bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру бойынша «балаларға арналған» өнімдер

Егер сіздің балаңыз 18 жасқа толмаса, бұл оның қаржы қызметтеріне әлі кішкентай деген сөз емес. Өмірді сақтандыру компанияларында балалар мен олардың ата-аналары үшін түрлі ұсыныстар бар: арнайы жинақтаушы полистер, күтпеген жағдайлардан балаларды және ата-аналарын сақтандыруды қосатын полистер. Мемлекет мұндай жинақтарды көтермелейді және салық жеңілдіктерін көздейді. Осы жерде «балаларға арналған» сақтандыру өнімдерінің артықшылықтарын талқылаймыз.
Өмірді сақтандыру бойынша «балаларға арналған» өнімдер

Балаларға арналған өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары банктегі ұзақ мерзімді салымға ұқсас. Ата-анасы, туысы немесе қамқоршысы баланың пайдасына сақтандыру шартын рәсімдейді. Яғни, ересек адам сақтанушы, ал бала сақтандырылушы және (немесе) пайда алушы, яғни төлемді алушы болады. Сақтанушы тұрақты түрде жарналарды төлейді (шартты рәсімдеген кезде сомасы мен мерзімін таңдауға болады), оларға үлкен емес пайыз есептеледі – және нәтижесінде сақтандыру сомасы қалыптасады. Дәл сол соманы бала, мысалы, 13 жылдан кейін алады.

Шартты әдетте бірнеше жылға жасайды – 5 жылдан 20 жылға дейін. Баланың өміріндегі белгілі бір оқиғаға есептеп жасауға болады. Бұл мектеп бітіру және институтқа түсу, үйлену тойы немесе пәтер сатып алу болуы мүмкін.

«Шын мәнісінде, балалардың білім алуына қаражат салу ең тиімді инвестициялық құрал болып табылады, оған қоса оқыту құны әрдайым өседі. Бұл туралы өмірді сақтандыру компаниясында баланың пайдасына өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасап, алдын-ала ойлауға болады. Кәмелетке толу, неке қию және т.б. секілді балалардың өміріндегі басқа маңызды оқиғаларға да біршама соманы осылай жинауға болады. Шарт бойынша сақтандыру сомасы ата-ананың жарналарынан және сақтандырушының инвестицияларынан алынған табыстан жинақталады. Оған қоса жинақтарды сақтап қалу – өсуші инфляция және күрделі экономикалық жағдайда өте маңызды», - деп түсіндіреді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

«Nomad Life» ӨСК-де балалардың пайдасына өмірді сақтандыру полистерін жиі әйелдер ашады. «Сонымен қатар, сақтанушы – ерлердің үлесі жыл сайын орта есеппен 10–15%-ға ұлғаюда. Ағымдағы жағдайға клиенттердің орташа жасы 47 жасты құрайды, ал 5 жыл бұрын клиенттің орташа жасы 52 жасты құраған. Біздің негізгі мақсатымыз – жас адамдарды қатыстырып капиталдың тиімді және пайдалы жинақталуы аясында клиент үшін мүмкіндіктерді кеңейту», - дейді компания басшысы Аида Камысова.

Қаржы өнімдері

Nomad Life ӨСК-нің жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары олар ата-ана, сонымен қатар кәмелетке толған және кәмелетке толмаған балалар болуы мүмкін, пайда алушыларды (төлемді алушыларды) өздігінен тағайындау мүмкіндігімен, 18 жасқа толған жеке тұлғаларға арналған. Мұндай бағдарламалар бойынша шарттар өте қарапайым. Әрбір тілеуші ата-ана өз баласының білім алуына, ірі сатып алуға немесе мұқтажсыз қартаюға жинақтау мақсатымен жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын аша алады. Мысал келтірсек: Баланың жасы: 5 жас, ЖОО-ға түсуге дейін 13 жыл бар. 4 жылда беделді ЖОО-да орташа оқу құны: 25 000 – 30 000 доллар. Яғни, клиенттің алдында 13 жылда оқудың құнына тең соманы жинау міндеті тұр.

200 ш.б. баламалы, ай сайынғы сақтандыру жарнасы кезінде (жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы кезеңдік жарналарды көздейді) клиент өздігінен бөліп төлеу бойынша ыңғайлы шарттарды анықтай алады: айына бір рет, тоқсанда бір рет немесе жылына бір рет. 13 жылда кірістіліктің кепілдендірілген мөлшерлемесін ескеріп, біздің клиент 35 613 доллар жинай алады.

Бұл жинақтар ата-ананың өз баласының беделді ЖОО-да оқуы бойынша мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді.

«Бүткіл әлемде өмірді сақтандырудың негізгі мақсатын айта кету қажет – бұл жақындарыңызды қаржылай қорғау. Мысалға оралып, және бұл есепті мынадай жолмен қарастырайық: клиент 200 доллар мөлшерінде бірінші жарнаны төлеп, шарттың қолданылуының бірінші күнінен бастап өз өмірін 35 613 долларға сақтандырды. Бұл дегеніміз, жинақтау сомасына тәуелсіз, егер сақтандырылушының (ата-ананың) «кез-келген себеп бойынша өмірден кетуі» сақтандыру жағдайы орын алса, 35 613 доллар кепілдендірілген сақтандыру сомасы сақтандыру шарты бойынша пайда алушыға (балаға) төленетін болады», - деп нақтылайды Аида Камысова.

2021 жылы Nomad Life өмірді сақтандыру компанияларының ішінен бірінші болып АҚШ долларында CAPITAL бағдарламасын - online жасасу мүмкіндігімен жинақтаушы сақтандырудың жаңа инновациялық өнімін іске қосты.

Балаларға арналған тағы бір жинақтаушы өнімді «Сентрас Коммеск Life» өмірді сақтандыру компаниясы ұсынады. Бата Өмірдің артықшылықтары сақтандыру шартының бүткіл қолданылу мерзімі ішінде ата-ана таңдалған тәуекелдер бойынша сақтандырылғаны, сондай-ақ сақтандыру компаниясы сақтанушымен өз табысымен бөлісе алатыны болып табылады.  

Жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларында сақтандыру төлемі мүліктік даулар кезінде бөлінбейді. Бағдарлама аясында орналастырылған қаражат тәркілене алмайды және сот шешімі бойынша тыйым салына алмайды. Сонымен қатар, сақтанушы-ата-аналарда сатып алу сомасын кепілге қою арқылы қарыз алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте салық салынатын табыстан сақтандыру сыйлықақысының салық шегерімі жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғауы тәулік бойы бүткіл әлемде әрекет етеді. 

Freedom Finance Life-тің өнімдік желісінде ата-аналар үшін өмірді жинақтаушы сақтандырудың екі бағдарламасы ұсынылған, әрқайсысының өз ерекшеліктері мен шарттары бар. Мысалы, Freedom Education балаға Қазақстанда немесе шетелде жоғары білім алуына ақы төлеуді жоспарлап жатқан, ата-аналар үшін әзірленген. Шарт қолданыста болғанға дейін, сақтанушы күтпеген жағдайлардан қорғалатын болады. Мысалы, егер ол қандай-да бір себеп бойынша жазатайым оқиғадан, жарақаттан, мүгедектіктен немесе қайтыс болудан белгіленген мерзімге қажет соманы жинай алмаса, компания оның баласы бакалавриатқа түсіп, оқи алуы үшін барлық міндеттемелерді орындайды.

Freedom Kids басқа бағдарлама бойынша өз балаңыздың сенімді болашағы үшін қаржылық қауіпсіздікті қалыптастыруға болады. Бұл бағдарлама бойынша сонымен қатар баланың білім алуына жинауға болады. Шарттың бүткіл қолданылу мерзімі ішінде ата-ана мен оның баласы (сақтандырылғандар) күтпеген жағдайлардан сақтандыру қорғауында болады. Сақтандыру өтейтін негізгі тәуекел – сақтандырылушының қайтыс болуы. Қосымша тәуекелдер бойынша ауруханаға жатқызу, дене жарақатын алу, мүгедектік, жазатайым оқиға немесе ауру, оның ішінде ауыр ауру нәтижесінде өмірден өтуді өтеу болады. Сақтандырылушы сақтандыру мерзімінің аяғына дейін өмір сүрген кезде клиент негізгі сақтандыру сомасын және шарттың қолданылу кезеңі үшін дивидендтерді алады.

Салық артықшылықтары

2021 жылдан бастап өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларында салық жеңілдіктері пайда болды. Енді, үш жыл және одан артық қолданылу мерзімімен жинақтаушы сақтандыру шартын жасасып, сақтанушы жыл сайын өзі төлейтін жарналар сомасынан 10%-ға дейін салықтарды төлеуде үнемдей алады. «ЖТС бойынша салық шегерімі сақтандыру шартын берген кезде және сақтандыру жарнасын төлеуді растаған кезде жұмыс орны бойынша қолданылады. Осылайша, табыс салығы азайтылады және клиент «қолына» алатын сома ұлғайтылады. Сонымен қатар, сақтандырушымен шарт бұзылған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру немесе сатып алу сомасын төлеу кезінде сақтанушыдан табыс салығы ұсталмайды», - деп түсіндіреді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру туралы үйлену тойының алдында қою тиіс сұрақтар
Өмірді сақтандыру туралы үйлену тойының алдында қою тиіс сұрақтар

Үйлену тойының алдында әдемі көйлек немесе мә...

Неліктен өмірді сақтандыру қаржы жоспарының бір бөлігі болуы тиіс
Неліктен өмірді сақтандыру қаржы жоспарының бір бөлігі болуы тиіс

Адам сақтандыруға ие болған кезде ол әрқашан с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру