bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру бойынша жасалған шарттардың саны өсті- ҚНРДА

2024 жылғы бірінші маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы 24 сақтандыру ұйымымен ұсынылған, оның 9–ы өмірді сақтандыру бойынша, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) баспасөз қызметі.
Өмірді сақтандыру бойынша жасалған шарттардың саны өсті- ҚНРДА

Сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 2024 жылғы мамырда сақтандыру және инвестициялық қызметтен түскен кірістер есебінен 6,6 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан бастап – 59,8 млрд теңге).

«2024 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8 352 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1% - ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1 651 мың шарт) және өмірді сақтандыру (556 мың шарт) жөніндегі шарттарға тиесілі», - деп хабарланды реттеушінің релизінде.

2024 жылдың 5 айында ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 243,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,8% - ға артық. Өсім негізінен өмірді сақтандыру (өсім 24,2% - ға немесе 15,6 млрд теңгеге) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (өсім 34,3 есе немесе 84,0 млрд теңге) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.

2024 жылдың басынан бастап сақтандыру төлемдері 118,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,0% - ға артық. Өсім негізінен қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

2024 жылдың мамыр айында барлығы 100,3 мың төлем, 2024 жылдың басынан бастап – 537,9 мың төлем жүзеге асырылды.

Ашық көздерден алынған фотосуреттер

 

 

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жедел сақтандыру туралы нені білу қажет
Өмірді жедел сақтандыру туралы нені білу қажет

Өмірді сақтандыру екі түрлі болады. Жинақтауш...

Сақтандырушылар АҚШ қаржы секторының әлсіздігі туралы ескертті
Сақтандырушылар АҚШ қаржы секторының әлсіздігі туралы ескертті

АҚШ экономикасының өсімі әлсіздеді, ал қаржы с...

ҚР-да арнайы әлеуметтік төлем енгізілді: ол неден құралады
ҚР-да арнайы әлеуметтік төлем енгізілді: ол неден құралады

Бірінші қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды е...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру