Өмірді сақтандыру компанияларының басым бөлігі клиенттерге ғаламтор арқылы сақтандыру шарттарын жасау мүмкіндігін береді. Сонымен, Nomad Life-та Zoloto Nomadov Invest және Capital бағдарламалары бойынша жинақтаушы сақтандыру полистерін алуға болады. Шартты онлайн-жасасу шартты қалыптастыру бойынша барлық операциялар онлай жүзеге асырылатынын білдіреді, барлық рәсімдер аяқталған кезде клиент сақтандыру полисінің иеленушісі болады және Nomad Life-тің сайтында жеке кабинетке қолжетімділікті алады. Жеке кабинетте клиент өз шартына өзгертулер енгізуге, ақшалай қаражатты шешуге және басқа операцияларды жүргізуге өтініштер рәсімдей алады», - дейді Nomad Life ӨСК АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Halyk Life-та Life-COVID-19, Life-Персона, сонымен қатар ЖОМС секілді сақтандыру өнімдерін онлайн сатып алуға болады. «Бұл полистерді рәсімдеу бес минутты алады. Біз өмірді сақтандыру өнімдерін клиенттер үшін қарапайым, түсінікті және қолжетімді етіп жасағымыз келеді, сондықтан онлайн-сервистердің дамуына үлкен көңіл бөлеміз», - дейді Halyk Life ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.
«Сентрас Коммеск Life» сайтында COVID-19 ауруы жағдайына өмірді сақтандыру өнімін онлайн-режимде есептеп шығаруға және сатып алуды рәсімдеуге болады. «Коронамен ауыру төмендегенімен, алайда дәрігерлердің айтуынша вирус жоғалып кеткен жоқ және онымен әрдайым өмір сүруге тура келеді. Полис бойынша COVID-19-дан стационарда емделу өтеледі, сонымен қатар сақтандырылушы өмірден өткен жағдайда мұрагерлерге өтем төленеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері сақтандыру бағдарламаларына байланысты. Сақтандыруды алты айға, сонымен қатар бір жылға алуға болады», - деп нақтылайды «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.
Freedom Finance Life-тің көптеген өнімдерін клиенттер ішінара (мысалы, сауалнама толтыру және қажет құжаттарды тіркеу) немесе толық (өтінім беруден бастап полисті рәсімдеп, ақы төлеуге дейін) онлайн рәсімдей алады. Мұндай бірінші өнім Freedom Health болды. Бұл 1 млн долларға дейін ең үлкен сақтандыру төлемімен қауіпті аурулардан сақтандыру. Өнім келесі тәртіп бойынша жасалған: клиент сауалнаманы толтырады, қолайлы тарифті таңдайды және шартты рәсімдейді. Содан кейін жарналарды төлейді. «Бұл өнімді әзірлеу уақытында алынған тәжірибені біз онлайн-сақтандыру идеясын масштабтауға қолдандық. Қазіргі уақытта коронавирустен сақтандыру, туристік сақтандыру, сондай-ақ Freedom First өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы онлайн қолжетімді», - дейді Freedom Finance Life-тің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Қосымшалар
Freedom Finance Life өзінің мобильді қосымшасын әзірлеу идеясынан бас тартты. ӨСК сақтандырушының өнімдерін өз сервистеріне біріктіретін серіктестермен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. «Туристік бағытта біз өзіміздің өнімдерімізді әуе және темір жол билеттерін сатып алудың онлайн-сервистеріне біріктірдік. Бұл ыңғайлы: мұндай сервистердің қолданушылары билеттерді сатып ала отырып, ұшу уақытына сақтандырыла алады немесе ТМС полисін рәсімдей алады. Өткен жылы біз мұндай өнімдерге коронавирустен сақтандыруды қостық. Екінші бағыт – банктермен және төлем жүйелерімен жұмыс. Бұл біздің клиенттерімізге сақтандыруды оларға ыңғайлы жолмен төлеуге мүмкіндік береді. Үшінші бағыт - Freedom Finance тобы шеңберінде цифрлық экожүйені дамыту», - деп түсіндірді Азамат Ердесов.
Өткен жылы Halyk Life нарықта бірінші болып өз клиенттеріне IOS және Android базасында ұялы қосымшаны ұсынды. Бірегей ұялы сервистің арқасында адамдар әлемнің кез-келген нүктесінен 24/7 режимде өз сақтандыру шарттарының мәртебесін бақылай алады, жарналарды төлеп, компанияны сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарландыра алады және Компания қызметі туралы жаңалықтарды ала алады.
«Ағымдағы жылдың басынан «Halyk Life» ұялы қосымшасы одан әрі ыңғайлы бола түсті. Біз ұялы қосымшамызды жаңа маңызды функциямен кеңейттік – сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарландыру беру. Енді Компанияның клиенттеріне сақтандыру шарты орын алған оқиғаны өтей ме жоқ па нақтылау үшін қоңырау шалуды күтуге немесе кеңсеге келуге уақыт жұмсаудың қажеттілігі жоқ. Хабарландыруды оңай «Halyk Life» ұялы қосымшасы арқылы беруге болады және сонымен қатар өз өтінішіңізді бүткіл кезеңінде қараудың мәртебесін тексеруге болады: өтінішті тіркеу сәтінен бастап сақтандыру өтемін төлеу сәтіне дейін», - дейді Жанар Жұбаниязова.
Nomad Life қосымшасы әзірлеу кезеңінде және жылдың аяғына дейін қолданысқа енгізілетін болады. Банк-серіктестердің қосымшаларында біздің клиенттер сақтандыру жарналарын төлеуді, сақтандыру полисін рәсімдеуге өтінім қалдыруды және шартты онлайн жасауды жүзеге асыра алады.
Алға жүру
Қазақстандық сақтандырушылардың бүткіл ішкі құжат айналымы электронды форматта жүзеге асырылады. Біздің бизнес-үдерістеріміздің басым бөлігі автоматтандырылған және қағазды талап етпейді. «Бұл пандемия кезінде болып қойды. (...) Цифрлық технологиялар – бұл әрқашан үлкен инвестициялар, себебі цифрлық бірігу үдерісі компания қызметінің барлық жақтарына қатысты. Неғұрлым дамыған жоғары технологиялы сервисі бар сақтандырушылар клиенттік сұраныстарды ескере отырып, табыс үшін үлкен потенциалға ие. (...) Біз сайтта үйден немесе жұмыстан шықпай-ақ онлайн-форматта сатып алуға болатын тағы бірнеше цифрлық өнімдерді енгізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Гүлжан Жақсымбетова.
Halyk Life цифрландыруы өнімді тұтынушылар үшін екі бағытта жүріп жатыр: бұл клиенттер және компанияның қызметкерлері үшін. Сонымен, компанияның жоспарында цифрлық құжаттар сервисін енгізу мен белсенді түрде қолдану және қағаз жүзінде анықтамаларды беруді барынша жою. Halyk Life біздің клиенттерімізге барынша сапалы қызметтерді беруге көмектесетін, жаңа бизнес және мемлекеттік сервистердің пайда болуына қарай нарықты белсенді қадағалауда. «Біздің Компания жақын арада біртіндеп сақтандырудың басқа бағдарламаларын да виртуалды сатып алу режиміне шығаратын болады. Бұдан бөлек, біз клиенттер үшін қашықтан сервисті жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Halyk Life басшысы.
Nomad Life-тің жоспарында онлайн-форматты барынша толық қолдану. «Бұған сақтандыру шарттарын жасасу, клиенттермен қарым-қатынас, сервис, CRM-жүйелерді жүргізу және т.б. секілді бизнес үдерістер жатады. Болашақта біздің компаниямыздың жұмысының басым бөлігі цифрландырылатын болады», - дейді Қайрат Чегебаев.
Freedom Finance Life-тің жаһандық мақсаты барлық өнімдерді онлайн-форматқа ауыстыру. Бұған қоса бұл тек бөлшек өнімдерге ғана емес, сонымен қатар корпоративтік шешімдерге де қатысты. «Жуық арада біз өнімдерді жазылу форматына ауыстыруды бастаймыз. Бұл әрбірі үшін түсінікті және қолжетімді формат. Әдетте, бұл контентті тұтынуға мүмкіндік беретін, танымал сервистер. Мұндай сервистердің басты артықшылығы – оларға жазылу ыңғайлы және оларды төлеу тиімді (айына бір рет). Дәл осы форматты біз сақтандыруда іске асырамыз. Жоспарда клиент өзіне қолайлы өнімді таңдап, сақтандыруды рәсімдеп, содан соң жарналарды банк картасымен төлей алуды жасау», - деді компания басшысы.
Осы сегменттің одан әрі өсу келешегі сақтандыру өнімдерін цифрландыруды дамытуда, оның ішінде шығындарды толық қашықтан реттеуді енгізуде болып табылады. Полисті онлайн сатып алу мүмкіндігі – бұл сөзсіз плюс және де-факто, сақтандыру қызметтерінің қазіргі провайдері үшін міндетті шарт, сақтандыру жағдайы басталған кезде барлық құжаттарды қашықтан ұсыну мүмкіндігі ғана клиенттерді шынымен бейілді етуге қабілетті.
Сурет ашық дереккөздерден