bs-preloader__icon
ru kz
✕

Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады

Өмірді сақтандыру әлемдегі ең танымал сақтандыру түрлерінің бірі болып саналады. Кең мағынада өмірді сақтандыру дегеніміз көбінесе сақтанушының жеке қажеттіліктеріне бағытталған сақтандыру өнімдерінің тұтас кешенін білдіреді, мысалы, жұмысынан айырылудан сақтандыру немесе зейнетақымен қамсыздандыру, деп хабарлайды USA Today интернет-басылымы.
Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады

Өмірді сақтандыру екі әмбебап тәуекелге бағытталған: белгілі бір жасқа дейін өмір сүру немесе сақтанушының қайтыс болуы. Дегенмен, полисте  дене жарақаты немесе жұмыс жарақаты, мүгедектік немесе жазатайым оқиға сияқты басқа да тәукелдер болуы мүмкін.

Көбінесе АҚШ тұрғындарында өмірді сақтандырудың бірнеше полисі болуы мүмкін. «Көптеген адамдарда өмірді сақтандырудың бірнеше полисі бар және олар әртүрлі себептермен қолданылуы мүмкін. Мысалы, ипотекалық өмірді сақтандыру, өмірді инверсиялық сақтандыру және зейнетақы аннуитеті», - деп түсіндіреді Freeman Group байлықты басқару жөніндегі кеңесшісі Иэн Фриман.

Өмірді сақтандырудың әртүрлі полистері қамтудың әртүрлі түрлерін ұсына алады. Мысалы, әмбебап өмірлік сақтандырулар сақтандыру сомасына қосымша жинақтаушы құрамдас бөлікті қамтамасыз ете алады, ал тіркелген сақтандыру сомасы бар полистерде әртүрлі төлем шарттары болуы мүмкін. Бірнеше полистерге ие болу Сіздің сақтандыру қажеттіліктеріңізді қамтудың кең спектрімен толықтыруға мүмкіндік береді.

Егер Сізде бірнеше өмірді сақтандыру полисі болса, олардың әрқайсысына әртүрлі бенефициарларды тағайындай аласыз. Егер Сіз әр түрлі отбасы мүшелеріне ақша қалдырғыңыз келсе, бұл пайдалы болуы мүмкін.

Кейбір адамдар өмірді сақтандыруды өздерінің инвестициялық стратегиясының немесе мұрагерлік жоспарының бөлігі ретінде пайдаланады. Олар өздерінің қаржылық ресурстарын әртараптандыру және тәуекелдерді азайту үшін әртүрлі сипаттамалары бар әртүрлі полистерді сатып ала алады.

Өмірді сақтандыру құрылымына байланысты кейбір полистер салықтық жеңілдіктер бере алады. Бірнеше полиске ие болу Сізге осы жеңілдіктерді тиімдірек пайдалануға көмектеседі.

Өмірді сақтандырудың бірнеше полисін сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын, Сіздің қаржылық жағдайыңыз бен мақсаттарыңызға қандай нұсқалар сәйкес келетінін анықтау үшін сақтандыру кеңесшісімен немесе қаржылық кеңесшімен кеңескен жөн.

Дереккөз: https://www.usatoday.com/money/blueprint/life-insurance/more-than-one-policy/

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
BCC Life компаниясы STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі атанды
BCC Life компаниясы STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі атанды

Алматыда SOI 2026 – STUDENTS ON ICE мұз шоуы өтті. Іс-шара...

S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады
S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі қаржылық тұра...

2025 жылдың II тоқсаны бойынша «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның қаржылық қорытындылары
2025 жылдың II тоқсаны бойынша «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның қаржылық қорытындылары

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2025 ж...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру