bs-preloader__icon
ru kz en

«МАК» ӨСК» АҚ жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығарылды

26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіру бойынша Мемлекеттік комиссия отырысында «Мемлекеттік аннуитетті компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығарылды деген шешім қабылданды.
«МАК» ӨСК» АҚ жекешелендірілетін нысандардың тізімінен шығарылды

Бұл туралы «МАК» ӨСК» АҚ қоғаммен байланыс және маркетинг қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда компания активтерінің мөлшері 37 млрд. теңгеге жетті, жеке капиталы 5,6 млрд теңгеге жетті, сақтандыру мөлшері 31 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру төлемдері жылдың басынан бастап 2 млрд теңгеден асты, ал сақтандыру сыйақылары 3,8 млрд. теңгеге жетті.

«Компанияның жоғарғы қаржы көрсеткіштері оның нарықтағы жетістігі мен тұрақтылығы жайлы куәландырады», - деп компания хабарламасында айтылады.

Біздің басылым бұрын айтып кеткендей, «Мемлекеттік аннуитетті компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ жекешелендірілетін нысандар тізімінен алып тастауды жақын арада ҚР премьер-министрі, Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов өтінген. Ол сәйкес сұратумен Бақытжан Сағынтаевқа жүгінген. Халық қалаулылары компанияның бәсекелестік ортасына табыстауды мақсатсыз деп есептеген. МАК жылдың соңына дейін сату жоспарланған.

Депутат Теміржанов өзінің ұстанымын келесідей түсіндірді, бүгінгі таңда осы компаниядан 10 мыңнан астам адам сақтандыру төлемдерін алады, олардың  86% жуығы – бұл сақтандыру нарығындағы барлық жеті мемлекеттің қатысатын компанияларының арасынан мақсатты түрде таңдаған, зейнетақы аннуитеттерін сатып алған азаматтар,  қалғандары – бұл өндірісте зардап шеккен қызметкерлер немесе қызметтік міндеттемелерді орындау кезінде опат болған қызметкерлердің қарауындағы адамдар. 

"Жекешелендірудің барысын болжауға болмайды, компанияның меншік иесі осы салада бизнесті жүргізуде тәжірибесі жоқ тұлға болуы мүмкін, - деп белгіледі депутат. – Зейнеткерлердің жинақтары мен өндірісте зардап шеккен қызметкерлерге немесе олардың қарауындағы адамдарға төлеу үшін тиісті 36 млрд теңгелік активтер тиімсіз басқару тәуекелінде қалуы мүмкін».

Сол сияқты компанияның құны сауда қорытындылары бойынша төмендеп кетеді, ала әлеуетті сатып алушылар болмаса компания жойылуы мүмкін деген қауіп болды. Бұл жағдайда әлеуметтік сақтандыру төлемдерін алушылардың болашағын болжау да, анықтау да қиын болар еді.

Сондықтан депутат мемлекеттің қатысуы бар компанияны сақтандыру нарығының тұрақтандырғыш қатысушысы ретінде қалдыруға және «МАК» ӨСК» АҚ жекешелендіруге жататын нысандар тізімінен шығаруда көндірді. Бұл халық қалаулылары айтқандай аннуитеттердің қызығушылығын және қаржы нарығында тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Фото: zakon.kz, 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Соғыста қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру полисі әрекет ете ме
Соғыста қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру полисі әрекет ете ме

Егер адам соғыста немесе дүлей апат кезінде қа...

«Қатерлі ісікке қарсы» бес өнім аталды
«Қатерлі ісікке қарсы» бес өнім аталды

Тамаққа кейбір азық-түліктерді қосу онкология...

Ғалымдар пісірілген нанда ұйқысыздық себебін анықтады
Ғалымдар пісірілген нанда ұйқысыздық себебін анықтады

Ұйқысыздықтың көп себебі бар – күйзеліс, арты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру