bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірдегі өзгерістер

Инвестициялық сақтандыру нарығын өзгерістер күтуде
Өмірдегі өзгерістер

Жылдың бірінші жартысында өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 88 млрд рубльді құрады, деп «Эксперт РА»-да санады. 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда, сегмент екі есеге көбейді. Депозиттік мөлшерлемелердің төмендеуінен басқа, ӨИС-дың қарқынды өсуіне банктердің полистерді белсенді түрде насихаттауы жағдай жасайды. Кредиттік ұйымдар өз клиенттеріне полистерді сатып алуды ұсына отырып, сақтандырушылармен депозиттік базамен ынталана «бөліседі».

«Банктер үшін ӨИС сатудың тағы бір ынталандыруы – бұл полис үшін клиенттердің төленген ақшасының бір бөлігі сол банкте депозитке салынады, бірақ кредиттік мекеменің ССА қорына жеке тұлғалармен депозиттік келісімдер жасағанда аударылатын міндетті салымдарды аудару қажеттілігінсіз», - деп түсіндірді «Эксперт РА» сақтандыру және инвестициялық рейтингінің директоры Ольга Скуратова. Сондықтан, оның айтуы бойынша, ӨИС-дың депозиттермен бәсекелестігі жоқ. Бірақ полистер өзара инвестициялық қорларға және сенімгерлік басқарудағы салымдармен табысты бәсекелеседі, деп қосты сарапшы: шын мәнінде, ӨИС көп жағдайда осы инвестициялардың түрлеріне ұқсас.

Салынған қаражат ажырасу кезінде бөлінбейді, сонымен қатар клиент салық шегерімін ресімдей алады

Басқа инвестициялық құралдарға қарағанда, ӨИС бойынша, сақтандыру компаниялары клиенттерге 100% салымдарды қайтаруды, сондай-ақ ықтимал жоғары инвестициялық кірісті кепілдейді. «Біздің өнімдеріміз қолжетімділігімен ерекшеленеді, себебі олар бұрын 20-30 миллион рубльден асатын салым сомалары бар клиенттерге ғана қол жетімді құралдарға 30 мың рубльден қаражат салуға мүмкіндік береді. Оған қоса, ӨИС-ға салынған қаражат тәркіленбейді, ажырасқан кезде бөлінбейді, сондай-ақ клиент 5 жылға келісімшарт жасаған жағдайда салық шегерімін ресімдей алады» - деп артықшылықтарын «УРАЛСИБ Сақтандыру» және «УРАЛСИБ Өмір» бас директоры Мария Малковская атап өтеді.

ӨИС полисі орташа есеппен 50 мың рубльді немесе 1 мың долларды құрайды, деп хабарлады «РГС Жизнь» инвестициялық бөлімшесінің басшысы Алексей Салашченко. «Сбербанк өмірді сақтандыруда» ең төменгі жарна - 100 мың рубль. «Өнім үшін орташа чек 400-500 мың рубльді құрайды, бұл сома инвестициялық стратегияның жұмысын сезіну үшін айтарлықтай өзекті», - дейді «Сбербанк өмірді сақтандыру» инвестициялық өнімдер департаментінің басшысы Сергей Егоров.

Сақтандырушылар сөзіне қарағанда, ӨИС-ға инвестор оның ақша қаражатын қай қаржы құралдарына инвестициялайтынын көре алады. «Біз клиентті ашық инвестициялық декларациямен қамтамасыз етеміз, онда құралдар мен олардың барлық параметрлері көрсетіледі. Сондай-ақ онда қосымша инвестициялық кірістерді есептеу формуласы көрсетілген. Ал компанияның веб-сайтында стратегияға енгізілген барлық құралдардың кірістілік графиктері жарияланады», - деді Мария Малковская. Алексей Салащенконың айтуы бойынша, көптеген жағдайларда инвестициялық табыстар қоғамдық активке байланысы болады, сол себепті кез-келген уақытта клиенттің өз табысын дербес есептеуге мүмкіндігі бар. «Шоттағы күй туралы нақты ақпарат сақтандыру компаниясының веб-сайтында клиенттің жеке кабинетінде онлайн режимінде қолжетімді болады», - деді ол.

Сергей Егоров сондай-ақ, клиент инвестициялық декларацияға міндетті түрде қол қояды, онда инвестициялық актив, табыс формуласы, клиенттің инвестициялық стратегияға қатысты тәуекелдері ашып көрсетіледі, деп мәлімдеді. «Сонымен қатар, бағдарламаны сатып алғаннан кейін welcome call әрекет етеді - банк қызметкерлері клиенттердің өнімнің артықшылықтары мен тәуекелдері туралы дұрыс хабардар екеніне тағы да көз жеткізуі керек.

ӨИС өнімдерінің бір бөлігі тұрақты табысты алуды білдіреді - бұл жағдайда клиент сақтандыру сыйақысын ғана емес, сондай-ақ инвестициялық мерзімнің соңында алдын-ала белгіленген кірісті де ала алады. «Мұндай өнімдерді зейнетақы жоспарына қосымша ретінде немесе белгілі бір соманы болашақта жинақтау үшін пайдалануға болады», - болжайды Алексей Салащенко. ӨИС акцияларға инвестициялаудың баламасы ретінде пайдаланылуы мүмкін, себебі ол сақтандырушыға нақты акцияның өсуіне қатысуға мүмкіндік береді. «ӨИС полисін сатып алушы клиенттің негізгі мақсаты, депозиттерге қарағанда ықтимал жоғары табыс алу, бірақ инвестицияланған қаражатты жоғалту тәуекелінсіз, - деп ескертті Мария Мальковская. Бұл олардың портфелін әртараптандыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады». ӨИС-ды зейнетақы жоспарына қосымша ретінде немесе қаражат жинақтау құралы ретінде пайдалану дұрыс емес деп санайды ол.

ӨИС-ды сенімді басқару нарығының өнімдерімен салыстыру қызықты, деп атап өтті Сергей Егоров. Онда нарықтың өсуімен бірге жоғары пайда алу мүмкіндігі бар, бірақ толық қайтару кепілдігі жоқ. Ол, ӨИС-дың қосымша артықшылықтары деп, жазатайым оқиғадан сақтандырудың болуын, мысалы, капиталды тиісінше мұрагерлік ауыстыруға мүмкіндік беретін инвестициялардың құқықтық қорғалуын, салықтық шегеруді атап өтті. Ол сақтандыру сыйлықақысының 13 пайызын құрайды, бірақ сіз шегерім алуға болатын ең жоғарғы сома 120 мың рубльмен шектеледі. Пайданың жеңілдігі сақтандыру төлемдеріне салық төлемеуге мүмкіндік береді.

Негізгі тәуекел - сақтандыру компаниясының банкроттығы немесе лицензиясын қайтарып алу жағдайында төлемдер кепілдігінің болмауы

Полис иесі халықаралық капитал нарықтарында табыс алуы, әртүрлі стратегияларды таңдауы мүмкін. «Мысалы, жаһандық облигациялар нарығының құнының өсуіне немесе жоғары технологиялық қор нарығының өсуіне қатысуға болады, - дейді Сергей Егоров - Бұл келісім-шарт әрекетінің қорытындысы бойынша базалық активке ең жақын табысты алуға мүмкіндік береді». Немесе белгілі бір сценарий жағдайында тұрақты табысқа қол жеткізе алуға болады. Мысалы, келісімшарттың келесі жылдығына ірі үш фармацевтикалық халықаралық компаниялардың акциялары кіру нүктесінен төмен болмаған жағдайда, клиент тұрақты кірісті алады. «Бұл тұрғыда өнімді депозитке балама деп айтуға болады», - деп түсіндіреді Егоров, - Алайда, депозитте сыйақы мөлшерлемесі тұрақты және ӨИС-да депозитке қарағанда мөлшерлеме әлдеқайда жоғары, бірақ нарық жағдайына байланысты.

Мария Мальковская банк депозитін инвестициялық сақтандыру үшін негізгі бәсекелес деп атады. «Клиент осы құралға үйреніп, оны қалай жұмыс істейтінін түсінді», - деп түсіндірді сарапшы.- Бұдан басқа, клиенттер жақында ӨИС-дің бәсекелестері деп аталуы мүмкін жарналық инвестициялық қорларға және жарналық есепшоттарға қызығушылық танытты. Нарық қатысушылары сізге сатылатын өнімге назар аударуды кеңес береді. Көп жағдайларда банктер ӨИС депозитің толық аналогы болып табылмайтынын түсіндірмейді, сондықтан барлық тәуекелдерді ескеру керек. Бастысы - сақтандыру компаниясы банкроттыққа ұшыраған жағдайда немесе оның лицензиясының күші жойылған жағдайда, төлемдер кепілдігінің болмауы. Заңға сәйкес, сақтандырушы салынған қаражатын қайтарумен келісімшартты бұзуы тиіс. Бірақ егер ол оны істемесе, онда ақшаны тек кредиторлардың жалпы тізілімі арқылы алуға болады.

«ӨИС полисі бойынша табыстылық деңгейі кепілдендірілмегендіктен, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент кейбір табыс алуы немесе мүлдем табыс алмауы мүмкін. Біздің ойымызша, бұл – ӨИС полисін сатып алушы клиент үшін де және инвестициялық өмірді сақтандыру сегментін одан әрі дамыту үшін де негізгі тәуекел болып табылады» - деді Ольга Скуратова. Оның сөзіне қарағанда, 2018 жыл бетбұрысты сәт болуы мүмкін, өйткені 2-3 жыл бұрын жасалған ӨИС келісімдері бойынша жаппай төлемдер басталады. Клиенттердің келісім-шарт аяқталғаннан кейін табыстылық деңгейіне қанағаттануы өмірді инвестициялық сақтандыру сегментінің келешегін және оның динамикасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Ресей Банкі жақын болашақта өмірді инвестициялық сақтандыруды дамыту әлеуеті тауысуы мүмкін деп санайды. Реттеушінің есебінде қазіргі уақытта ӨИС -дың негізгі тұтынушылары жеткілікті ауқатты азаматтар екендігін, бірақ бұл тұтыну сегменті қазірдің өзінде ұсынылған өнімдермен толығымен қаныққанын атап өтті. Сонымен қатар, өнімдерді «төмен кіріс шегімен» сату кезінде клиенттерді негізгі сипаттамалары туралы жаңылыстыру қаупі артады, деп назар аударылады ОБ-те. Клиенттің сақтандыру өніміне қатысты оның нақты мазмұнына сәйкес келмейтінін күту тәуекелінің қалыптасуын, реттеуші, өмірді сақтандыруды одан әрі дамытуға қауіп төндіретін негізгі теріс фактор, деп атайды.

Өмірді сақтандырушылардың ақпаратты ашудағы кемшіліктерін жою және күрделі сақтандыру өнімдеріне тән тәуекелдерді сақтандырушылармен және табысалушылардың түсінбеу мүмкіндігін барынша азайта отырып, оларды кейіннен Ресей Банкімен келісу арқылы ӨРҰ стандарттарын әзірлеу арқылы қабылданады. Сарапшылардың пікірінше, өмірді инвестициялық сақтандыруды реттеудегі өзгерістер осы сегментті айтарлықтай өзгерте алады және басқа да инвестициялық құралдарға инвестициялар ағынына әкеледі.

Авторы: Надежда Пелевина

Дереккөз: https://rg.ru/2017/10/17/rynok-investicionnogo-strahovaniia-zhdut-peremeny.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс өседі
Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс өседі

Сарапшылардың болжамдарына сәйкес биылғы жыл...

Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады
Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады

Өмірді сақтандыру әлемдегі ең танымал сақтанд...

Дмитрий Жеребятьев: «Бізге балама керек».
Дмитрий Жеребятьев: «Бізге балама керек».

Дмитрий Игоревич біраз уақыт Қазақстанның сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру