bs-preloader__icon
ru kz
✕

Бізден кейін қалатын шыршалар

30 сәуір күні Nomad компаниялар тобының — Nomad Life пен Nomad Insurance — басқарма мүшелері Алматы қаласындағы №23 мектеп аумағына шыршалар отырғызды.
Бізден кейін қалатын шыршалар

Ешқандай себепсіз, ресми сенбілік өткізбей-ақ. Жай ғана, өйткені қала — жұмысқа арналған декорация емес, бұл өмір өтетін орын: мұнда балалар білім алады, отбасылар өседі, үйреншікті орта қалыптасады.

Отырғызылған шыршалар бірден нәтиже бермейді — олар кеңістікті біртіндеп өзгертеді, жыл сайын көлеңке, таза ауа және тірі аула сезімін сыйлайды. Мектеп ауласының таңдалуы да кездейсоқ емес: бұл — компания қызметкерлері мен клиенттерінің балалары өсетін орта. Өмірді сақтандыру да дәл осындай ұзақ мерзімді көкжиекпен жұмыс істейді. Сол себепті Nomad тобында тұрақты даму әлдеқашан жай сөз ғана емес. Мысалы, Nomad Life халықаралық MSCI ESG индексіне байланған инвестициялық портфельді іске қосты — бұл клиенттердің қаражаты экологиялық және әлеуметтік стандарттарды ескере отырып жұмыс істеуі үшін жасалған.

«Біз жалғасы бар істерді жасауға тырысамыз. Біз үшін ESG мәні — нәтижесі сақталатын шешімдерде», — деді Nomad Life басқарма төрағасының орынбасары Мұстафа Зурабов.

Фото Nomad Life компаниясының баспасөз қызметі ұсынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Nomad Life ӨСК қызметі түрлерінің кеңеюі
Nomad Life ӨСК қызметі түрлерінің кеңеюі

Nomad Life ӨСК сақтандырудың екі сыныбының қосылуы...

Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын
Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын

Алматыда сақтандыру секторының топ-менеджмен...

Жақсы ұйқы әйелдердің менмендігін жоғарылатады
Жақсы ұйқы әйелдердің менмендігін жоғарылатады

Үнемі ұйқысын қандыратын әйелдер өздерінің ма...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру