«Халық-Life» компаниясының Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, инвестициялық пайдаға қатысу шарттарымен өмірді жинақтаушы сақтандыру келісімшарттарын жасаған сақтанушылар арасында 450,9 млн теңге көлеміндегі инвестициялық пайда бөлінеді.
Аталған қаражат сақтандыру дивидендтерін есептеуге бағытталады. Бұл клиенттерге есептелген бонустар сомасына қосымша сақтандыру сомасын сатып алу арқылы өздерінің сақтандыру қорғанысын арттыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық табысты бөлу нәтижесінде қолданыстағы өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасы 574,3 млн теңгеге ұлғаяды.
Осылайша, клиенттер қосымша жарналар төлемей-ақ, сақтандыру қорғанысын күшейтіп, отбасы үшін қаржылық тұрақтылықты арттырады, жинақтарының өсуіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандырудың нақты тиімділігіне қол жеткізеді.
Бұл шешімнің жүзеге асырылуы «Халық-Life» компаниясының инвестициялық стратегиясының тиімділігін, сондай-ақ орнықты даму қағидаттарына және сақтанушылар үшін барынша жоғары құндылық қалыптастыруға бағытталған ұстанымын айқын көрсетеді. Өмірді жинақтаушы сақтандыру «Халық-Life»-та клиент үшін тек болашақта ғана емес, шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі бойы нақты пайда әкеледі.
«Халық-Life» – «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» акционерлік қоғамы 2005 жылы құрылған.
Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингі «B++» (Good) және AM Best халықаралық рейтингтік агенттігінің барлық қазақстандық өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылатын «bbb» (Good) несиелік рейтингі бар.
S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ ағымдағы қаржылық тұрақтылық рейтингін «ВВВ-» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады. Қазақстандық ұлттық шкаласы бойынша рейтинг «kzAAA».
«Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ мүшесі болып табылады.
Компанияның жалғыз акционері Қазақстанның ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия Компанияның бас кеңсесінің нақты орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылғы № 2.2.41 жаңартылған.


