Unit-Linked – бұл инвестициялық басқарудың баламасын білдіретін, инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы инвестициялаудың стратегиясын өздігінен таңдау жолымен көтеретін, сақтандыру қорғанысымен инвестициялық өнім.
Басқа сөзбен, бұл активтерді басқарудың ұқсас өнімі, бірақ сақтандыру қорғанысымен. Сақтанушы енгізетін әрбір сақтандыру сыйлықақысы екі бөліктен тұрады:
- бір бөлігі тікелей сақтандыру тәуекелдерімен байланысты (яғни, сақтандыру ұйымының меншігі);
- екінші бөлігі қор және басқа қаржы нарықтарының құралдарына инвестицияланатын, жинақтаушы немесе инвестициялық құрауышы болып табылады (сақтанушының меншігі).
«Сақтанушының инвестициялық құрауышы оның меншігі болып табылатынын ескере отырып, мұндай активтер тыйым салудан және сақтандыру ұйымының қарыздары бойынша өндіруден босатылуы тиіс және тарату конкурстық массаға қосылмауы керек. Сақтанушылардың активтері қатысында сақтандыру ұйымдарының жосықсыз іс-әрекеттерін болдырмау және осындай активтерді дұрыс бағалау жүйесін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен уәкілетті органға сақтанушылардың активтерін бағалаудың бірыңғай әдістемесін және тәртібін бекіту бойынша құзыретті бекіту ұсынылып жатыр», - дейді ҚНРДА-ның баспасөз қызметінде.
Сонымен бірге, «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымының негізгі лицензиясының әрекет етуі тоқтаған жағдайда, сақтандыру ұйымына берілген инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның әрекет етуін сөзсіз тоқтату мәселесін реттеу заңнамалық деңгейде ұсынылуда. «Жоғарыда аталған шаралар сақтанушылардың құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғауға, сонымен қатар осы қаржы өніміне клиенттің қызығушылығы мен сенімін жоғарылатуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын, олардың активтерін жосықсыз басқару тәуекелдерін жоюға бағытталған», - деп санайды қаржы бақылауында.
Нарық
Қазіргі таңда Nomad Life – тек бір сақтандыру компаниясы Unit-Linked өнімінің аясында сақтанушылардың активтерін өздігінен басқару құқығына ие, яғни бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының лицензиясы бар. Қалған сегіз ӨСК нарыққа сақтанушылардың активтерін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына инвестициялық басқаруға беру арқылы «кіре» алады.
«Біздің ойымызша, сақтандырушының Unit-Linked сияқты концептуалды-жаңа өнімді іске қосу жөнінде шешімді қабылдауға әсер ететін негізгі факторлар мына критерийлер болып табылады:
бірінші – бұл бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама талаптарын орындау қажеттілігі, себебі Unit-Linked ӨСК-ге өзгесінен бөлек, ӨСК-де бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының тиісті лицензиясы болған кезде клиенттердің активтерін өздігінен басқару мүмкіндігін береді;
екінші – пруденциялық жүктемелер. Сақтандырушы үшін сақтанушылардың активтерін тарту, олардың есебін жүргізу (меншікті активтерінен жекеше) және оларды инвестициялық басқару бойынша қызмет, тиісті бағдарламалық өнімдерді алу және т.б. секілді бизнестің жаңа түрі бірінші кезекте оның меншікті капиталына қысым түсіреді;
үшінші – кейбір ӨСК қызметінің тар бағыттылығы. Көптеген жергілікті сақтандыру ұйымдары топтың тәуекелдерін сақтандыру үшін банктік топ құрамында немесе қызметі серіктестердің тәуекелдерін сақтандыруға ғана бағытталған институт ретінде құрылған», - деп түсіндірді ҚНРДА-да.
Сарапшылар мен реттеуіштің өкілдері де өмірді инвестициялық сақтандыру – қаржылай сауатты инвесторлардың өнімі деп санайды. Бірақ, Unit-Linked жинақтаушы сақтандыру ұсына алатыннан үлкен кірістілікті іздейтіндерге, бірақ белсенді биржалық операциялармен өздігінен айналысуға дайын емес адамдарға қызықты болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибені де ұмытпау керек. Кейбір елдерде сақтандырушылардың инвестициялық бағдарламалары азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын құрудың негізі болып табылады, ол мемлекет тарапынан салық жеңілдіктерімен қолданады.
Сурет ашық дереккөздерден