесе телемедицина қызметтерін әзірше 700 мыңдай адам пайдаланады. Жуырда компаниямыз бұл сервисті Сбербанкте кредиттермен бірге сатылатын барлық өмір сақтандыру бағдарламаларына енгізді (өнім бағасын арттырмастан). Банктің орасан зор желісін және кредиттер мен кредиттік өмір сақтандыру полистеріне деген жоғары сұранысты ескерсек, ел ішінде телемедицинаны пайдаланушылардың саны 2018 жылға қарай 4 млн адамға, ал 2020 жылға қарай тағы 50-60% дейін артады.

Телемедицина сервисін таңдау барысында ең алдымен провайдерде медициналық қызметпен айналысуға арналған қолданыстағы лицензиясының болуы; консультациялар өткізілетін нозологиялар тізімі; жұмыс істейтін дәрігерлердің саны мен біліктілігі сияқты тұстарға назар аудару керек. Бұған қоса пайдаланушы интерфейсі клиент үшін кез келген ыңғайлы тәсілмен (телефон, видео, чат және т.б.) және ыңғайлы кезде, тіпті түнде (емханалар жұмыс істемейтін кезде) жылдам (нақты бірнеше минут ішінде) дәрігерден кеңес алу мүмкін болатындай ыңғайлы болуы маңызды. Әдетте телемедицина сервисі мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді, онда клиент тіркеліп, дәрігерді, кеңес алу күні мен уақытын таңдайды және дәрігерден кіріс қоңырауын алуына болады, ал осындай жүгіну құны 500-3000 рубль көлеміндегі соманы құрайды. Өмірді қауіптен сақтандыру полисі шегінде телемедициналық консультация клиент үшін тегін беріледі.

Бұл қызметті пайдаланған кезде, дәрігерден қашықтан кеңес алу бірқатар шектеулермен шектелетінін білу керек. Маманмен көзбе-көз кездесусіз диагноз қою қиынға соғатын бірқатар аурулар болады. Заңда алғашқы диагноз қою және ем тағайындау тек дәрігерге тікелей қаралу барысында жүзеге асырылатыны айтылған. Маманға келесі қаралуларын клиент қашықтан жасай бере алады.

Checkup немесе ағзаға ТБ өткізу

Барлық батыс елдерде профилактикалық медицина дамыған. Адамдар ауруханаға баруға қорықпайды, тұрақты түрде талдаулар жасатады, қандағы холестерин деңгейін үнемі бақылауда ұстайды және дұрыс тамақтануға тырысады. Бұны сақтандыру компаниялары да қолдайды: мәселен, Финляндияда тұрақты медициналық тексеруден өтетін адамдар сақтандыру төлемін 10%-ға кем төлейді. Ал Ресейде көбіне мүлдем шыдатпай бара жатқан жағдайда ғана дәрігерге қаралады.

Чек-аптардың артықшылығы ыңғайлы уақытта, бір жерде және қысқа уақыт ішінде тексерілу мүмкіндігінде қамтылады. Жалпы checkup орташа есеппен шамамен 4 сағаттай уақыт алады. Бағасына келетін болсақ, емхана мен тексеру бағдарламасына байланысты, тексерілу құны 6 мыңнан бірнеше жүз мыңға дейін жетуі мүмкін.

Сақтандыру өнімдері аясында checkup құны 10–15%-ға арзанырақ болады, бұл емханалардың заңды тұлғалармен ынтымақтасқан кезде ұсынатын арнайы шарттарымен түсіндіріледі.

Көбіне checkup барысында адамдар ойларына кіріп шықпаған аурулары бар екенін біліп жатады. Осылайша, бір клиент диагностикадан өткен кезде (сақтандыруға қабылдану барысында), өзінде бүйрек ауруын анықтаған, дер кезінде өткізілген операция ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берген. Енді бір жағдайда, бір кісі ұзақ уақыт бойы жүрек ырғағымен байланысты мәселелерден зардап шегіп келген. Чек-аптан өткен кезде, оған дәл диагноз қойылып, тіпті аурудың себебін сол жерде электроимпульстің көмегімен оперативті түрде кетіру мүмкін болған.

Жыл сайын сақтандыру алды чек-аптарға премиялық сегменттердегі клиенттердің 3–5% жіберіледі. Өмірді қатерден сақтандыру бағдарламалары медициналық сервистермен қаныққаннан кейін, қызметті банк клиенттерінің 30%-ы пайдаланатын болады.

Екі қайтара тексеру

«Екінші медициналық пікір» сервисі ауыр диагноз қойылған жағдайда, тексеру нәтижелерін екінші дәрігерлік қорытынды алуға және ем бойынша бағдарлануға жөнелтуге мүмкіндік береді.

Еуропа мен АҚШ-та медицина қызметкерлеріне жыл сайын он мыңдаған шағым түсіп жатады. Олардың 50%-нан астамы сотта қанағаттандырылады, себебі өткізілген сараптама дәрігерлік қате дерегін көрсетеді. ЕО елдеріндегі әрбір оныншы емделуші тағайындалған емнің оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі жағдайларына кезігеді. Статистикаға сүйенсек, Ресейде 30%-ға дейін диагноз дұрыс қойылмаған болып шығады. Сондықтан диагнозды тексеру қызметі әлеуетті түрде өте үлкен сұранысқа ие, әсіресе әңгіме ауыр сырқаттар жөнінде болған кезде.

Осы аталған сервисі бар премиялық өнімдер арасында жүгінулер саны бойынша екінші медициналық пікірге қатысты «неврология» диагнозы бойынша көшбасшы – 28% жүгіну. Екінші орында (20%) – «ортопедия», үшінші орында (16%) – «онкология». Орташа есеппен алғанда, жағдайлардың 10%-да клиент диагнозын нақтылайды немесе өзгертеді және еміне түзетулер енгізеді.

Екінші медициналық пікір, біздің ойымызша, ауыр сырқаттарды, әсіресе онкологияны диагностикалау қаупі бойынша сақтандыру өтемі бар өмір сақтандыру полистері аясындағы ажырамас сервис болып табылады. Жақын болашақта бұл опция компанияның көптеген өнімдеріне таралатын болады.
Фотосуреттер gerusmedical.com, miloserdie.ru сайттарынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру