bs-preloader__icon
ru kz en

Латвиялықтар көбіне тұрақты жарнасымен жинақтаушы сақтандыруды таңдайды

Бұл жылы Латвияда жинақтаудың минималды мерзімі өзгертілді – ол 5 жылдан 10 жылға дейін өсті. «Біз мұндай өзгерістерді толықтай қолдаймыз, мұндай жинақтау ұзақ мерзімді болуы тиіс, сонда қаржы нарығының тербеліс кезінде бұл тәуекел минималды болады», – деп «Открытый вопрос» LR4 бағдарламасында Латвиялық сақтандырушылар ассоциациясының өкілі Гинт Конрадс мәлімдеді.
Латвиялықтар көбіне тұрақты жарнасымен жинақтаушы сақтандыруды таңдайды

«Екінші – адамдар шарт жасағанда, жарналар, сыйлықақылар тұрақты болғаны өте маңызды, жарна нарықтың шарықтап кетуімен сәйкес келмегені жөн – кейін ол түседі де, портфельді қатты өзгертіп жіберуі мүмкін. Бұл маңызды жағдай, адамдар бұны түсінетіндігі көрініп тұр, және бір жолғы төлемдер бар полистер өте аз... Егер біз капиталдан салық туралы айтатын болсақ, бұл жылы ол 20% құрап отыр — бұрын ол мүлдем болмайтын, кейін 10% болған, енді 20%. Адамдар сатып алып жатқан бір немесе  басқа қаржы құралын қарастыратын кезде, олар бұл жағдайды да ескеруі тиіс», – деді ол.

Жарналар орынды шығын болып табылады, олар үшін табыс салығын қайтарып алуға болады, деп атап өтті пікірсайысқа қатысушылар.

Indexo қорының өкілі Том Крейцбергс сақтандыру талаптары туралы ақпаратты табу өте қиын және адам өзі бұл мәселенің басын аша алмайтынына назаланады. Сонымен қатар ол барлық қызығушылық танытқан адамдарды талаптарды егжей-тегжей бағалауға шақырды, өйткені жинақталған соманың уәде етілген өсуі комиссиялық алымдардың кесірінен жойылып кетуі мүмкін – комиссиялардың мөлшері түрлі сақтандырушыларда әр түрлі болуы мүмкін. Нәтижесінде клиент қолына өзі салған қаржысынан аз ақшаны алуы мүмкін.

Қазіргі таңда Латвияда өмірді жинақтаушы сақтандыру пакеті заңды тұлғалардың жарналарымен бірге шамамен 400 млн евроны құрайды.

«Өсуі жылына шамамен 10%-ды құрап отыр. Бірақ, бұл Латвияда екінші деңгейде жинақталғанның 10-11% құрайды. Әрине, жарналардың, сондай-ақ осы капиталдың өсуіне дейін әлі де ұзақ жүру керек. Әрине, зейнетақы қорларында жинақталғанды қоса алар едік, бірақ осының барлығы бірге екінші деңгейдің 20% құрайды», - деді SEB өкілі Кристина Ломаноска.

«Сақтандыру – өнімнің негізгі рөлі, ал жинақтауға болатыны – бұл екінші кезектегі өнім», – деп атап өтті Конрадс.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – ақшаны кәрілікке ақша жинау мүмкіндіктерінің бірі болып табылатындығын атап көрсеткен жөн.

Дереккөзі: https://rus.lsm.lv/statja/novosti/ekonomika/latviyci-chasche-vibirayut-nakopitelnuyu-strahovku-s-reguljarnimi-vznosami--associacija.a278454/

Фотосуреттер everydayme.ru, healthyfamiliesbc.ca сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
S&P: ӨСК-нің беделі артуда
S&P: ӨСК-нің беделі артуда

Осы жылы өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ...

Індет кезінде де сақтандырушылар өз клиенттері үшін табыс табуда
Індет кезінде де сақтандырушылар өз клиенттері үшін табыс табуда

Капиталдың халықаралық нарықтарында тұрақсыз...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру