bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК қазақстандықтарға 27 млрд теңге – қаражаттың рекордты көлемін төледі

2020 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) 27,2 млрд тг мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды – бұл былтырғы жылға қарағанда 23,5%-ға көп (22,1 млрд тг). Өткен жылы ӨСК-нің сақтандыру төлемдерінің көлемі – сектордың абсолютті рекорды, деп жазады Finprom.kz.
ӨСК қазақстандықтарға 27 млрд теңге – қаражаттың рекордты көлемін төледі

2020 жылы бәрінен де ең көп төлемдерді «Халык-Life» ӨСК қамтамасыз етті: 9,7 млрд тг – 2019 жылға қарағанда (8,9 млрд тг) 8,5%-ға көп. ӨСК төлемдерінің жалпы көлемінде компанияның үлесі 35,6%-ды құрады. Еске салсақ, «Халык-Life» сақтандыру саласынан тәуелсіз, сақтандыру секторының барлық компанияларының төлемдер сомасы бойынша ТОП-3 кіреді.

Сақтандыру төлемдерінің сомасы бойынша ӨСК ТОП-3-ке сондай-ақ NOMAD Life ӨСК (9 млрд тг) және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК (2,4 млрд тг) кірді. ӨСК жиынтық төлемдерінен компаниялардың бірінші үштігінің сақтандыру төлемдерінің үлесі 77,3%-ды құрады.

Бес жылда ӨСК сақтандыру төлемдері 71,8%-ға өсті. Мұндай ілгерілік халықтың өмірді сақтандыруға кызығушылығының артуымен, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру мен зейнетақы аннуитеттері нарығының дамуымен байланысты. ӨСК төлемдері олардың сенімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге білім алуға және зейнетке ақша қаражатын жинау мүмкіншілігін бере отырып, банк депозиттеріне ұқсас өнімдерді береді.

Банк салымдары алдында жинақтаушы сақтандыру шарттарының негізгі артықшылығы – қосымша сақтандыру қорғауының болуы.

Заңнама сақтандыру компаниясына өз тәуекелдерін басқа сақтандыру компаниясында өтеуге мүмкіндік береді – жиі бұл жоғары халықаралық рейтингпен шетелдік СК. Бір сақтандырушы басқа сақтандырушының көмегімен қайта сақтандырылады. Осылайша, негізінен жедел және кейбір жағдайларда жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сомалары – сондай-ақ халықаралық қайта сақтандырушылардың жанама кепілдіктеріне ие.

Бұдан бөлек, қазір барлық өмірді сақтандыру компаниялары – оның ішінде сектордың көшбасшылары «Халык-Life» ӨСК, NOMAD Life ӨСК және «МАК» ӨСК – қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңның аясында зейнетақы аннуитеті шарттары және аннуитеттік шарттар бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары болып табылады, бұл ретте банк депозиттеріне 10 млн теңгеге дейін кепілдіктер бойынша лимиттермен салыстырғанда, мұндай сақтандыру шарттары бойынша лимиттер жоқ.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/kompanii-po-strahovaniyu-zhizni-vyplatili-kazahstancam-rekordnyj-obyom-sredstv-27-milliardov-tenge

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?
Сіз бен ақша - кім кімге жұмыс істейді?

Кейде ақша табу мақсатқа айналатын жағдайлар ...

Sanasa Life Insurance балаларды сақтандыру полисін іске қосады
Sanasa Life Insurance балаларды сақтандыру полисін іске қосады

Sanasa Life Insurance, өмірді сақтандыру компаниясы "Ана...

Баланы сақтандырудың қажеті не?
Баланы сақтандырудың қажеті не?

Сақтандыру көбіне-көп танымалдылыққа ие болып...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру