bs-preloader__icon
ru kz
✕

Covid-19 БАӘ-да өмірді сақтандыру саласын жандандырды

БАӘ-да өмірді сақтандыру бизнесі Covid-19 пандемиясынан кейін қарқын алды, өйткені көптеген адамдар әртүрлі ӨСК полистерін сатып ала бастады, деп жазады Khaleej Times.
Covid-19 БАӘ-да өмірді сақтандыру саласын жандандырды

Zurich International Life компаниясы YouGov-пен бірлесіп жүргізген сауалнама барысында 10 респонденттің алтауы болашақта ауыр дерттің құрбаны болуы мүмкін деп алаңдайтыны анықталды.

«Олардың көпшілігі ауыр сырқат жинаған қаражатын тауысатынына сенімді. Сонымен қатар, сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі ауыр сырқаттың салдарынан табысынан айырылумен бетпе-бет келіп, үш айға дейін ғана қаржылық тұрғыда өмір сүре алатынын мәлімдеді», - деді Zurich International Life-тің бас директоры, Муфаззал Каджиджи,.

Спикер өмірді сақтандыру сақтандырылған адамның ауырған кезде отбасының шығынын өтей алатынын айтты. «Пандемия кезінде көптеген адамдар мерзімді сақтандырудың қаншалықты тиімді екенін көрді және ӨСК-нің басқа өнімдеріне қызығушылық таныта бастады. Мысалы, жинақтау жағдайында, біз, жалпы, жинақтаушы және инвестициялық сақтандыруда ӨСК мүмкіндіктерін зерттегісі келетін адамдар санының артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл ішінара БАӘ үкіметінің жинақ мәдениетін насихаттауымен байланысты», - деді ол.

Дереккөзі: https://www.khaleejtimes.com/business/covid-19-lifts-life-insurance-business-in-the-uae

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ресейде өмірді сақтандыру трендтері
Ресейде өмірді сақтандыру трендтері

Бүкілресейлік сақтандырушылар одағының Вице-...

Индияда өмірді сақтандыру
Индияда өмірді сақтандыру

Индияда сақтандыру терең тарихи тамыр жайған. ...

Өмірді сақтандыру компаниялары жерлеу консьерждің қызметін ұсынады
Өмірді сақтандыру компаниялары жерлеу консьерждің қызметін ұсынады

Жерлеуді жоспарлау жақындар үшін қиын мәселе ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру