bs-preloader__icon
ru kz

Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті

Ұлттық қордың активтері 2021 жылғы сәуірдің аяғына 530 млн долларға ұлғайып, 57,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық Банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.
Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті

«2021 жылдың сәуірінде 333 млрд теңгеге мақсаттық және кепілдік берілген трансферттердің бөлінуін қамтамасыз ету үшін 788 млн доллар сатылды», - деді Ұлттық Банктің басшысы.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі сәуірде 1,1 млрд долларды немесе 2%-ды құрады. «Бұл ретте акциялар портфелі 734 млн долларға, облигациялар портфелі – 278 млн долларға, алтын – 106 млн долларға өскен», - деді Ерболат Досаев.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 940 млн долларды немесе 1,7%-ды құрады. «Мұндай деңгейде инвестициялық кіріс негізінен 2021 жылғы сәуірде нарықта облигациялардың қалпына келуі және нарықта акциялардың өсімі есебінен қалыптасты», - деді Ерболат Досаев.

Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/95554/aktivy-natsfonda-v-aprele-vyrosli-na-530-mln.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жаһандық сақтандыру нарығының өсімі күрт баяулайды
Жаһандық сақтандыру нарығының өсімі күрт баяулайды

Келесі жылы әлемдік сақтандыру нарығы АҚШ енг...

Өмірді сақтандырушылар z буынының сұраныстарына бейімделеді
Өмірді сақтандырушылар z буынының сұраныстарына бейімделеді

Өмірді сақтандыру өнімдерінің көп бөлігі 35-40 ж...

Z буыны өмірді сақтандыруды онлайн сатып алуды жөн көреді
Z буыны өмірді сақтандыруды онлайн сатып алуды жөн көреді

Z буыны (1990 жылдардың ортасынан 2010 жылдардың ба...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру