Сақтандырушылар көптен бері Unit linked-ті олардың өнімдер желісіне енгізуге мүмкіндік беретін нормативтік базаның пайда болуын күтуде. Менің ойымша, өмірді үлестес сақтандыру тек өмірді инвестициялық сақтандырудың (ӨИС) дамуына ғана емес, сонымен қатар жинақтаушы және зейнетақы сақтандырудың сапасы жағынан жаңа өнімдерінің пайда болуына жаңа түрткі бола алады, және сәйкесінше – ресейлік қор нарығына «ұзақ» ақшаның дереккөзіне айналуы мүмкін.
Ресейде Unit linked қандай болуы мүмкін? Шетелдік тәжірибеге сәйкес бұл өнім жинақтаушы сақтандырудан (және ӨИС) ондағы сақтандыру сомасы активтің құнымен (әзірше ресейлік заңнамамен рұқсат етілмеген) анықталуы мүмкіндігімен ерекшелінеді. Бұл жағдайда юниттер (активтер) ретінде белгілі бір қордың жарналары, немесе ETF, немесе тікелей акциялар/облигациялар бола алады. Болжалмен айтатын болсақ, өтімділікке және баға белгілеуге ие болған кез келген актив юнит бола алады.
Яғни, мысалы, сіздің сақтандыру жағдайыңыз бойынша төлеміңіз сақтандыру төлемі жасалған сәтте оның құны бойынша үш юнитті құрайды. Қазіргі таңда сақтандыру сомасы сақтандыру компаниясымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ сақтандыру сомасының төленбеуі сақтандырушының дефолты кезінде ғана орын алуы мүмкін. Unit linked-те сақтандыру сомасының қамтамасыз етілуі нақты бір активке байланған. Сондықтан нарық пен клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер, сонымен қатар екі тарап үшін де тәуекелдер жасырынған.
Бұл мүмкіндіктер қайдан шығады, және неліктен мен Unit linked РФ-ның сақтандыру нарығының ғана емес, бүкіл қор нарығының дамуын ынталандыруы мүмкін деп есептеймін? Біздің елімізде «ұзақ» ақшамен қиындықтар бар екені құпия емес. Бұл мәселе инвесторлардың ақшаны «ұзаққа» инвестициялағысы келмейтіндігінен ғана емес, сонымен қатар бұл үшін нақты құралдар жоқтығынан туындайды. Мен акциялар/облигациялар жайлы айтып тұрған жоқпын, өйткені көптеген ресейлік инвесторлар өз жинақтарын өз бетінше қалыптастырып, инвестициялық портфельді құрастыратындай, әлі соншалықты қаржы жағынан сауатты емес екенініне көзім жетіп отыр.
Инвестициялық пәні дамуының ағымдағы деңгейінде бізге инвестордың белгілі бір мақсаттарына капиталдың ұзақ мерзімді өсуіне қол жеткізуге бағытталған инвестициялық өнімдер қажет. Олар: өмірді жинақтаушы сақтандыру, ерікті зейнетақы бағдарламалары және т.б.
Бұл өнімдердің әлсіз жағы инвестициялық табыстылықты анықтаудың мөлдір тәсілінің жоқтығы, сонымен қатар осы нарықтың сенімді ойыншыларында кепілдендірілген табыстылықтың жоғары құны. Ұзақ мерзімді өнімдерде компания кез келген сценарийде қамтамасыз ете алатын тіркелген мөлшерлеме бар. Ол қолданыстағы ұзақ мерзімді мөлшерлемелерден еселі төмен болуы мүмкін. Бұл компанияның ашкөздігінен емес – нақты тапқан мөлшерлеме мен өнімге салынған кепілдендірілген мөлшерлеме арасындағы айырмашылықты клиент алады. Бұл компаниялардың қаржылық тұрақтылығы үшін қажет. Бірнеше жыл бұрын Еуропада монетарлық саясатты жұмсартқан кезде, кейбір елдерде облигациялардың мөлшерлемесі теріс табыстылықпен болып қалғанда, ол сақтандыру компаниялары үшін маңызды тәуекелге айналды.
Алайда табыстылық айқын емес болып шықты – клиент оның қандай болатынын бағалай алмайды, өйткені ол компанияның портфельі қандай бенчмаркке байланғаның, оған не кіретіндігін білмейді.
Unit linked бұл мәселені шешеді. Unit linked-те клиент бастапқыдан-ақ оның жинақтары қандай активтер арқылы өсетіндігін бірден көреді, ал егер табыстылық оның көңілінен шықпайтын болса, онда клиент бұны неден пайда болғанын түсініп, өз активін ауыстыра алады. Бұл ретте Unit linked-те өмірді сақтандыру өнімдеріне тән артықшылықтар: тәуекелді өтемақы, салық жеңілдіктері, ерекше заң мәртебесі де сақталады. Қазір әр түрлі портфельдік шешімдер (дербес портфельдік жоспарлау, робоадвайзинг және т.б.) кеңінен таралуда, және Unit linked осындай өнімдерді іске асыру үшін мінсіз платформа ретінде бола алады.
Екінші жақтан Unit linked енгізілуі тәуекелдермен де байланысты. Қазір клиент сақтандыру компаниясының жинақтаушы өнімін сатып алып, егер ол нақты таңдаған сақтандырушының тәуекел оның көңілінен шықса, өзінің жинақтарының сақталуына алаңдамаса болады. Ал Unit linked-те компанияның несиелік тәуекеліне қарағанда, өнімдерді едәуір тәуекелді етіп жасау мүмкін. Мысалы, «В» немесе одан төмен рейтингісі бар облигациямен қамтамасыз етілген, бірақ оның тәуекелдері бойынша сақтандырушы жауапты болмайтын өнімді жасап шығару. Мұнда абыройлы тәуекелдер және мисселинг үшін негіз де орын алады. Егер Ресейде Unit linked рұқсат етілген болса, онда бұл мәселелер егжей-тегжей тексеру мен шешімін талап етеді.
Автор: Борис Борзунов, «Сбербанк өмірді сақтандыру» инвестициялық стратегияларды іріктеу басқармасының жетекшісі
Дереккөзі: http://www.asn-news.ru
Фото: i.pinimg.com, liter.kz сайттарынан алынды.