bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтардың саны 19,7 млн адамнан асты

2023 жылғы бірінші қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Қазақстандықтардың саны 19,7 млн адамнан асты

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби дүниеге келді, оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 17 293 адам, елден кеткендер саны 24 239 адамды құрады. Көші-қон сальдосы –  6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді
Қандай мамандықтар көз денсаулығына көп зиян келтіреді

Көптеген қызмет саласы көру өткірлігіне теріс...

Nomad Life клиенті автомобильді ұтып алды
Nomad Life клиенті автомобильді ұтып алды

Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы ZOLOTO NOMADOV по...

Қазақстанда ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру қажет
Қазақстанда ұзақ мерзімді жинақтарды ынталандыру қажет

Қазақстанда сақтандыру төлемдеріне кепілдік ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру