Жиынтық сыйлықақылар бойынша көшбасшы 60,9 млрд теңге жинаған Nomad Life ӨСК шықты. Сақтандыру сыныптары бөлігінде өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың ең көп жиыны Қазақстан Халық Банкінің «Халык-Life» Өмірді сақтандыру жөніндегі ЕК-да болды. 2019 жылмен салыстырғанда ол 35,2 млрд теңге жинап, сыйлықақыларды 5%-ға ұлғайтты. Аннуитеттік сақтандыру сыныбында сыйлықақылардың көлемі бойынша көшбасшы Nomad Life ӨСК болды. Компанияның сақтандыру сыйлықақыларының көлемінде 51 млрд теңгеге дейін, 12,7%-ға өсім тіркелді. 2020 жылдың қорытындылары «Өмірді сақтандыру» бағыты бойынша сақтандыру төлемдерінің бір жыл бұрын 1,8 млрд теңгеден - 58,3%-ға, 4,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюын көрсетті.
1. «Nomad Life» ӨСК» АҚ
S&P Global Ratings: BB +/ Тұрақты (19.10.2020)
Басқарма төрағасы: Қайрат Чегебаев
Портфельдің үлкен үлесі: зейнетақы аннуитеті, өмірді сақтандыру
2020 жылдың қорытындысы бойынша Nomad Life ӨСК «Халык-Life» ӨСК-ні озып, өмірді сақтандыру секторындағы компаниялардың арасында ең ірі компания болды. Оның активтері 208,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 54,3%-ға көбірек. Бір жылда 41%-ға өскен, 24,9 млрд теңге меншікті капитал бойынша ол екінші орынды алды. Компания 13,1 млрд теңге – таза пайда бойынша көшбасшылықты сақтады, ол алдыңғы жылға қарағанда 24%-ға көбірек. Бұдан бөлек, ол капиталды пайдалану тиімділігі бойынша (ROE) бірінші болып қалды - 62%.
«Nomad Life» ӨСК» АҚ-да түпкі бенефициар – Алмас Мынбаев (Forbes Kazakhstan ең бай бизнесмендерінің рейтингісінде №47).
2. «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ
S&P Global Ratings: В / Позитивті (26.03.2021)
Басқарма төрағасы: Азамат Ердесов
Портфельдің үлкен үлесі: ЖОМС, зейнетақы аннуитеті, өмірді сақтандыру
Компания өткен жылы 2,6 есеге өскен активтер секторында үшінші болды және бір жыл бұрынғы 18,1 млрд теңгеге қарсы 47,4 млрд теңгені құрады. Ол 2019 жылы 12,3%-ға қарсы 38%-ды құраған, меншікті капитал тиімділігі бойынша жетінші орыннан екінші орынға көтерілді. Таза пайда 468 млн-нан 2,2 млрд теңгеге дейін 4,6 есеге ұлғайды.
2021 жылдың наурызында S&P Global Ratings компанияның кредиттік рейтингісін B деңгейінде растады және «Тұрақты» болжамнан «Позитивтіге» қайта қарады.
Жалғыз акционер – Тимур Турлов.
2. «Евразия» ӨСК» АҚ
S&P Global Ratings: ВBB- / «Тұрақты» (21.06.2021)
Басқарма төрайымы: Гульмира Убегалиева
Портфельдің үлкен үлесі: ЖОМС, өмірді сақтандыру
2020 жылдың қорытындылары бойынша компанияның активтері өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайып, 31,5 млрд теңгені (6-ші орын) құрады. Меншікті капитал 6,1 млрд теңгеден 10,7 млрд теңгеге дейін (3-ші орын) 75%-ға өсті. «Евразия» ӨСК бір жылда 2019 жылғы 705 млн-ға қарсы 1,6 млрд теңге таза пайда тапты.
Ағымдағы жылдың маусымында S&P Global Ratings «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингін және эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингісін «Тұрақты» болжамын сақтап, ВВВ- деңгейінде растады.
«Евразия» ӨСК» АҚ «Евразия» СК» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.
4. «Қазақстан Халық Банкінің «Халық-Life» Өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ
A.M. Best: B+ / Позитивті (18.02.2021)
Басқарма төрайымы: Жанар Жубаниязова
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру
«Халык-Life» 197,3 млрд теңге активтерімен үлкендігі бойынша екінші қазақстандық ӨСК болып табылады, бұл бір жыл бұрынғы 176,2 млрд теңгеден 12%-ға көбірек. 2020 жылы ол 2019 жылғы 8,44 млрд теңгеге қарсы 12,7 млрд теңге табыс тапты (2-ші орын).
2021 жылдың ақпанында A.M. Best рейтингілік агенттігі компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісін «Позитивті» болжамды сақтап, B+деңгейінде растады.
- «KM Life» ӨСК» АҚ
Басқарма төрайымы: Назым Бекболатова
Портфельдің үлкен үлесі: ЖОМС
KM Life ӨСК сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны 2019 жылдың қарашасында алды. 2020 жылдың қорытындылары бойынша оның активтері 87,5%-ға жылдық өсімді көрсетіп, 18,2 млрд теңгені құрады.
Меншікті капитал 14,6%-ға өсті және 5,98 млрд теңгені құрады. Бір жылда компания 2019 жылғы 122 млн мөлшерде шығынға қарсы 700 млн теңге табыс тапты.
«KM Life» ӨСК» АҚ-ның ірі қатысушысы Лариса Каргаполова болып табылады.
6. «Standard Life» ӨСК» АҚ
Fitch Ratings: В / Тұрақты (13.01.2021)
Басқарма төрағасы: Ержан Конурбаев
Портфельдің үлкен үлесі: аннуитеттік сақтандыру, ЖОМС
Компания – 41,2 млрд теңге активтермен секторда мөлшері бойынша төртінші болып шықты, бұл 2019 жылдың қорытындылары бойынша 34,7 млрд-қа қарағанда 18,8%-ға көбірек.
2021 жылдың қаңтарында Fitch Ratings «Standard Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін болжам «Тұрақты», В деңгейінде растады.
Компанияның ірі қатысушысы 20,17%-бен Максат Альжанов болып табылады.
6. «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК» АҚ
Басқарма төрағасы: Дмитрий Надиров
Портфельдің үлкен үлесі: өмірді сақтандыру
2020 жылдың қорытындысы бойынша компания активтер көлемі бойынша сегізінші орынды алды – бұл 16,7 млрд теңге және меншікті капитал бойынша төртінші орынды алды – ол 8,6 млрд. Таза пайда бір жылда 2019 жылғы 2,4 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін 38%-ға төмендеді.
Жалғыз акционер – Рихард Бенишек Чех Республикасының азаматы.
8. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ
Басқарма төрағасы: Ғалым Амерходжаев
Портфельдің үлкен үлесі: ЖОМС, зейнетақы аннуитеті
Өткен жылдың қорытындылары бойынша компанияның активтері 38,8 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы 37,3 млрд-қа қарағанда 4,1%-ға көбірек. Бір жылда ол 2,6 млрд немесе бір жыл бұрынға қарағанда 52%-ға азырақ сыйлықақылар жинады. Таза пайда сәйкесінше 818 млн-ға қарсы 1,1 млрд теңгені құрады.
Компанияның жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылады.
Дереккөзі: https://forbes.kz//leader/reyting_strahovyih_kompaniy_-_2021_1630461820/?
Сурет ашық дереккөздерден