bs-preloader__icon
ru kz

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2018 жылғы бірінші жартыжылдығында 8,8 млрд теңгені құрады

Жалпы БЖЗҚ-дан щейнетақы төлемдері 100,9 млрд теңгені құрады, деп Қордың баспасөз-қызметі хабарлайды.
БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2018 жылғы бірінші жартыжылдығында 8,8 млрд теңгені құрады

Кесте бойынша төлемдер 63,4 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 61,9 млрд. теңге жыл сайынғы төлемдерге,  11,9 млн. – тоқсан сайынғы төлемдерге бөлінген, 1,5 млрд теңге сомаға ай сайынғы төлемдер жасалды.

Сонымен қатар БЖЗҚ 28,6 млрд теңге сомаға бір жолғы төлемдерді, оның ішінде 1,6 млрд теңге жасына байланысты төлемдерді жүзеге асырды. Салыстыру үшін – былтырғы жылғы ұқсас кезеңі үшін БЖЗҚ-дан 121,2 млрд. теңге төленді, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына – 14,7 млрд теңге.

Төлем мөлшерінің төмендеуі жалпы ай сайынғы төлеу тәртібін енгізуімен байланысты, бұл өз кезегінде төлемдерді алу уақытысының ұзартылуына және алушылардың жиынтық зейнетақысы мөлшерінің өсуіне ықпал етеді.  

Зейнетақы қорланымының жалпы сомасы 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8,4 трлн теңгені құрады, жылдың басынан 663,6 млрд теңгеге немесе 9%-ға ұлғайды.

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыстың сомасы 2018 жылғы 1-жартыжылдығында 356,4 млрд теңге құрады. Жылдың басынан табыстылық 4,5%, ал осыған ұқсас кезең үшін инфляция – 2,6% құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы жылдық айқындалуында (2017 ж. маусым айы – 2018 ж. маусым айы) 9,5% құрады, ал осыған ұқсас кезең үшін инфляция 5,9% құрады.

2018 жылғы 6 айы үшін зейнетақы түсімдерінің сомасы 407,5 млрд теңгені (жарналарды қайтаруды ескермей) құрады, бұл 2017 жылғы осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық болды, ол кезде бұл көрсеткіш 366,4 млрд теңгені құраған болатын. Бұл ретте түсімдердің негізгі үлесін міндетті зейнетақы жарналар (МЗЖ) құрады.

2018 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5,6 млн салымшыдан астам МЗЖ аударды. Оның ішінде 70% (шамамен 4,1 млн адам) жылына алты айдан кем емес аударып отырады. Бұл орайда олардың төленген міндетті зейнетақы жарнасының көлемі 407,4 млрд теңге құрады. Салыстыру үшін 2017 жылы 5,9 млн астам адам МЗЖ жалпы 756,1 млрд теңге сомаға аударды, бұл 2016 жылғы деңгейімен салыстырғанда 8%-ға артық.

Фото kagro.kz, ru.investing.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Үндістанда қандай өмірді сақтандыру өнімдерін сатып алады
Үндістанда қандай өмірді сақтандыру өнімдерін сатып алады

Соңғы есепте Emkay Global Financial Services компаниясы үнді...

Өмірді сақтандыру-Қазақстанның сақтандыру нарығының өсу драйвері
Өмірді сақтандыру-Қазақстанның сақтандыру нарығының өсу драйвері

2025 жылғы бірінші шілдедегі жағдай бойынша Қаз...

Егер сақтандырушы төлем жасаудан бас тартса не істеу керек
Егер сақтандырушы төлем жасаудан бас тартса не істеу керек

Сақтандыру төлемін мақұлдау осы күндері өте к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру