bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр

Сақтандыру секторында екінші жыл қатарынан өмірді сақтандыру саласы көш бастап келеді. Сонымен, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 158,61 млрд теңгеге дейін шамамен екі есе өсім белгіленді, ол үздіксіз өсімнің алты жылында ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Көбінесе бұл ӨСК-нің ойластырылған маркетингтік саясатының арқасында болды. Сақтандырушылардың осы жылға жоспарлары туралы келесі материалда.
Өмірді сақтандыру нарығын 2022 жылы не күтіп тұр

Елдегі табысты қаржылық холдингілердің бірінің еншілес компаниясы «Сентрас Коммеск Life» ӨСК 2020 жылғы сәуірде лицензия алды. Жуық арада ұйым өз брендінің күшеюіне және танымалдылықты жоғарылату бойынша жұмысқа бар күшті жұмылдырады. «Өнім желісін әзірлеген кезде біз ең алдымен клиенттің қажеттілігіне, яғни өнімнің құндылығына, қызмет көрсету сапасына және ыңғайлы қарым-қатынасқа бағдар алдық. Массалық және сыйлықақылы клиенттер сегменті үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерін, зейнетақы аннуитетін, инвестициялық бағдарламаларды одан әрі дамытуды, клиенттік аудиторияны қамтуды кеңейту үшін серіктестермен ықпалдастықты жоспарлап жатырмыз», - деді Сентрас Коммеск Life-тің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

Халык-Life клиенттерінің базасы өткен жылдың аяғына 1,3 млн адамнан асып түсті. Бұл жерде бірінші орынға халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату және өмірді жинақтаушы сақтандыруды дамыту арқылы нарықта болуды арттыру қойылады. «Бұдан бөлек, кез-келген бизнес үшін де, біз үшін бүгінгі күндегі шындықты ескеріп, дамудың маңызды бағыты бизнесімізді цифрландыру болып табылады. Алғашқы қадамдар өткен кезеңдерде жасалған болатын. Келесі қадам ретінде біз ел халқын өмірді сақтандыру қызметтерімен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік беретін, клиенттерімізге онлайн қолжетімді болатын сақтандыру өнімдерінің тізбегін кеңейтуді айқындадық. Сақтандырудың жаңа түрлерін дамытатын боламыз, олар шамамен осы жылы пайда болуы мүмкін. Мысалы, мемлекетпен қаржыландырылатын балалар пайдасына өмірді жинақтаушы сақтандыру. Big-data мүмкіншіліктерін белсенді түрде зерттейміз және енгізетін боламыз. Себебі «Деректер фабрикасының» арқасында клиенттермен өзара іс-әрекетті жылдамдатуға, қарым-қатынасты автоматтандыруға және неғұрлым пайдалы ұсынысты тез жасауға болады», - деп бөлісті Халык-Life-тің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.  

Freedom Finance Life зейнетақы аннуитеттерін және жинақтаушы сақтандыру өнімдерін сатуға бар күшін жұмылдырады. «Біздің ӨЖС бағдарламаларымыз онлайн жасау үшін қолжетімді, төлеу үшін ыңғайлы, сақтандыру төлемдері бөлігінде неғұрлым икемді болып келеді. Freedom First жаңа бағдарламасы бойынша шартты үйден шықпай-ақ жасауға, кез-келген уақытта оны толтыруға және жинақтаудың мерзімі ішінде ішінара төлемді алуға болады. Компания жаңа өнімдерді, ыңғайлы және технологиялық сервистерді жасауға ерекше көңіл бөледі. Жалпы, Freedom Finance Life онлайн сақтандыруды дамытуды жалғастырады», - дейді компания басшысы Азамат Ердесов.

Сақтандырушылардың болжамдары

Өмірді сақтандыру саласының келешегі зор, соңғы жылдары нарық барлық негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсуде. Бұдан бөлек, ӨСК жаңа инвестицияық өнімдерді ендіру бөлігінде реттеуіш тарапынан қолдауды сезінуде. «2022 жылы ӨСК өсімінің драйвері кредиттеу көлемінің өсуі, өмірді сақтандыру өнімдерінің инвестициялық тартымдылығы, клиенттік сервис сапасының жоғарылауы болуы мүмкін. Біріншілік жүлдесі неғұрлым сұраныстағы өнімдер қатарында қалатын, өмірді жинақтаушы сақтандыру мен аннуитеттік сақтандыруда болады. ӨСК нарығы үшін перспективалық бағдарлама – unit-linked – өмірді инвестициялық сақтандыру, ол сақтанушының өзі инвестициялық табысты бөлуге қатысатын, қаржылық құралдарға үлестер түрінде инвестициялық құрауышпен бірге классикалық өмірді жинақтаушы сақтандырудың үйлесімін білдіреді», - деп болжайды Сентрас Коммеск Life-тің басқарма төрайымы.

Халык-Life-та балалары бар жас отбасыларға қызықты болатын жаңа сақтандыру өнімін іске қосуға мүмкіндік беретін заңдар қабылданатынын болжайды. Бұл мемлекеттің қаржыландыруымен балалардың пайдасына өмірді жинақтаушы сақтандыру. Бұл өнімнің мәні ата-ана осындай шартты жасап және бұл ретте сақтандыру жарналарының ыңғайлы мөлшерін таңдап, білім алуға баланың пайдасына өз өмірлерін сақтандыра алатындығында. Бірақ ата-аналардың өздерінен бөлек, тағы жыл сайын мемлекет мұндай жарналарды 5-7% мөлшерінде қаржыландыратын болады. Банк салымдары алдында мұндай өнімнің негізгі артықшылығы – сақтандыру қорғауының болуы және сақтандыру төлемінің кепілі. Мысалы, ата-ананың біреуі болашақта баланы оқытуға ақы төлеуге қаражатты жинау үшін, өз баласының пайдасына банкте салым ашады. Ата-ана қайтыс болған жағдайда немесе I, II топтағы мүгедектікті алса депозитте жиналған ақша баланың оқуына ақы төлеуге жетпеуі мүмкін. Алайда, ата-ана сақтандыру шартын жасаған кезде кез-келген жағдайда балаға сақтандыру шартында жазылған оқытудың толық сомасы төленетін болады. «Тиісті түрде таныстырып, халықтың назарына жеткізген кезде бұл өнім танымалдылыққа ие болатынына сенімдіміз», - дейді Халык-Life басшысы. – Бұдан бөлек, біз 2022 жылдың басынан ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін жоғарылағанын ескеріп, қызметкерлерді міндетті сақтандыру нарығының өсімін болжаймыз. Сонымен бірге зейнетақы аннуитеті нарығы болмашы өседі. Бірақ бұл сегментте белсенді өсімді біз күтпейміз. Бұл нарық 2021 жылы жасы және жинақтардың мөлшері бойынша шектің төмендеуімен байланысты өзгерістер аясында елеулі өсімді көрсетіп үлгерді, сондықтан біз ағымдағы жылда айтарлықтай өсімді болжамаймыз».  

Азамат Ердесов осы жылы зейнетақы аннуитеті полистеріне, өмірді жинақтаушы сақтандыруға, COVID-19 диагнозымен емханаға жатқызу тәуекелі кіретін туристік сақтандыруға сұраныс өседі деп болжайды. «Егер өмірді жинақтаушы сақтандыру туралы айтатын болсақ, соңғы уақытта бұл бағдарламаларға қызығушылық бірнеше факторлармен шартталған. COVID-19 пандемиясынан 2020 жылы болған наурыз айындағы девальвациядан кейін адамдар жинақтарды теңгенің құнсыздануынан сақтау мақсатымен доллар бағамына индекстеумен ӨЖС бағдарламалары бойынша шарттарды жиі жасай бастағанын байқадық. Мысалы, Freedom Capital бағдарламасы бойынша жинақтарды қорғап қана қоймай, сонымен қатар долларда 4% және еврода 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесі арқылы айтарлықтай көбейтуге болады», - деді сұхбаттасушы.

COVID-19 әсері

Соңғы екі індет жылындағы табысты қорытындылар өмірді сақтандыру нарығы індет кезінде жұмыс істеудің жаңа талаптарына бейімделгенін көрсетті, сондықтан, 2022 жылы ол айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. «Пандемия қайсыбір дәрежеде тіпті сақтандырушыларды бизнес-архитектураны қайта құруға, жұмыс нысанын және клиенттермен қарым-қатынасты жаңартуға, цифрлық өнімдерді әзірлеуге итермеледі», - деп еске салады Гүлжан Жақсымбетова.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
" Nomad Life"  ӨСК" АҚ-ға S&P агенттігінен «BB» рейтингі берілді
" Nomad Life" ӨСК" АҚ-ға S&P агенттігінен «BB» рейтингі берілді

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «N...

Зейнетте табысты қалай көбейтуге болады
Зейнетте табысты қалай көбейтуге болады

Зейнетте өмірдің әдеттегі салтын және әл-ауқа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру