Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Ұлттық Банктегі инвестициялық шотына орналастырылған. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізеді.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алынған инвестициялық кірісті ескере отырып, күн сайын қайта есептейді және қайта бағалайды. Инвестициялық кірістің шамасы өзгеріп отырады және көп факторларға, соның ішінде инвестицияның ағымдағы нарықтық құнына және валюта бағамына байланысты. Нәтижесінде инвестициялық кіріс ұлғаю жағына, сондай-ақ азаю жағына қарай өзгере алады. Салымшылардың ЖЗШ-сына инвестициялық кірістің ықтимал теріс ауытқуы қысқа мерзімді кезеңде бақыланады және уақытша болып табылады. Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта инвестициялық кіріс, әдетте оң болып табылады. Сондықтан, инвестиция нәтижелерін бір жылдан кем болмайтын ұзақ кезеңнің нәтижелері бойынша бағалаған дұрыс.
2020 жылы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістілік 7,5% инфляция кезінде 10,92%-ды құрады. Нәтижесінде 2020 жылға нақты кірістілік 3,42%-ды, ал 2020 жылдың ішінде алынған инвестициялық кіріс 1,3 трлн теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басынан салымшылармен алынған инвестициялық кіріс 5,5 трлн теңгеден асты және зейнетақы активтерінен 43%-дан астамын құрады. 1998 жылдан бастап (жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызмет ете бастағаннан бастап) жинақталған инвестициялық кірістілік 496,65% жинақталған құнсыздану кезінде 602,9%-ды құрады.
Осылайша, өткен 23 жылға зейнетақы активтерінің жинақталған нақты (яғни құнсызданудан асатын) кірістілігі 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша оң сипатта және 106,25%-ды құрады.
Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=11598
Сурет ашық дереккөздерден