Қаңтар-желтоқсанда жиналған ӨСК брутто-сыйлықақылары 380 млрд теңгеге, ал unit-linked сатуларын есепке алғанда - 392,1 млрд теңгеге жетті. Бұл өнім бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша 12,1 млрд теңгеге өсті. 2021 жылдың қорытындылары бойынша «Nomad Life» 128,5 млрд теңге көлеммен сыйлықақылар жиыны бойынша көшбасшы болып шықты. 2022 жылғы қаңтардың басына компанияның жиынтық портфелі 116,4 млрд теңгені, ал unit-linked сатуларды есепке алғанда – 128,5 млрд теңгені құрады. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 2022 жылғы қаңтардың басына Unit-linked сатуларды есепке алғанда 32,8%-ға дейін өсті.
Жыл қорытындысы бойынша «Өмірді сақтандыру» сегменті өмірді сақтандырудың неғұрлым өсуші және ең көлемді сыныбы болып шықты. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар өсімі 2020 жылғы 26,9%-ға қарсы 82%-ды құрады, ақшалай көріністе сыйлықақылар 2020 жылдағы 97,6 млрд теңгеге қарсы 177,6 млрд теңгеге жетті. Көпшілік ӨСК сыйлықақыларының динамикасы өсімді қамтамасыз етті, сол кезде 2021 жылдың қорытындылары бойынша екі компания сыйлықақылардың теріс динамикасын көрсетті: МАК ӨСК (-58,2%) және «Freedom Finance ӨСК (-12,3%).
74,1 млрд теңге портфельмен «Halyk life» ӨСК «Өмірді сақтандыру» сегментінің көшбасшысы болып қалады, 2021 жылы ӨСК осы сегментте нарықтық үлесін 37,6%-дан 41,8%-ға дейін ұлғайтты. «Nomad Life» ӨСК 34,8%-ға нарықтық үлеспен жылды аяқтап, көлемі бойынша екінші 61,7 млрд теңгеге портфель жинады. «Еуропалық сақтандыру компания» (ЕСК) ӨСК өмірді сақтандыру бойынша үшінші ең ірі сақтандырушы болып қалады. 2022 жылғы қаңтардың басына ӨСК 2021 жылы сегментте үлесін 18,1%-дан 15,6%-ға дейін төмендетіп, 27,6 млрд теңгеге портфель жинады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары 2020 жылға қатысы бойынша (ол кезде өсім 8,8%-ды құрады) 77%-ға өсті. Абсолюттік көріністе жиынтық сыйлықақылар 2021 жылы бір жыл бұрынғы 77,6 млрд теңгеге қарсы 137,4 млрд теңгені құрады. 82,1%-ға зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар динамикасы әдеттегідей жоғары болды және 2020 жылдың қорытындылары бойынша 9,2%-ға динамика шеңберінде ерекше қатты байқалды. Ақшалай көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша ӨСК жиынтық портфелі 2020 жылдағы 71,3 млрд теңгеге қарсы 129,9 млрд теңгені құрады. Аннуитеттік сақтандыру және оған кіретін зейнетақы аннуитеттері барлық ӨСК-лердің оң жинақтары есебінен өсті.
Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылдың қорытындылары бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК сыйлықақыларының көлемі 44,7 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 43,4 млрд теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы қаңтардың басына «Nomad Life» ӨСК аннуитеттер сегментінде 32,6%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 33,4%-ды алады.
Көлемі бойынша екінші аннуитеттік сыйлықақылар портфелі «Halyk life» ӨСК-де – 38,5 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 35,6 млрд теңге. 2021 жылдың қорытындылары бойынша ӨСК аннуитеттік сақтандыру сегментінде нарықтың 28%-ын, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 27,4%-ды алады. Үшінші позицияда 2021 жылдың қорытындылары бойынша 17,1 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 16,7 млрд теңге жинаған «Евразия» ӨСК қалады. «Евразия» ӨСК-нің «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында үлесі 12,5%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 12,9%-ды құрады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша «Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» сыныбы бойынша сыйлықақылар динамикасы 2020 жылы 6,3%-ға сыйлықақылар түсіміне қарсы 18,7%-ға өсімді көрсетіп, оң аймаққа шықты. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 5,28 млрд теңгені құрады.
2021 жылдың қорытындылары бойынша ЖЖА сегментінің көшбасшысы 1,9 млрд теңгеге дейін сыйлықақылар портфелін ұлғайтқан және 36%-ға нарықтық үлесті алатын, «Halyk life» ӨСК болды. Екінші орынға «Nomad Life» ӨСК орналасты, оның сыйлықақылары 1,19 млрд теңгені құрады, ал нарықтық үлесі 22,7%-ға дейін ұлғайды. Көшбасшылар үштігіне 2022 жылдың басына сегментте 11,5%-ды ала отырып, сыйлықақылардың 608,1 млн теңгесін жинаған, «KM Life» ӨСК кірді.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2021 жылдың қорытындылары бойынша 2020 жылдағы 43,9% өсімге қарсы 20,5%-ға сыйлықақылар өсімін көрсетті. Абсолюттік цифрлармен ӨСК сыйлықақыларының жиынтық портфелі 2,18 млрд теңгеге жетті. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болды, оның портфелі 2021 жылдың қорытындылары бойынша 1 млрд теңгеден асып түсті, ал нарықтық үлесі 47%-ды құрады. «Halyk life» ӨСК 998 млн теңге сыйлықақылар көлемімен сегмент сыйлықақыларының 45,7%-ын қалыптастыра отырып, екінші орынды алады. Көшбасшылар үштігін 122,2 млн теңге портфельмен және 5,6% нарықтық үлеспен «Nomad Life» ӨСК аяқтайды.
ӨСК бөлігінде жиналатын, жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша (ЖО) сыйлықақылар 2021 жылдың қорытындылары бойынша 2020 жылдағы 27,7%-ға қарсы 61,2%-ға өсті. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 20,6 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындылары бойынша сегмент көшбасшысы 37,17% үлеспен 7,6 млрд теңге жинаған «KM Life» ӨСК болды. Екінші орында – 5,19 млрд теңге портфельмен және 25,2%-ға нарықтық үлеспен «Freedom Finance Life» ӨСК. Үшінші позицияда 3,7 млрд теңге жинаған және сегментте 18,1%-ды алатын ЕСК ӨСК тұр.
«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2021 жылдың қорытындылары бойынша 2020 жылдағы 2,2%-ға өсімге қарсы 42,27 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға өсті. 2021 жылдың қорытындылары бойынша бірінші орын 9,5 млрд теңге портфель жинаған және сегменттің 22,5%-ын алған «Halyk life» ӨСК-де қалды.
Екінші позиция «Nomad Life» ӨСК-де, оның сыйлықақылар көлемі 9,26 млрд теңгені, ал сегментте нарықтық үлесі - 21,9%-ды құрады. Көшбасшыларға 8,4 млрд теңге портфель көлемімен және үшінші орынды алатын 19,9%-ға нарықтық үлеспен, «KM Life» ӨСК өте жақын қалды. «KM Life» ӨСК нәтижесінде 6,37 млрд теңге жинаған және сегменттің 15,1%-ын алған «Евразия» ӨСК-ні басып озды.
ӨСК бөлігінде жиналатын, ауру жағдайында сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар динамикасы 2021 жылдың қорытындылары бойынша 2020 жылдағы 5559,1%-ға қарсы 94,1%-ға дейін өсті. Сыйлықақылар динамикасының түсуі сыйлықақылар жиынына қатысатын ӨСК-лердің әр түрлі санымен түсіндіріледі. Егер 2020 жылы сыйлықақыларға мықты өсімді қамтамасыз етіп, нарыққа бірден бірнеше компаниялар шыққан болса, 2021 жылы жаңа шығулар болған жоқ, оған қоса 2022 жылдың басына «Евразия» ӨСК сегментте өз сыйлықақыларын «нөлдеді». Ақшалай көріністе ЕМС бойынша жиынтық сыйлықақылар 2,1 млрд теңгені құрады.
Сегментте бірінші орынды 2021 жылдың қорытындылары бойынша сыйлықақылардың 1,6 млрд теңгесін жинаған және 75,5%-ға нарықтық үлесті қалыптастырған, «KM Life» ӨСК алады. ӨСК бөлігінде ЕМС сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды 461,6 млн теңге жинаған және сегментте үлесін 21,8%-ға дейін ұлғайтқан ЕСК ӨСК алады. Үшінші орынды 28,6 млн теңге жинаған, «Halyk life» ӨСК алады, ол ӨСК бөлігінде ЕМС сегментінің 1,3%-ын құрайды.
2021 жылдың қорытындылары бойынша ӨСК жиынтық активтері жылдық өсімде 779,6 млрд теңгеге дейін 29,1%-ға дейін үдеді. Сақтандыру резервтері 537 млрд теңгеге дейін, 27,6%-ға ұлғайды.
ӨСК меншікті капиталы 142,5 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың осы кезеңіне 28,8%-ға көбірек болып шықты.
Сурет ашық дереккөздерден