bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы аннуитеті кімге қажет

Өмірді сақтандыруда аннуитеттер өзінің клиенттеріне қартайған жаста кепілдік берілген кірісті беретін, жинақтаушы құралды білдіреді. Бұл өнім кімге лайықты екенін осы жерде айтамыз.
Зейнетақы аннуитеті кімге қажет

Сақтандырушылардың бағдарламалары 45 жасқа толған адамдарға, сондай-ақ олар үшін жұмыс берушілер БЖЗҚ-ға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кемінде 60 айға аударған, еңбектің зиянды жағдайларында өндірісте жұмыс істейтін 40 жастағылар үшін арналған. «Мысалы, 45 жастағы ерлер үшін шартты жасасу үшін БЖЗҚ-да кемінде 6,15 млн жинағы болуы тиіс, 55 жастағы ерлер үшін – кемінде 6,7 млн теңгелері болуы тиіс. 45 жастағы әйелдер үшін шартты жасасу үшін БЖЗҚ-да кемінде 7,7 млн жинақтары болуы тиіс», - деп түсіндіреді Nomad Life-тің Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Осы жылы зейнетақы аннуитеті шарттарын жасауға клиенттердің жасы төмендетілді және жинақтардың қажет сомасының мөлшері азайтылды, яғни өнім БЖЗҚ-ның салымшыларының көбісіне қолжетімдірек болды. «Ай сайынғы төлемдерді 55 жасқа жеткен ерлер және 52 жасқа жеткен әйелдер ала алады, ағымдағы жылдың басынан 45 жасқа жеткен тұлғаларға кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіншілігі пайда болды, - деп нақтылайды «Евразия» ӨСК-нің Басқарма төрайымы Гульмира Убегалиева. – Зейнетақы аннуитеті – бұл егде жаста қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз етудің жақсы құралы, себебі өнім бүткіл өмірге кіріс ағынына кепілдік береді және тұтынушыны инвестициялық тәуекелдерден, ұзақ өмір сүру және инфляция тәуекелдерінен қорғайды.

Клиент зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде, БЖЗҚ-дан жиналған ақшаны өмірді сақтандыру компаниясына аударады. «Содан кейін компания мамандары клиент алатын, ай сайынғы төлемдердің мөлшерін есептеуі тиіс. Бұл үшін олар клиент жинаған соманы, статистикалық деректерді және түрлі формулаларды негізге алады», - дейді Freedom Finance Life-тің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

«Ай сайынғы төлемдердің мөлшерін есептеу әдістемесі ҚР ҰБ-ның қаулысымен регламенттелген. Сақтандырушылар өлім-жітім кестесінде көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес, 110 жасқа дейін төлемдерді есептейді. Жастың аталған шегі төлем клиентке өмір бойы жүргізілетін дерегін білдіреді. Тиісінше төлемдерді алушы 111 жастан және одан артық өмір сүрген кезде шарт бойынша төлемдер бәрібір белгіленген төлемдер кестесі бойынша жүргізілетін болады», - дейді Халык-Life-тің басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.

Зейнетақы аннуитеті қандай кірістерді қамтамасыз ете алады

Осындай аннуитеттің шарттары бойынша ай сайынғы төлемдер ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен бола алмайды. «Зейнетақы аннуитеті шартының артықшылығының бірі төлемдердің жыл сайынғы 5%-ға индекстелуі болып табылады. Бұл ретте төлемдердің индекстелуі жеке сақтандыру ұйымының қызметінің тиімділігіне байланысты емес, индекстеудің міндеттілігі туралы талап заңнамалық деңгейде белгіленген, сәйкесінше, төлемдер кез-келген жағдайда жыл сайын ұлғаятын болады», - деді Nomad Life-тің басшысы.

Бүгінгі күні жинақтарды сақтау – сондай оңай міндет емес. Инфляция – қартаюға қаражатты жинауға тырысатындардың басты мәселесі. «Индекстеу алынып жатқан кірістің өсіміне кепілдік береді, сондай-ақ елеулі инфляциялық жоғалтулардан құтылуға көмектеседі. Осылайша, сақтандырушылар өмір бойы егде жастағы адамдардың сатып алушы қабілетін қолдайды», - дейді Мемлекеттік аннуитеттік компанияның Басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев.

Табыс көздері

Егер адам зейнетақы аннуитеті шартын жасаса, онда ол зейнетақы жасына жеткен кезде, зейнетақыны үш табыс көздерінен ала бастайды:

1. өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитеттік төлемдер;

2. БЖЗҚ-дан төлемдер;

3. мемлекеттік зейнетақы (1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болған кезде).

«Инвесторлар «Барлық жұмыртқаларды бір жәшікке салма» деп қайталауды жақсы көреді. Жұмыста өзіңіздің жалақыңызға ғана сену – әртараптандырудың болмауынан барлығын тәуекелге қоюды білдіреді. Табыстың бірнеше көздері күтпеген жағдайлар жағдайында сізді едәуір күштірек етеді», - дейді Гульмира Убегалиева.

«Біздің клиенттеріміз – ерлі-зайыптылар жиі бір-екі табыс көздерінің есебінен өмір сүреді, ал үшіншісін – жылына бір рет немерелерімен демалысқа жұмсайды. Мұндай демеу «алтын» жылдарды айтарлықтай жақсы ете алады», - деген сенімде Азамат Ердесов.

Мұрагерлік

Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлемдерді жүзеге асырудың кепілдік берілген кезеңі заңмен қарастырылған. «Кепілдік берілген кезең – бұл уақыт мерзімі ішінде аннуитет өлді ме жоқ па тәуелсіз, сақтандыру компаниясы аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыруға міндетті кезең. Егер зейнетақы аннуитеті шартында клиент кепілдік берілген кезеңді көрсетсе, онда ол қайтыс болған жағдайда бұл кезеңде төлемдер пайда алушыларға немесе аннуитеттің мұрагерлеріне кепілдік берілген кезең аяқталғанша жүзеге асырылады», - деп нақтылайды Жанар Жубаниязова.

Кепілдік берілген кезеңді санау шарт бойынша клиентке бірінші төлем сәтінен бастап басталады. «Мысалы, егер адам 20 жылдық кепілдік берілген кезеңі белгіленген зейнетақы аннуитеті шартын жасаса және төлемдерді ала бастағаннан кейін 5 жылдан кейін қайтыс болса, онда өмірді сақтандыру компаниясы осы шарттың аясында қалған 15 жыл ішінде ақшаны мұрагерлерге төлеуді жалғастырады», - деп қорытындылады Ғалым Амерходжаев.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Соғыста қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру полисі әрекет ете ме
Соғыста қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру полисі әрекет ете ме

Егер адам соғыста немесе дүлей апат кезінде қа...

Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан

Тәуекелді материалдық өтеу туралы ой бірінші ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру