bs-preloader__icon
ru kz

«Freedom Finance Life» сақтандыру компаниясының лицензиясының әрекеті қалпына келтірілді.

Компания 1 ақпаннан бастап толыққанды жұмысын қайта бастайды, деп kursiv.kz хабарлайды.
«Freedom Finance Life» сақтандыру компаниясының лицензиясының әрекеті қалпына келтірілді.

«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқық беретін 2018 жылғы 14 қарашада берілген №2.2.48 лицензиясының әрекеті қалпына келтірілді.

Компания аннуитеттік сақтандыру және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру (ҚЖОМС) бойынша толыққанды қызметін 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қайта бастайды.

Freedom Finance Life полистерді қайта жазып, сақтандырудың осы түрлері бойынша шарттарды ұзарта алады. Сақтандырудың басқа түрлері бойынша жұмыс тоқтатылмаған, ол штаттық режимде қызмет етеді.

Анықтама:

«Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясы нарықта 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, 2018 жылдан бастап компания  Freedom Finance брендімен жұмысты жасап келеді. Өзінің жұмыс жасаған уақыт ішінде 335 000-нан астам клиентті сақтандырды.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша СК активтері 10,37 млрд теңгені, сақтандыру қорлары –  7,26 млрд теңгені, өзіндік капиталы –  2,98 млрд теңгені, жарғылық капиталы –  1,99 млрд теңгені құрап отыр. Компанияның бөлінбеген табысы 392 млн теңгені құрады.

Freedom Finance Life бұрын "Азия Life" өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ болып аталған еді. Ұлттық Банк лицензияны 2015 жылда сол компанияға берген болатын. Жұмысты қайта бастау үшін компанияға атауының өзгеруіне байланысты лицензияның қайта ресімделуі қажет болды, деп Ұлттық банктің хабарламасында хабарланды.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/kompanii/2019-02/deystvie-licenzii-strakhovoy-kompanii-freedom-finance-life-vosstanovleno

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы 2026 жылы $665,6 млрд-қа жетеді
Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы 2026 жылы $665,6 млрд-қа жетеді

Қытайдың өмірді сақтандыру нарығы орта есеппе...

Неге жастар өмірді сақтандыру
Неге жастар өмірді сақтандыру

Жастар болашаққа сенімді түрде қарайды, бәрі ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру