bs-preloader__icon
ru kz

Добровольное и обязательное мед страхование

Бұл туралы жақында Алматы қаласында өткен «Орталық Азиядаға сақтандыру» атты XII Халықаралық конференция аясында айтылды. Конференцияға Орталық Азиядан, Кедендік Одақтан, Каваказдан, Азия және Еуропа елдерінен келген жетекші сақтандыру, қайта сақтандыру, брокерлік компаниялар қатысты.
ҚҚҚ ерікті және міндетті медициналық сақтандыруды біріктіруін ұсынады

Конференцияның негізгі тақырыптары ЕАЭО елдерінің сақтандыру нарығы, моторлы сақтандыру, сақтандыру және қайта сақтандыру пулы, өмірді сақтандыру болды, деп хабарлайды afk.kz.

Конференцияның екінші күні шеңберінде «Ерікті және міндетті медициналық сақтандыру. Халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Әлеуметтік медициналық сқатнадыру қорының Басқарма Төрағасы Елена Бахмутова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, сақтандыру ұйымдарының өкілдері, ассистанстар және халықаралық сарапшылар қатысты.

ҚҚҚ (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы) басқарушы директоры Ерлан Бурабаев ерікті медициналық сақтандыру мен міндетті әлеуметтік сақтандыруды біріктіру туралы ұсыныс жасады. Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша қатысушылар ерікті және міндетті сақтандыруды қосудың тиімді тетіктерін талқылауға келісті.

Елена Бахмутова қордың ағымдағы қызметі туралы ақпаратты ұсынды. Сақтандыру ұйымдарының өкілдері ерікті медициналық сақтандырудың дамуы және ассистанстардың қызметі туралы сөз қозғады.

 

Дереккөзіhttp://afk.kz/ru/news/afk-predlagaet-sovmestit-dobrovolnoe-i-obyazatelnoe-medstraxovanie.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өз ақшаны қалай сақтап қалып, көбейтуге болады
Өз ақшаны қалай сақтап қалып, көбейтуге болады

Теңгенің долларға қатысты бағамының тұрақсыз...

Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?
Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?

Жаһандық сандық жүйеге көшу дәуірінде қызметт...

Зейнетақыда бес табыс көзі аталды
Зейнетақыда бес табыс көзі аталды

Егер Сіз 401 (k) IRA (зейнетақы жинақ) шотына жеткіл...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру