bs-preloader__icon
ru kz en

«Азия Life» ӨСК» АҚ өз атауын «Freedom Finance Life» ӨСК» атауына өзгертеді

Акциялары Қазақстандық қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан «Азия Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (Алматы) KASE-ге 2018 жылғы 28 қыркүйекте өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады, деп kase.kz. баяндайды.
«Азия Life» ӨСК» АҚ өз атауын  «Freedom Finance Life» ӨСК» атауына өзгертеді

Компания акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның атауын «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

Lifeinsurance.kz алдында хабарлағандай, Компания Директорлар кеңесінің төрағасы – Тимур Турлов, ол сондай-ақ  «Фридом Финанс» ИК бас директоры болып табылады.

Қыркүйектің соңында компанияның басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бұрын «Фридом Финанс» ИК өңірлік желімен жұмыс жүргізу жөніндегі департаментінің директоры болып табылған Кудайбергенова Елена Алексеевна тағайындалды.

Бүгінгі таңда компанияның Басқарма Төрағасы Ердесов Азамат Джансултанович болып табылады.

Анықтама«Фридом Финанс» – брокерлік қызмет көрсетуді, бағалы қағаздарды сенімді басқару және Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ және Еуропаның қор нарықтарына қол жеткізуді ұсынатын инвестициялық компания. Компания Freedom Holding Corp халықаралық тобына кіреді. Нарықта 2008 жылдан бері қызмет етеді. Холдингтің акциялары  OTC Markets-те листингтелген. Холдинг Бағалы қағаздар және биржалар бойынша комиссиямен (SEC, АҚШ) реттеледі. Бүгінгі таңда топтың өзіндік қаражаты  $80 000 000 астам долларды құрайды, ал басқарумен жиынтық активтері  $500 000 доллардан асады.

Суретте«Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов. 

Дереккөзі: http://kase.kz/files/emitters/ASLF/aslf_special_shareholders_meeting_results_280918_2179.pdf

https://ffin.kz/about

Фото Exclusive.kzKursiv.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру