bs-preloader__icon
ru kz en

Дүниеде жоқ сақтандырулар. Бірақ болуы тиіс...

Әрбір адам қуана-қуана сатып алатын полистің 15 нұсқасы, деп banki.ru жазады.
Дүниеде жоқ сақтандырулар. Бірақ болуы тиіс...

Банки.ру ресейлік азаматтардың сақтандырушыларға сенбейтіні полистер оларды болмайтын нәрселерден қорғайтындығымен байланысты деп болжамдады. Ал шын мәнінде халыққа сақтандырудан не қажет?

Біз редакцияда сауалнама өткізіп, ең өзекті сұрақтарды бөліп алып, адамдар сатып алуға ниет білдіретін жаңа сақтандыру өнімдерінің өз нұсқасын ұсындық.

1. «Жаралы жүрек» полисі

Әйелдер өнімі. Сақтандыру жағдайы — сүйіктімен айырылу, көзге шөп салуды анықтау, махаббаттан түңілу. Сақтандыру өтемі – психолог-травмотерапевтте 1 сеанс / 3 сеанс / 10 сеанс (лайт/базалық/премиум нұсқалары). Өнімнің кеңейтілген нұсқасы шопингке (дүкен аралау – ең тиімді дәрі екені белгілі емес пе) бөлінетін 200 мың рубльге қосымша төлемді қамтиды.

2. «Көрмей-білмей сәтсіз кездесу» полисі

Сақтандыру жағдайы – бір-бірімен алғашқы рет кездесіп, бірін-бірі ұнатпай қалу.

Өтемақысы: әрбір адамға жеке басқа серікпен қымбат мейрамханадағы кешкі ас немесе ақшалай өтемақысы (сақтандырылған тұлғаның таңдауы бойынша).

«АльфаСақтандыру» СК танысуға арналған Tinder қосымшасымен бірге осыған ұқсас өнімді 14 ақпанға қарсы (Әулие Валентин күні)  жасауға ұмтылды. Нарыққа енгізуге дейін бұл іс бара қоймады.

3. «Бұзылған кеш» полисі

Сақтандыру жағдайы – сапасыз ұйымдастырылған кеш. Негізінен бұл театрға, концертке, шоу немесе цирктегі қойылымнан кейін түсіп қалған көңіл күйінен сақтандыру. Сақтандыру жағдайын растау үшін көңілсіз бет әлпетін немесе жылап отырған баланың суретін ұсыну керек.

Өтемақысы: көңілді көтеру үшін баламалы билеттер (сақтандырушы шараның ұйымдастырушысына талап қояды).

«УралСиб» сақтандыру тобында «Сәтті той» өнімі болды, тіпті бір полисін сатып алғандар да болды. Тойды болдырмаудан сақтандыру қорғану төленгеннен кейін шараның басталуына дейін қолданылатын. «Сәтті той» - бұл 50 000 бастап 500 000 рубльге дейінгі сақтандыру сомалары бар қорапша шешімі. Полистің құны 1 150 рубльден 10 000 рубльге дейін соманы құрайтын.

Той дегеніміз, әрине, демалыс емес, бірақ ол да мәдени-көпшілік іс-шара.

4. «Білмей сатып алу» полисі

Сақтандыру жағдайы – ауру жануарды: мысықты, күшікті, ор қоянды, егеуқұйрықты, құсты және т.б. сатып алу. Қайғылы оқиға: үй жануарын қарапайым тауар ретінде қайтаруға болмайды – тірі жан ғой, ал емдеуге қыруар ақша кетеді. Полистің кеңейтілген нұсқасы: егер жануар көбейту тәлімбағында немесе шоу-сыныбында сатып алынған болса.

Сақтандыру өтемақысы: бір жылдық емін төлеу, оған қоса моральдік зиянды өтеу (жануарға емдік жемнің бір жылдық қоры).

Қазіргі таңда нарықта ветеринарлық сақтандырудың бірнеше нұсқасы бар – «Ингосстрах» пен RegaRisk-те, бірақ жоғарыда көрсетілген нұсқадағы сақтандыру ешкімде жоқ.

«Ингосстрах» 2018 жылғы қаңтар айында өнімнің бірнеше нұсқасын ұсынды: ветеринарлық сақтандырудың классикалық түрін, оған амбулаториялық, стоматологиялық көмек және қашықтықтан кеңес беру жатады, сонымен қатар тар өтімі бар бағдарламаларды қамтиды. Бұл бағдарламаларға, мысалы, кененің шағуы нәтижесінде жарақаттар немесе ауру жатады. Сонымен қатар қашықтан ветеринарлық қолдау бағдарламаларының нұсқалары қарастырылады.

RegaRisk былтыр P2P форматында – өзара сақтандыру қоғамы цифрлық қызметін ұсынған еді, мұнда сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындардың 80% төленеді. Сақтандыру полисін сатып алу сәттен бастап өтемақысын төлеуге дейінгі бүкіл үрдісі чат-бот арқылы жүргізіледі.

Екі нұсқа үш ай мен сегіз жас аралығындағы жануарларды сақтандырады, яғни егер сіз жануарды бір жарым айлық кезінде алсаңыз, онда оны сақтандыруға болмайды.

5. «Машиналардың көтерілісі» полисі

Сақтандыру жағдайы – «ақылды үйдің» ішіндегі техниканың бұзылуы немесе жасанды интеллекттің «бүлкі».

Өтемақысы: жаратынды (техниканы жөндеу), оған қоса моральдық зиянның ақшалай өтемақысы немесе «бүлікті тоқтату» кезеңінде өркениеттен демалу үшін «ормандағы үй» сияқты қонақүйде тұру.

6. «Долданған рубль» полисі

Рубль бағамының кенеттен құбылуынан сақтандыру. Кеңейтілген нұсқасы – экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістерден сақтандыру (зейнетақы реформасы және салық жүйесіндегі өзгерістер өтемақысына кіреді).

Өтемақысы: форекс-брокерлерінің бірінде сақтандыру сомасына есепшот түріндегі ақшалай өтемақысы, оған қоса жаңадан бастап жатқан инвесторларға арналған курстарда оқыту.

7. «Есерсоқтан қорғау» полисі

Сақтандыру жағдайы – заңсыз жұмыстан шығару, жұмыстан шығуға дейін жеткізу, жазықсыз айыппұл, қызметін төмендету, сыйлықақысынан айыру, бастықтың/тапсырыс берушінің тарапынан қорлау және кеміту.

Өтемақысы: 1 млн рубль, оған қоса өкпелетуші адамның бетіне ойындағысын бәрін жазасыз (жәбірленуші үшінші тұлғалардың алдында шектелген лимиті бар өз жауапкершілігінің тегін сақтандыруын алады, өкпелетуші адамға қатысты ғана және сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шектеулі мерзімде қолданылады) айту мүмкіндігі.

8. «Қаладық, бірақ үлгермедік» полисі

Бұл ММС аясында тексеруге немесе емдеуге кезектердің кесірінен медициналық көмекті көрсетпеу полисі. Мысалы, МРТ-ға немесе УДЗ-ға кезекте тұрып, күрделі ауруды диагностикалауға үлгермей қалды, уақытты өткізіп алды, денсаулық сыр берді.

Өтемақысы: мемлекет есебінен шетелдік емханада емдеу (Германия, Израиль) (сақтандырушы ұйымдастырады).

9. «Недоросль» полисі

Баланың ЖОО-ға бюджеттік орынға оқуға түспей қалғанынан сақтандыру.

Өтемақысы: емтиханнан және қосымша сынақтардан (байқаудан өтпей қалды) жақсы баға алғанда сол ЖОО-да коммерциялық оқу ақысының 20-пайыздық төлемі мөлшерінде ақшалай өтеу.

10. «Шопинг-қайта шопинг» полисі

Сақтандыру жағдайы — дүкендерді аралап жүргенде, қажет емес заттарға көп ақша жұмсап, нәтижесінде өлшемі сай емес, көбінесе сәтсіз сатып алынған заттар. Оған заттарды қайтаруға болмайтын кезде ғана көзің жетті. Сақтандыру үш айдың ішінде тек чек пен лайық келмеген затты қайтару шартымен қолданылады.

Өтемақысы: сәтсіз сатып алған заттың құнынан 50% немесе осы дүкенде оны ауыстырып алуға купон.

11. «Алкосақтандыру» полисі

Клиент мас күйінде болғанда, үшінші тұлғалар алдында жауапкершілікті сақтандыру. Лимит — 100 мың рубль. Сақтандырылған тұлғаның немесе оның әйелінің туған күнінде, 8-наурызда немесе жаңа жылдық демалыста сақтандыру сомасы автоматты түрде екі еселенеді.

Осы сияқты өнім «УралСиб» СТ-да болды – «Сүйіктілер» полисі, оның шегінде қоғамдық орындарда (дүкендерде, көрмелерде, көшеде және т.б.) сіздің итіңіздің келтірілген зияны үшін үшінші тұлғалар алдында жауапкершілікті сақтандыруға болар еді. Қорғауға жеке тұлғалардың мүлкі мен денсаулығы, заңды тұлғалардың мүлкі алынған.

12. «Жеке жолығу» полисі

Басқа планеталықтармен алып қашудан сақтандыру. Сақтандыру жағдайы болып кез келген мәлімделген жағдай болып табылады, дәлел қажет емес.

Полистің лайт-нұсқасы — «жасыл адамдардың» келуінен сақтандыру.

Сақтандыру «Роскосмос» қызметкерлеріне, сонымен қатар NASA жүйесінде жұмыс істеген адамдарға таратылмайды.

X-files фильмінің барлық серияларын көрген адамдарға — полиске 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Өтемақысы: психоневрологиялық бағыттағы ауруханада тегін емделу.

13. «Кісі қорқатындай ештеңе жоқ…» полисі

Бұл фобияларды іске асырудан сақтандыру. Мысалы, адамдар үнемі бір нәрседен қорқады: клоундардан, темір жол көпірлерінен, жыландардан, содан кейін ол адам осындай жағдайға тап болады — бұл сақтандыру жағдайы, ақшалай түрде өтемақысы төленеді, оған қоса ауруханадағы оңалту шаралары төленеді. Мұндай сақтандыру жабысқақ үрейлері бар адам үшін психологиялық жүктемені төмендете алатын еді.

14. Plus size полисі

Артық салмақты қосып алудан сақтандыру. Шартты жасасу кезінде салмақ және негізгі нүктелер бойынша өлшемдер тіркеледі. Осы көрсеткіштерден 30%-ға асып кету кезінде жаратынды түрде төленедә – салмақты түзету курсы, психологқа міндетті түрде қаралу.  

15. «Әкенің қолынан келеді» полисі

Еркектер үшін қажетсіз жүктіліктен сақтандыру. Барлық мүмкін болатын жағдайларға таратылады: әйел жүкті болу мүмкіндігі туралы алдаған кезде; ақаулы кедергілі контрацептив болып қалғанда; дәріханада жасанды гормоналды контрацептивті сатқанда.

Өтемақысы: 0-18 жас аралығында баланың асырауына қажетті сомаға тең соманы бір жолғы төлеу (бала туған кездегі бағалардан шыға отырып, инфляцияны  ескерусіз), оған қоса анасының жүктілігін жүргізу (оның кінәсіздігі жағдайында) және орташа деңгейдегі коммерциялық ауруханада босану. Немесе ай сайын осы кезең ішінде балаға «алимент» төлеу, бірақ бұл жағдайда инфляцияны ескеру қажет.

Сақтандыру компаниясы сақтандырылған тұлғаға өтемақысын төлегеннен кейін кінәлі адамға талапты қояды: өз серігін алдаған баланың болашақ анасына, презервативтердің өндірушісіне, жасанды затты сатқан фармкомпаниясына немесе дәріханаға.

Біз сақтандырушылар еңбекшілер көпшілігінің аса мұқтаждылықтарына көңіл аударып, нарықта жақын арада біз ойлап тапқан өнімдер пайда болады, сақтандыру халыққа жақындай түсіп, дамыған елдердегі сақтандырушылар ойнайтын рөлді ресейлік қаржы нарығында ойнайтын болады деп сенеміз.

Ольга КУЧЕРОВА, Banki.ru

Дереккөзі: http://www.banki.ru/news/daytheme/?id=10600968

Фото historytime.ru сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жастар арасында өлімнің күтпеген себебі ашылды
Жастар арасында өлімнің күтпеген себебі ашылды

Батыс елдерінде 50 жасқа толмаған асқазан мен і...

Қазақстанда өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді
Қазақстанда өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді

Өмірді сақтандыру - бұл қайтыс болған немесе ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру