Хоппер құжаттарда ампутация сепсистен кейін қажет болды деп көрсеткен. Алайда 2019 жылғы сәуірде ол әдейі аяғын қатты үсіріп, мүлде жұмыс істемейтін күйге жеткізген. Мұндай әрекетке ол жыныстық фантазиясын қанағаттандыру үшін барғаны анықталды – тергеу кезінде одан порнографиялық суреттер табылды. Хоппер Aviva және Old Mutual Health компанияларынан 466 653,81 фунт стерлинг алып, қаражатты автокөлікке арналған фургон, гидромассажды ванна, пеш және құрылыс жұмыстарына жұмсаған.
Сот оған 22 айды – алаяқтық үшін, ал 10 айды – табылған материалдарға байланысты (extreme images) қоса есептеді, деп хабарлады Sky News.
Хоппердің ісі Мариус Густавсонға қатысты тергеу кезінде ашылды. Оның сайтынан алынған фотолар Хопперден табылған. 2024 жылы Густавсонды адам ағзасына экстремалды өзгерістер жасау (кастрация, жыныс мүшелерін алып тастау) ісін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына соттаған. Хоппер онымен хат алмасып, өзіне зақым келтірген кезде оның нұсқауларын пайдаланған.
Адвокаттары Хоппердің денесін қабылдау бұзылысына байланысты психикалық ауытқуы бар екенін, сондықтан ол сау аяғын ампутациялауға құмар болғанын айтты.
2013 жылдан бастап Хоппер Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің Корнуоллдағы ауруханаларын басқаратын трастта жұмыс істеді. 2023 жылғы наурызда алғашқы қамауға алынғаннан кейін ол қызметінен шеттетілді, ал желтоқсанда медициналық тізімнен шығарылды. Сол кезде оның әйелі де ажырасуға арыз берген. Траст өкілдері бұрынғы қызметкеріне тағылған айыптар оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін айтты. Дегенмен, Хоппердің кейбір науқастары, соның ішінде ампутация жасалғандар, оның емдеу әдістеріне күмәнданып, дәрігерлік немқұрайлылық істеріне маманданған Enable Law компаниясына жүгінген.
Фото ашық дереккөздерден алынған.