bs-preloader__icon
ru kz

Данияр Ақышев лайф-сақтандыру болашағына оң қарайды

2017 жылы осы өнім бойынша төлемдер көлемі өсті, деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы
Данияр Ақышев лайф-сақтандыру болашағына оң қарайды

Қазақстанда өмірді сақтандыру саласына кері әсер еткен объективті себептерге қарамастан,  life insurance даму болашағы зор. Бұл туралы онлайн-конференция барысында ҚҰ Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп  Kapital.kz. іскерлік ақпарат орталығы тілшісі  мәлімдеді.

«Өмірді сақтандыруды қарастырсақ, менің қолымдағы статистика бойынша 2017 жылы осы компаниялар жүзеге асырған төлемдердің көлемі артты. Бірақ олар жұмыс істейтін ортаға, және де нарықта (сақтандыру нарығы – Ред.) жүрген өзгерістерге де назар аудару керек, - деді ол. 

Біріншіден, ипотекалық несие берудің тежелуі лайф-сақтандыруға кері әсер етті. Екіншіден, сақтандыру нарығында ақша ағыны  сақтандыру заңына 2015 жылы өзгерістер енгізілгеннен кейін жазатайым оқиғалардан сақтандыру жағына қарай көшті, деп түсіндірді бас банкир. Оған сәйкес зардап шеккен қызметкерге зиянды өтеу мемлекет, жұмыс беруші және сақтандыру ұйымы арасында бөлінген.

«Бірақ болашақта бұл нарықта (өмірді сақтандыру нарығы-Ред.) үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл ең алдымен заңнамалық қамсыздауға, салық мүмкіндіктеріне тәуелді болады»,- деп қосты Данияр Ақышев.

Ақпарат көзі фотосурет: https://i.kapital.kz/c/97a5343ffb281ab9b4bfaec28d53c6e8/m/1024/768/3/1/1/8/f/14ec9ac1090403e641d5f9df292.jpg

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр
ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өмірді сақтандыру ...

ONE Coach – «адамға арналған телематика» қызметі әзірленді
ONE Coach – «адамға арналған телематика» қызметі әзірленді

Ол сақтандыру компанияларының клиенттері үші...

Өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру – қарапайым сөзбен
Өмірді жинақтаушы және инвестициялық сақтандыру – қарапайым сөзбен

Ұзақ мерзімді инвестициялау туралы, немесе өм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру