bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА қыркүйекке дейін 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын әзірлейді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сақтандыру нарығына жаңа серпін беретін Бағдарлама мен жаңа заң жобасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚНРДА қыркүйекке дейін 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын әзірлейді

Бағдарламаның негізгі мақсаты — сақтандыру секторының ұлттық экономиканы дамытуға қосатын үлесін арттыру. Әсіресе, тәуекелдер мен қаржылық міндеттемелердің едәуір бөлігі мемлекетке жүктелген салаларға басымдық беріледі. Сақтандыру мемлекет, азаматтар және бизнес арасындағы ықтимал тәуекелдер үшін ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды институтқа айналуы тиіс.

Агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, соңғы жылдары агенттік сақтандыру нарығының қатысушыларымен бірлесіп секторды дамытуға бағытталған бірқатар негізгі бастамаларды жүзеге асырды. Бүгінде нарық барлық негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетуде: сектор активтері соңғы бес жылда 2,6 есеге артып, 3,9 трлн теңгеге жетті. Осы кезеңде сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдер үш есеге өсіп, тиісінше 1,7 трлн теңге және 461,4 млрд теңгені құрады. Міндетті сақтандыру сыныптары цифрландырылды, 7 жаңа міндеттелген сақтандыру түрі енгізілді, білім беру және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік бағытталған жаңа өнімдер пайда болды. Кепілдік беру жүйесі барлық міндетті сақтандыру сыныптары мен жинақтаушы өмірді сақтандырудың барлық түрлерін қамтиды.

Заң жобасын әзірлеу аясында ҚНРДА сақтандыру сыныптарының құрылымын тұжырымдамалық тұрғыда қайта қарауды, сақтандыру қорғауының икемді әрі әділ шарттарын қалыптастыруды, сондай-ақ реттеуді заманауи тәуекелдер мен азаматтар мен бизнестің сұраныстарына сәйкестендіруді жоспарлап отыр.

ҚНРДА төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, Бағдарлама сақтандыру нарығын дамыту бойынша негізгі бағыттарды айқындайды. Олардың қатарында — халықаралық тәжірибені ескере отырып міндетті сақтандыру түрлерін кеңейту, әлеуметтік бағдарланған өнімдерді енгізу, нарық инфрақұрылымын жаңғырту және саланы цифрлық трансформациялауды тереңдету бар.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрайымы Елена Бахмутова Бағдарлама мен жаңа Заңды әзірлеу кезінде теңгерімді тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа заңнамалық тәсілдер мемлекет, бизнес және азаматтардың мүдделерін ескеріп, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

«Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев жинақтаушы сақтандыруды, инфрақұрылымдық және стратегиялық нысандарды сақтандыруды, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыруды дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрайымы Линара Ануарбекова қызмет көрсетудің онлайн-моделіне көшу бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы баяндады. «Freedom Finance Insurance» СК басқарма төрағасы Азамат Керімбаев сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде заңнаманы үйлестіру қажеттілігіне, сақтандыру делдалдары нарығының ашық әрі өркениетті жұмыс істеуіне және маркетплейстерді дамытуға қатысты мәселелерді көтерді.

«КСЖ «Коммеск–Өмір» АҚ басқарма төрағасы Олег Ханин сақтандыру төлемдерінің стандарттарын біріздендіру және сақтандыру жағдайларын растау мен реттеу рәсімдерін кезең-кезеңімен цифрландыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы 2026 жылдың қыркүйегіне дейін әзірленеді. Ал «Сақтандыру қызметі туралы» жаңа Заң жобасы биылғы жылдың соңына дейін дайындалады.

Фото ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полисі: алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады
Өмірді сақтандыру полисі: алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады

Өмірді сақтандыру - бұл сіздің отбасыңызға қиы...

Қартаюмен байланысты кейбір жасушаларды қалпына келтіруге болады
Қартаюмен байланысты кейбір жасушаларды қалпына келтіруге болады

Бір жасушалы организмдердің геномикасы және Р...

Қаржылық жоспарлау және сақтандыру
Қаржылық жоспарлау және сақтандыру

Өзінің материалдық әл-ауқатын жасай отырып, ак...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру