bs-preloader__icon
ru kz en

Үкімет Қазақстанның отбасыларын қалай қолдайды

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалары бар отбасыларға республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақылардың 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдердің 2 түрі, сондай-ақ жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабағина айтты.
Үкімет Қазақстанның отбасыларын қалай қолдайды

Сонымен қатар, мүгедектік туындаған және асыраушысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер төленеді.

"Биыл 4,4 млн отбасы үшін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,3% - ға көп. Ағымдағы жылдың төрт айында әлеуметтік жәрдемақылар немесе төлемдер 3,2 млн-нан астам отбасына тағайындалды", - деді Ғалия Жабағина.

Жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан біржолғы төлемдер тағайындалады. Төлем мөлшері әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты. Төрт айдың қорытындысы бойынша бұл төлемді 90 мыңнан астам адам алды.

Бірінші қаңтардан бастап бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері ұлғайды. Биыл туылған бірінші, екінші және үшінші балаларға – 140 мың теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға - 232 мың теңгеден астам төленеді. Жыл басынан бері бұл жәрдемақыны 136 мыңнан астам адам алды.

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша бюджеттен берілетін ай сайынғы жәрдемақы баланың туу кезегіне байланысты, бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 21 266 теңгеден 32 859 теңгеге дейінгі мөлшерді ұлғайта отырып төленеді. МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері соңғы екі жылдағы жұмыс істейтін әйелдердің орташа айлық табысының 40% - құрайды.

Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап бала күтімін жүзеге асыратын ата-аналар үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.

Сондай-ақ, ол 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу туралы айтты.

"Жәрдемақы мөлшері балалар саны бойынша сараланған – 4 баласы бар отбасы үшін 59 183 теңгеден 8 баласы бар отбасылар үшін 118 144 теңгеге дейін.  Ал одан да көп баласы бар отбасылар үшін бұл сома әр балаға 14 768 теңгеге артады. Биыл бұл жәрдемақы 601,8 мың отбасына төленеді, бұл мақсаттарға 474,8 млрд теңге қарастырылған", - деді Ғалия Жабағина.

Көп балалы аналардың беделін арттыру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады, ол табысына қарамастан "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған әйелдерге төленеді. Ағымдағы жылы бұл жәрдемақыны 237 мың 598 анаға төлеу жоспарлануда, бұл мақсатқа республикалық бюджетке 70 млрд теңге қарастырылған.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық
Онлайн-сақтандырудағы алаяқтық

Британдық сақтандырушылар қауымдастығы Abi авт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру