bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК – сақтандыру нарығының жаңа драйвері

Өткен жылда жиынтық сақтандыру сыйлықақылары 3,9%-ға 384,8 млрд. теңгеге дейін өсті, деп реттеушінің сайтында жарияланған Ұлттық Банктің есептілігінде баяндалады. Алымдардың динамикасына өмірді сақтандыру компанияларын (ӨСК) қосты. Олар бүкіл нарықтың 126,7 млрд. теңгесін немесе сыйлықақылардың 32,9% жинап алды.
ӨСК – сақтандыру нарығының жаңа драйвері

ӨСК сыйлықақылары

Осылайша, жазатайым оқиғалардан сақтандыруда секторлық өсім 65%, 9 млрд теңгеден 14,9 млрд. теңгеге дейін құрады. ЖО бойынша сыйлықақыларда ӨСК үлесі шешуші болып табылды – 65% немесе 9,8 млрд. теңге. ЖО сыйлықақылардың динамикасын жасалған сақтандыру шарттары санының өсуін қамтамасыз етті. Олардың саны 16%-ға 674 мың шартқа дейін өсті, бұл ретте жаңа шарттардың түсімін бөлшектеп сату қамтамасыз етті: олардың саны 459,5 мың шарттан 605,7 шартқа дейін өсті.

Өмірді сақтандырудың классикалық сегментте ӨСК өзін жайлы сезінген еді, ол көлемі бойынша 54,7 млрд. теңгеге жетіп, 67,5%-ға немесе 22 млрд. теңгеге дейін өсті. 2018 жылғы қорытындылары бойынша нарықтың жиынтық сыйлықақыларындағы өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесі 14% құрады, бұл көрсеткіш былтыр 8,8%-ды құраған. Нарықтың дендеп енуі ұлғаю арқылы сектор да өсті. Жасалған шарттардың саны 1,2 млн теңгеге дейін 63%-ға өсті, бір жыл бұрынғы көрсеткіші 743 мың шартты құраған еді.

Өмірді сақтандыру банктік ӨСК-ның ұйымы болып табылмайды. 2018 жылдың соңында «Казкоммерц – Life» компаниясымен біріктірілген «Халык-Life» компаниясы абсолюттік мәнде сегменттің көшбасшысы болып, жаңа мәртебеде 26,3  млрд теңге деңгейінде сыйлықақыларды көрсете білді, банктік ұйымның алымдардың динамикасы әсерлі болғанымен максималды емес: 49%-ға өсті. Сыйлықақылардың ең үлкен өсімі «Freedom Finance Life» компаниясында болды: 27,6 есеге, абсолюттік цифрларда алымдар 51 млн. теңгеден 1,4 млрд теңгеге өсті. Бұдан әрі сыйлықақылардың өсімі бойынша (5,1 есеге) сыйлықақылардың 12,6 млрд. теңгесін жинап алған «Nomad Life» ӨСК тұр. «Еуропалық сақтандыру компания» 14,1 млрд теңге (сыйлықақылардың өсімі  13,6% құрады) жинап алды. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша нарықтың шоғырлануы ерекше байқалады: үш ірі ӨСК осы сынып бойынша 97%-ды жинайды.

Аннуитеттік сақтандырудың қорытындылары аса әсерлі болмады, сыйлықақылар тек 2,9%-ға (970 млн. теңге) 34,5  млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Осындай әлсіз сыйлықақылардың себебі аннуитеттердің негізгі бөлігін қалыптастыратын зейнетақы аннуитеттері бойынша түсімдердің төменгі өсімі болып табылады. 2018 жылы зейнетақы аннуитеттері тек 3,5%-ға (946 млн. теңге), 28,2 млрд. теңгеге дейін өсті, ал 2017 жылы зейнетақы аннуитеттері 18%-ға (4 млрд. теңге), 27,3 млрд. теңгеге дейін өскен болатын. Міндетті зейнетақы жарналардың жақсы жинамдылығына қарамастан: 2018 жылғы қорытындылары бойынша БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 20,5%-ға (1,5 млрд. теңге), 9,4 трлн. теңгеге дейін өсті, орта статистикалық қазақстандық жинақтарының орташа чегі ақшаны ӨСК-ге аударуға болатындай сомаға жетпей жатады. 2018 жылғы қорытындылары бойынша міндетті зейнетақы салымдар бойынша шоттағы орташа жинақтар 809,7 мың теңгеден 958,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Зейнетақы аннуитеттері бойынша жасалған сақтандыру шарттары санының 2,5 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеп кетуі нарық шарт құнының өсуі арқасында өскендігін білдіреді.

2018 жылғы қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыруда түсім бойынша сөзсіз көшбасшы болып «Nomad Life» ӨСК атанды. Ол зейнетақы аннуитеттер сыныбында және аннуитет шарттары бойынша бәрінен көп сыйлықақыларды жинап алды.

Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК ренкингі (абсолюттік мәндер)

                                                                                                                                                                                                                                                                                мың теңге

Компания

Аннуитеттер

Оның ішінде

 

 

 

 

Зейнетақы аннуитеттер

Аннуитет шарттары (ЖОМС)

Аннуитеттердің өзге түрлері

Nomad Life 

16 118 528

12 682 859

2 783 472

652 197

Халык-Life

10 490 614

8 770 447

846 255

873 912

Standard Life

5 711 979

5 319 728

391 909

342

Мемлекеттік аннуитеттік компания

1 957 234

1 416 108

526 363

14 763

Freedom Finance Life

252 132

25 613

220 627

5 892

Дереккөзі: ҚР ҰБ

 

 

 

 

Аннуитет шарттары бойынша сыйлықақылар (ЖОМС) 5,2 млрд. теңгеден бастап 4,8 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл төмендеу жасалған шарттар санының шамалы 20%-ға елеулі қысқаруымен шарттасқан. Ал аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері нарықты 37,5%-ға (420 млн. теңге), 1,5 млрд теңгеге дейінгі елеулі өсуімен қуантты. Сыйлықақылардың өсуі көптеген сатулармен және нарық сыйымдылығының кеңеюімен ілесіп келеді. Сақтандыру шарттары 67%-ға, 573 шартқа дейін және саны 7,2 есе өскен жеке тұлғалар тарапынан белсенділік және сұраныс есебінен өсті.

Қызметкерлерді өндірісте жазатайым оқиғалардан (ЖОМС) сақтандыру мөлшері бойынша 14%-ға (6 млрд. теңге), 36,7 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Себебі: реттеушінің өмірді сақтандыру компанияларына жалпы сақтандыру компанияларында ЖОМС тәуекелдерін қайта сақтандыруға тыйым салуы, нәтижесінде бұл нарықты схемалардан тазартуға әкеліп соқты.

ӨСК қатысатын ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) біраз жасалған шарттар бойынша қысқарды, алайда сыйлықақылар сол бұрынғы деңгейде қалды.

ӨС, ЖОМС, ЖО және ЕМС бойынша ӨСК алымдары

 

 

 

 

тыс. тенге

 Компания 

СЖ

ОСНС

НС

ДМС

Халык-Life»

26 343 641

9 833 011

4 331 842

33 541

«Еуропалық сақтандыру компания»

14 118 321

 

4 287 249

 

Nomad Life 

12 606 033

10 183 630

8 920

 

Freedom Finance Life

1 416 855

2 304 085

1 143 672

5 297

Standard Life

198 951

3 033 994

2 510

7 008

Мемлекеттік аннуитеттік компания

574

2 290 465

28

 

 

 

 

 

 

Дереккөзі: ҚР ҰБ

 

 

 

 

Қаржы көрсеткіштері  

2018 жылда ӨСК активтері 329,6 млрд. теңгеге жетіп, 20%-ға өсті. Активтердің максималды мөлшері «Халык-Life» компаниясында - 145,2 млрд. теңге (ӨСК барлық активтерінің 44,1%). Жоғары үлес «Халык-Life» компаниясының «Казкоммерц – Life» компаниясымен бірігуімен түсіндіріледі, салдарынан бірлескен компанияның активтері іріктендірілді.

Екінші орынға «Nomad Life» - 92,7 млрд. теңге (28,1%) иеленді, үшінші орынға МАК – 36,5 млрд. теңге активтерімен (11,1%) ие болды. Әрі қарай «Standard Life» - 29,4 млрд. теңге (8,9%), ЕСК – 15,5 млрд. теңге (4,7%), «Freedom Finance Life» - 10,4 млрд. теңге (3,1%) орналасты.

ӨСК қорлары активтердің айнасы ретінде 21%-ға, 264,6 млрд. теңгеге дейін өсті, сақтандыру нарығының жиынтықты қорларда олар 50,9%-дан асты. Басқа ӨСК-дан озып кетіп, «Халык-Life» және «Nomad Life» - сәйкесінше 112 млрд. және 80,2 млрд. теңге жинап алды. Олар сондай-ақ өзіндік капиталының шамасы бойынша алдыңғы қатарға шығып отыр: 22,5 млрд. және 9,9 млрд. теңге. Өзіндік капитал 5,4%-ға (2,5 млрд. теңге) өсуін көрсетіп, 49,6 млрд. теңгені құрады. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығындар 3,1 млрд. теңгеге түсіп кетіп, 15,3 млрд. теңге көрсетті.

2018 жылғы қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру компаниялары сақтандыру шарттары бойынша 5,3 млрд.теңге төленді. Сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасынан ең үлкен үлесін зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша – 44%, «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» (ЖЖМС) аннуитет шарттары бойынша – 23%, ЖОМС - 22%. 2018 жылғы қорытындылары бойынша төлемдер бойынша көшбасшылардың үштігіне: «Nomad Life» - 5, 1 млрд.теңге, «Халык-Life» – 4,5 млрд. теңге және «Мемлекеттік аннуитеттік компания»  - 2,2 млрд. теңге енді.

Компания 

Есеп беру кезеңінің бөлінбеген кірісі*

Есеп беру кезеңіндегі таза пйда **

"НОМАД LIFE"

4 555 429

6 853 439 

"Халык-Life"

4 025 797

4 025 797

"Еуропалық Сақтандыру Компаниясы"

2 875 557

2 875 557

"Мемлекеттік аннуитеттік компания"

919 412

919 412 

"Standard Life"

554 730

554 730

"Freedom Finance Life"

392 360

392 360 

  Дереккөзі: *ҚР ҰБ

**ӨСК корпоративтік сайттары

2018 жылы қорытындылары бойынша ҚР ҰБ статистикасына сәйкес бөлінбеген пайдасы бойынша негізгі үлесі «Nomad Life» - 34% (4,5 млрд. теңге), 30% (4 млрд. теңге)  -  «Халык-Life» және 21% (2,8 млрд. теңге) - «ЕСК» компанияларында бекітілді. 1.01.2019ж. жағдай бойынша табыстар және шығындардың аудиттелмеген қаржы есептемесінің мәліметтеріне сәйкес ӨСК корпоративтік сайттарында орналасқан таза пайдасының сомасы бойынша тек қана «Nomad Life» компаниясында дивидендтерді бөлуді есепке ала отырып, ол 6,8 млрд. теңгені құрайды.

Фото ашық дереккөздерден алынды. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Біз салықтарды үнемдейміз және өмірді сақтандырудан ақша табамыз
Біз салықтарды үнемдейміз және өмірді сақтандырудан ақша табамыз

Қазақстандықтардың көпшілігінде өмірді сақта...

Сақтандыру нарығының қауқары қандай?
Сақтандыру нарығының қауқары қандай?

Сақтандыру нарығындағы ком­паниялардың ұсынғ...

Динамика жылдамдықты арттырады
Динамика жылдамдықты арттырады

ӨСК сәуір айында сыйлықақылар жинауды ұлғайтт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру