bs-preloader__icon
ru kz en

"Халык-Life" АҚ 2018 жылдың нәтижелері бойынша сақтандыру дивидендтерінің 274,7 миллион теңгесін таратуда

2018 жылы «Халык-Life» АҚ табысты инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша Компания директорларының кеңесі осы жылдың тамыз айында пайдаға қатыса отырып, инвестициялық қызметтен түскен пайданы өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар арасында тарату туралы шешім қабылдады және дивиденд мөлшерлемесін 5,75% мөлшерінде бекітті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Халык-Life" АҚ 2018 жылдың нәтижелері бойынша сақтандыру дивидендтерінің 274,7 миллион теңгесін таратуда

Сақтандыру шарттарына сәйкес инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатысу шартын қарастыратын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарына ие болатын сақтандырушылар «Халык-Life» АҚ инвестициялық қызметіндегі сақтандыру полисіне қатысу есебінен құрылған қосымша табыстылықты алады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша біздің компаниямыз жылды таза табыспен сәтті аяқтау нәтижесінде, біз өз клиенттеріміздің арасында бонустық сақтандыру сомасы көлеміне қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алу үшін дивидендтің шамамен 274,7 миллион теңгесін таратамыз деп жоспарлап отырмыз, - деп «Халык-Life» АҚ басқарма төрағасы Оксана Радченко түсіндірме берді. – Бұл дегеніміз, 2018 жылдың нәтижелері бойынша инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатыса отырып, өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша қолданыстағы шарттардың шамамен 19 500 иесі өздерінің сақтандыру шарттары бойынша табыстылықтың кепілдендірілген мөлшерлемесін қоса отырып, табыстылықтың 9,75% дейін алады. «Халык-Life» АҚ үшін «Казкоммерц-Life» АҚ қоғамымен сәтті қайта ұйымдастыру аясында бұл алғашқы ауқымды көлемді тарату болып табылады. Әрбір клиент алдында өзіне алған міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктің жоғары деңгейін назарға ала отырып, компания жақын арада-ақ, өз сақтандырушыларына хабарламаны жібереді, өйткені, міндеттемелерді адал әрі жылдам орындау клиенттермен ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынасты құру мақсатында негізгі фактор болып табылатынын танып біледі».

Осылайша, сақтандыру дивидендтері түрінде 274,2 миллион теңгені тарату нәтижесінде инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатыса отырып, өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 357,2 миллион теңгеге артады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Фото: Kapital.kz, сондай-ақ, ашық дереккөздерден алынған. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру нарығының қауқары қандай?
Сақтандыру нарығының қауқары қандай?

Сақтандыру нарығындағы ком­паниялардың ұсынғ...

Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не
Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не

Зейнетақы аннуитеттік жоспары-бұл қартайған к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру