- Светлана, қызметкерлерді медициналық сақтандырудан сақтандыру бағдарламаларынан немен ерекшелінеді? Олар синоним емес пе?
— Жоқ бұл сақтандыру арқылы қорғаудың екі түрлі тәсілі. Олардың әрекет ету принципі де әр түрлі.
Медициналық сақтандыру бағдарламалары немесе ЕМС жұмыс берушіге өз қызметкерлерінің емін сақтандыру компаниясы есебінен ұйымдастыруға және төлеуге мүмкіндік береді. Медициналық көмек сақтандыру шартында алдын ала белгіленген клиникаларда көрсетіледі. Көбінесе бұл кең таралатын аурулардан – мысалы, маусымдық ЖРВИ, бейінді дәрігердің кеңесі және дәрі-дәрмекті тағайындау қажет болғанда, қандай да бір созылмалы аурудан емдеу болуы мүмкін. Түрлі бағалау бойынша ЕМС бағдарламалары бойынша барлық қаралудың 2/3 артық бөлігін құрайды. Біздің ұжымымыз да медициналық сақтандырумен пайдаланады, біз жалпы статистикаға да сәйкес келеміз. Алайда қызметкерлерге жедел жәрдем шақыру қажет болғандай, мысалы, жүрек ұстамасы кезінде, кенеттен қатты ауырып қалған жағдайлар да кездеседі.
Сақтандыру бағдарламасында күрделі ауру жағдайында басқа принцип болады. Егер сақтандырылған қызметкер ауыр сырқатқа – онко-диагнозы, инсульт, немесе, мысалы, ағзаны алмастыру қажеттілігіне тап болса, сақтандыру компаниясы қаржылық көмекті оның дербес шотына аударады. Бұл сома алдын ала анықталады, оны сақтандыру шартын жасаған кезде таңдауға болады. Бұл ретте емнің ұйымдастырылуы: аурухананы, емдеуші дәрігерді, емдеу әдісін таңдау клиенттің қалауы бойынша. Мысалы, клиент шетелдегі клиниканы таңдай алады. Менің ойымша, көмек көрсетудің мұндай форматы қазіргі таңда өте дұрыс.
— Демек, негізгі айырмашылық – көмек көрсетудің тәсілінде ма?
— Шындап келгенде, иә – клиентке медициналық қызмет көрсетудің тәсілдерінде, сонымен қатар сақтандыру бағдарламалары бойынша шектеулердегі айырмашылықтар бар. ЕМС бағдарламалары бойынша барлық төлемдер клиниканың шотына аудару арқылы ғана жүзеге асырылады, тек белгілі бір медициналық мекемелерде емделуге болады, шартта көзделген медициналық қызметтер және дәрілер ғана төленеді. Сақтандыру бағдарламалары бойынша мұндай шектеу қойылмайды: ақша емдік қызметтер мен дәрілерге ғана емес, сондай-ақ емдеумен байланысты барлық шығындарға да жұмсалады. Сонымен қатар ауырып қалған кезеңде қызметкердің шығындарын өтеуге де жұмсауға болады.
Тағы бір өте маңызды жәйт: өмірге қауіп төндіретін және ұзақ мерзімді емді талап ететін ауыр сырқаттар көбінесе ЕМС бағдарламасына енбейді. Яғни олардың емі қарапайым медициналық сақтандыруда қарастырылмайды. Жекеленген жағдайларда емдеудің алғашқы курсы ғана өтелуі мүмкін. Қайталанған емі, оған қоса оңалту емі де өтелмейді. Сондықтан да ең тиімді жолы бұл сақтандырудың екі бағдарламасын үйлесімі: ЕМС үйреншікті полисі және ауырып қалған жағдайда қаржылық қорғау болып табылады.
— Күрделі аурулар жиі кездеспейді ғой. Күрделі аурулардан, әсіресе жас, еңбекке қабілетті адамдарды қорғау қаншалықты өзекті болады?
— Осындай кең таралған қате сенімнің арқасында, көптеген жас украиндықтар сақтандырусыз қалып қалады да, қажетті емді төлей алмай қалады. ДДСҰ (ВОЗ) медициналық статистикасын және жалпы украиналық мәліметтерді талдай келе, төмендегідей жағдайлар анық болады: күрделі аурулардың жиілілігі артуда, ал ауыр сырқаттар «жасаруда». Мысалы, 2014 жылы Украинада алғашқы рет ми инсультына шалдыққан 94 мың пайиент тіркелді, ал 2018 жылы – 111 мың, оның ішінде ауырып қалғандардың 33-36% - еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Бұл сандар батыс еуропалық мәліметтерден 2,5 есеге артады, және де, өкінішке орай, олар жылдан жылға өсіп келеді. Онкология бойынша бұдан да ауыр деректер орын алуда. Жалпы орташа есеппен алғанда Украинада еңбекке қабілетті жастағы адамдардың 65-70% қайтыс болуы жағдайы созылмалы жұқпалы емес аурулардың кесірінен болады: ер азаматтарда алдыңғы орында қан айналымы жүйесінің аурулары болса, әйелдерде – онкология.
— Украинада компаниялардың қайсысы қызметкерлері ауырып қалған жағдайда сақтандыру қызметтерін көрсетеді? Қанша сақтандыру компанияларында лицензия бар?
— Бүгінгі таңда бұл шамамен 10-15 компания. Бұл ретте күрделі аурулар жағдайында сақтандыруды ЕМС провайдерлері де, өмірді сақтандыру компаниялары да ұсынады. Екінші нұсқа кеңінен таралған, өйткені life-сақтандырушылары әдетте сақтандырудың едәуір тартымды шарттарын және сақтандыру арқылы қорғаудың үлкен сомаларын ұсына алады.
Мысалы, МетЛайф компаниясы өзінің қызметкерлерінің пайдасына 300 мың – 1 млн гривна мөлшеріндегі өтемақысымен шарттарды жасайтын көптеген корпоративтік клиенттерімен әрекеттеседі. Дәл осындай ақшаға қатерлі диагнозға тап болған клиент ие бола алады. Бұл ретте ЕМС бағдарламасы бойынша стандартты сома, тіпті оған онко-диагнозы қойылған жағдайда емделу енгізілген болса, әдеттегідей 150-250 мың грн құрайды, және компания осындай көмектің тек алғашқы курсын ғана өтейді. Сондықтан ЕМС пакеті және күрделі аурулар жағдайында бағдарлама сақтандыру арқылы қорғаудың тиімді тандемін құрайды. Олар бір бірін алмастырмайды, тек толықтырады.
— Компанияларға қызметкерлерді күрделі аурулардан сақтандыру қымбатқа түседі ме?
— Осындай сақтандыру бағдарламаларының өзгеше ерекшелігі – олардың баға бойынша салыстырмалы түрдегі қолжетімділігі. Қорытынды тарифі, әрине, бірнеше факторларға: қызметкерлердің орташа жасына, ұжымдағы гендерлік ара қатынасына байланысты болады. мысалы, ер адамдарда жүрек-тамыр ауруларының ықтималдылығы жасы келген сайын жоғары болады, бұл да баға белгілеуіне әсер етеді.
Бірақ қандай жағдай болмасын, күрделі аурулар жағдайында тіпті 500 мың – 1 млн гривна мөлшеріндегі максималды сақтандыру сомасына сақтандыру жұмыс берушіге ЕМС бюджеттік бағдарламадан 1,5-2 есе арзанға түседі. Бұл орайда жылына бір сақтандырылған тұлға үшін 2000-3800 грн. мөлшеріндегі баға жайында сөз болмақ. Төменгі өтемі бар бағдарламалар бұдан да арзанырақ, жылына 1 000 — 1 500 грн. бюджетімен ұсыныстар да бар.
— Күрделі аурулардан сақтандыру бағдарламалары нәтижесінде компаниялар мен олардың қызметкерлеріне не бере алады? Төлемдер статистикасымен бөлісе аласыз ба?
— Әрине. Күрделі ауруларға тап болған біздің корпоративтік клиенттердің қызметкерлері үшін төлемдердің жалпы сомасы 2018 жылда 3 млн 700 мың гривнадан асты. Тағы 4 млн. 300 мың гривнаны онкологиялық емдеуден кейін немесе бастан кешірген инсульттан, инфаркттан кейін мүгедектік белгіленген сақтандырылған тұлғалар алды – мұндай опцияны корпоративтік сақтандыру пакетіне енгізуге болатын еді. Ағымдағы жылдың 5 айдың ішінде біз күрделі аурулар жағдайында сақтандыру бойынша 3,1 млн гривнадан артық төлем жасадық. Өзіңіз көріп отырғандай, бұл сан 2018 ж. жылдық көрсеткіштеріне жақындап келеді.
Өкінішке орай, ешкім аурулардан 100% қорғалуына кепілдік бере алмайды. Бірақ әлеуметтік жауапты жұмыс беруші және сенімді серіктес кемінде адамдарға күрделі ауру ол үшін қаржы жағынан апатқа айналмайтынына және ол аурумен жекпе-жек қалмайтынына сенімділік бере алады. Біздің сақтандырылған тұлғалардың тәжірибесі көрсеткендей, дәл осындай қаржылық және психологиялық қолдау заманауи емге қол жеткізуге, позитивті ойлауды сақтауға көмектеседі және жазылудың шанстарын арттырады. Бақытына орай, біздің клиенттерімізде осындай жеңістер мен дені сау өмірге оралудың мысалдары бар. Және бұл күрделі аурулардан сақтандыру Украинада көптеген адамдарға қолжетімді болатын стандартты тәжірибеге айналғанын қалайтынымның ең маңызды себептерінің бірі болып табылады. Егер де жауапты жұмыс берушілер компаниялар осыны тезірек түсініп алып, бізге көмектессе, керемет болар еді.
Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/interview/svetlana-kandyiba-interview
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.