bs-preloader__icon
ru kz

Зейнетақыны БЖЗҚ-дан қашан және қайда рәсімдеу керек

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға зейнетақы төлемдерінің барлық түрін тағайындау тәртібі мен мерзімдерін еске салады. Төлемдерді өткізіп алмау үшін құжаттарды уақытында тапсыру маңызды.
Зейнетақыны БЖЗҚ-дан қашан және қайда рәсімдеу керек

Жасына байланысты зейнетақы

(мемлекеттік және жинақтаушы)

Жасына байланысты зейнетақы 63 жасқа толған ер азаматтарға және 61 жастан асқан әйелдерге тағайындалады.

Құжаттарды тұрғылықты жеріңіз бойынша Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) тапсыру қажет. Өтінішті зейнет жасына 10 күн қалғанда беруге болады.

Мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақы (базалық және ынтымақты) және БЖЗҚ-дан (міндетті жарналар есебінен) төлемдер өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Егер өтінішті мерзімінен бұрын берсеңіз, төлем туған күніңізден бастап есептеледі.

Өткізіп алған кезең үшін зейнетақы төленбейді және қайта есептелмейді. Сонымен қатар мемлекеттік зейнетақыны тағайындау үшін еңбек өтілі тексеріледі, бұл белгілі бір уақытты талап етеді.

Егер сіз бюджеттен зейнетақы алып отырсаңыз, бірақ БЖЗҚ-дан жинақ төлемдеріне өтініш бермеген болсаңыз, Қор жыл сайынғы салыстыру нәтижелері бойынша төлемді автоматты түрде, өтінішсіз тағайындауы мүмкін.


Мүгедектік бойынша зейнетақы

I немесе II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтар БЖЗҚ бөлімшелеріне тікелей немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ мобильді қосымшада (ЭЦҚ арқылы) онлайн өтініш бере алады.

Мүгедектігі бар адамдар үшін алдын ала кеңес алғаннан кейін көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылады.


Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер

Қосымша ерікті жарна аударған салымшылар төлемдерді 50 жастан бастап ала алады. Бұл үшін жалпы белгіленген зейнет жасын күтудің қажеті жоқ. Сондай-ақ кез келген топтағы мүгедектік кезінде де төлем алуға болады.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн беруге болады. Төлем кестесін (ай сайын, тоқсан сайын және т.б.) салымшы өзі айқындайды.


БЖЗҚ-дан барлық зейнетақы төлемдері шоттағы жинақ толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттардың толық тізімі, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде қолжетімді.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу – тегін және делдалсыз жүргізіледі. БЖЗҚ, банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды, карта деректемелерін немесе өзге де құпия ақпаратты сұрамайды.

Фото ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК өсімге дайын
ӨСК өсімге дайын

ӨСК сыйлықақыларының жылдық динамикасы тежеу...

АҚШ-тың өмірді сақтандыру компаниялары қызықты үрдісті анықтады
АҚШ-тың өмірді сақтандыру компаниялары қызықты үрдісті анықтады

Өмірді сақтандыру жөніндегі американдық комп...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру