«Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 583 747 дана мөлшеріндегі акцияларды бір құнды қағаз үшін 1 713,07 теңге бағасымен орналастырды. Аталған акцияларды компанияның ірі акционері Турлов Тимур Русланович сатып алды (бүгінде акциялардың 85,43% соған тиесілі). Осылайша, компанияның капиталын арттыру 1 млрд. теңгені құрады.
«Жарғылық капиталды арттырудың арқасында компания клиенттері мен серіктестерін сақтандыру арқылы бұрынғыдан да жақсы қорғай алады, сондай-ақ ілгері даму стратегиясы аясындағы тапсырмаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Компания алдағы бірнеше жылға үлкен мақсаттар қойып отыр. Сонымен, өткен айдың аяғында біз Қазақстандағы ең алғашқы девальвациядан қорғайтын зейнетақы аннуитеті бағдарламасын іске қостық. Бұл біз жүзеге асырып жатқан аз ғана жобалардың біреуі және жақын болашақта біз мұндай жобалар санын арттыруға мүдделіміз», - деді «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Бұған дейін, 2019 жылдың 30 қаңтарында компания қоғамның 59 998 жай акция мөлшеріндегі акцияларын қосымша орналастыруды жүзеге асырды.
«Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы нарықта 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, ал 2018 жылдан бастап компания Freedom Finance брендін алға жылжытуда. Өз қызметі барысында компания Қазақстанның 19 қаласындағы 335 000 астам клиентті сақтандырды.
01.08.2019 жылғы ахуал бойынша, ҚР Ұлттық банкінің деректері негізінде:
• Активтер – 12 141 007 мың теңге.
• Сақтандыру резервтері – 8 416 767 мың теңге.
• Меншікті капитал – 3 534 043 мың теңге
• Жарғылық капитал – 2 087 268 мың теңге.
Дереккөздері: https://ffin.life/news/ffin_life_uvelichila_ustavnoj_kapital_na_1_milliardtenge
https://drive.google.com/file/d/1oqTInYeTr1viYk1b57iVdUzeRmw9iano/view