bs-preloader__icon
ru kz en

Life-сақтандыру сегментінде клиенттерді қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қазақстанда сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар өз күшіне енді. Түзетулердің мақсаты сақтандыру саласындағы заңнаманы, бірінші кезекте, халықтың сақтандыру қызметін пайдалану кезінде олардың мүдделерін қорғау, сонымен қатар сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін жетілдіру болып табылады.
Life-сақтандыру сегментінде клиенттерді қандай өзгерістер күтіп тұр?

Түзетулер сақтандыру омбудсманының қызметін кеңейтуге бағытталған. Құжатқа сәйкес сақтандыру компаниясының клиенті енді сақтандырудың кез келген түрі бойынша төлемнің мөлшерімен келіспеген жағдайда сақтандыру омбудсманына қорғану үшін жүгіне алады.

Сонымен қатар өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды өнімдері бойынша сақтандыру төлемдеріне қосымша кепілдіктер енгізілді. Атап айтқанда, сақтандыру төлемдері, зейнетақы аннуитеттері және еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлердің аннуитеттері бойынша міндеттемелердің сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қорымен кепілдендіру қарастырылған. Кепілдік сақтандыру компаниясын жою кезеңінде барлық міндеттемелерді басқа сақтандыру компаниясына тапсырғанға дейін әрекет етеді.

Енгізілген жаңалықтардың бірі БЖЗҚ салымшылары сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістерді енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін тек міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын ғана емес, сонымен қатар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын да пайдалана алады.

Егер енді зейнетақы қорланымының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, бұл айырмашылық салымшыға БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемдер ретінде төленеді, немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін арттыру бөлігінде өзгерістерді енгізу үшін, немесе сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшымен пайдаланылатындығын атап өткен жөн.

Дереккөзі: http://www.gak.kz/news_detail?news_id=176
Фотосурет http://ptel.cz, http://expert.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру