bs-preloader__icon
ru kz

Сақтандыру секторы жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен өсуде – ҚНРДА

2025 жылғы сәуірде сақтандыру ұйымдары 24,4 млрд теңге (2025 жылдың басынан бастап таза пайда – 42,6 млрд теңге) мөлшерінде пайда алды, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Сақтандыру секторы жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен өсуде – ҚНРДА

Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2025 жылдың басынан бастап 8,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,1% - ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарына (66,5% - ға немесе 1,4 млн шарттарға) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылғы сәуірде 152,6 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 543,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8% - ға артық.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы сәуірде 72,6 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бастап 264,5 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,8% – ға артық. Өсім негізінен жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 2,1 есе 62,4 млрд теңгеге дейін және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша 1,6 есе 97,3 млрд теңгеге дейін ұлғаюына байланысты.

2025 жылдың сәуір айындағы сақтандыру төлемдері 41,6 млрд теңгені құрады, 2025 жылдың басынан бері – 131,9 млрд теңге, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6% - ға артық, барлығы 152,3 мың төлем жүзеге асырылды.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Белгілі компаниялардың басшылары қанша ұйықтайды
Белгілі компаниялардың басшылары қанша ұйықтайды

Ірі компанияның бас директоры болу қиын жұмыс....

Ұзақ өмір сүруді сақтандыру
Ұзақ өмір сүруді сақтандыру

Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде әлем бойынша...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру