bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақcтанда кімді білікті инвестор ретінде танитын болады

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) инвесторларды білікті және білікті емес деп бөлетін қаулы жобасын әзірлеуде.
Қазақcтанда кімді білікті инвестор ретінде танитын болады

Жобамен білікті инвесторларды (жеке тұлғалар) танудың механизмі концептуалды жетілдірілді, оған мыналар кіреді:

- жеке тұлғаларға оларды білікті инвесторлар ретінде тану үшін қойылатын талаптар;

- білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларды тестілеу;

- білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсету ерекшеліктері.

Білікті инвестор ретінде кімді танитын болады:

жоғары қаржылық, экономикалық, математикалық білімі немесе ақпараттық технологиялар саласында жоғары білімі бар;

келесі халықаралық сертификаттардың кемінде біреуінің болуы: сертификат Chartered Financial Analyst, сертификат Certified International Investment Analyst, сертификат Financial Risk Manager, сонымен қатар қаржы нарығы саласында біліктіліктің болуын растайтын өзге сертификаттар;

қаржы құралдарымен мәміле жасаумен тікелей байланысты, жеке инвестициялық ұсынымдарды дайындаумен, аталған мәмілелерді жасаумен байланысты салада еңбек өтілі бар;

8,5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сомаға қаржы активтерінің болуы;

білікті инвестор деп тану туралы өтінішті беру күнінің алдындағы күнтізбелік бір жылдың ішінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және (немесе) қаржы құралдарымен жасалған кемінде елу мәміле.

Білікті инвестор болып танылу ниеті бар жеке тұлға брокерге және дилерге қелесі құжаттарды ұсынады:

мазмұны төмендегілерді қамтитын өтініш:

өтініш беруші туралы мәліметтер:

аты, тегі, жөні;

жеке басты куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

солардың қатысында білікті инвестор болып танылуға ниеттеніп жатқан қызметтердің түрлерін және бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары түрлерінің тізбесін көрсету;

талаптарға сәйкес келуді растайтын құжаттар.

Дереккөзі: https://prodengi.kz/post/kogo-v-kazaxstane-budut-priznavat-kvalificirovannym-investorom

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР-да ең табысты қаржы құралдары аталды
ҚР-да ең табысты қаржы құралдары аталды

Ұлттық Банк Қазақстанда инвестициялау үшін қо...

Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді
Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ...

Банкроттық несие тарихына қалай әсер етеді
Банкроттық несие тарихына қалай әсер етеді

Банкроттық адам өзінің қаржылық міндеттемеле...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру