bs-preloader__icon
ru kz

Жұмыста зардап шеккен қазақстандықтардың саны бір жылда шамамен 15%-ға өсті

Өткен жылы 2449 жазатайым оқиға тіркелді, мұнда зардап шеккендердің жалпы санынан 18,2% – әйелдер. 2021 жылмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8% өскен. Жарақат алғандардың 287-сі топтық жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккен, 657-сі кәсіби ауруға шалдыққан, 34-і – уланған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жұмыста зардап шеккен қазақстандықтардың саны бір жылда шамамен 15%-ға өсті

Жазатайым оқиғаның салдарынан 584 адам жабық сынық, 444 – сыртқы жарақат, 273 – ми шайқалуы мен ағза мүшелерінің жарақатын, 143 – басқа сынықтар (буын таю),113 – ашық сынық, 108 – термикалық күйік алған.

Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. 2022 жылы онда 460 жағдай тіркелді – бұл жалпы жарақат алғандардың 18,7%. Екінші орында Ұлытау облысы, онда өндірісте 307 адам жарақат алған (жалпы саннан 12,5%).

Жарақат алу қаупі бойынша ең жоғары үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өткен жылы бұл салада жазатайым оқиғалардың 29,8% тіркелді (26,8% – 2021 ж.). Екінші орында тау-кен өнеркәсібі – зардап шеккендердің 23,9% (20,8% – 2021 ж.). Мертігудің ең аз үлесі ауыл, орман және балық шаруашылығына тиесілі – 2,4%.

Есепті жылы ең көп таралған кәсіби аурулар: дорсалгия – спецификалық емес арқа ауырсынуы (289 адам); радикулопатия – неврологиялық синдром (289 адам) және омыртқааралық дискінің зақымдануы (211 адам).

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Теңге бағамымен не болады
Теңге бағамымен не болады

Мамыр айында айлық инфляцияның байқалған баяу...

Forbes Kazakhstan сақтандырушылардың рейтингін жариялады
Forbes Kazakhstan сақтандырушылардың рейтингін жариялады

Forbes Kazakhstan Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG-ді...

Жинақ ақшаңызды қалай қорғауға болады
Жинақ ақшаңызды қалай қорғауға болады

Неліктен жұмыртқаны бір себетте сақтамау тиім...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру