bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламасы іске қосылды

Бағдарлама аясында Астана қаласында «Біздің қасымызда» қайырымдылық акциясы өткізілді, ол жазатайым оқиғалардың салдарынан болатын балалардың жарақаттарын алдын алуға бағытталған.
Қазақстанда «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламасы іске қосылды

Іс-шараға Астана қаласының ІІД, Қоғамдық даму басқармасының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, сондай-ақ Қызыл Жарты ай қоғамының Астанадағы филиалының өкілдері қатысты.

Барлық қатысушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар, үйде және қоғамдық орындарда жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шаралар және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар  сыйлықтарды табыстаумен танымдық ойындар өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламасы мемлекеттік органдарын, жұртшылықты, бұқаралық ақпарат құралдарын және халықты жарақат алу проблемаларына көңіл аударту мақсатында жүзгізіліп жатыр.

 

Айта кетейік, Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары жарақаттардан, оның ішінде балалар үшін сақтандыру өнімдерін ұсынады. Полис баланы ықтимал қауіптен сақтай алмайды, бірақ сақтандыру ата-аналарға қаржылық еркіндікті сақтауға көмектеседі, бала жарақат алу жағдайында, ақша жоғалтпастан, баланың денсаулығына толық қамқорлық жасау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, сақтандыру агенттері балаға сақтандырудың оңтайлы түрін таңдап, сақтандыру полисі не ұсынатыны туралы, не көзделгені және не көзделмегені туралы айтып береді. Сақтандыру сомасының мөлшерін әрбір адамдар жеке анықтап, ыңғайлы төлем әдісін таңдайды. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясында спортпен шұғылданатын немесе биге, театр студияларына қатысатын балалар үшін сақтандыру полистерін рәсімдеуге болады. Айтпақшы, жас спортшылар да осындай сақтандыруды иеленеді.

 

Дереккөз: https://hls.kz/archives/14156

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Аулақ болуы тиіс мифтер
Аулақ болуы тиіс мифтер

Кейбір адамдар зейнетке шыққанда өте аз табыс ...

Қазақстанға қандай мамандар қажет
Қазақстанға қандай мамандар қажет

Энергетика министрлігінде LS агенттігіне сала...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру