Тиісті заң жобасының тұжырымдамасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова ұсынды, деп Kursiv.kz тілшісі хабарлайды.
«Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау (ұсынылады). Бір көрсеткішті (асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы бойынша) белгілеу ұсынылады және балалар санына сәйкес бұл көрсеткіш көбейтілетін болады, яғни, егер айтарлық, бір балаға 0,86 ең төменгі күнкөріс деңгейі, тиісінше, бес балаға жәрдемақы мөлшерінен бес есе жоғары болады», – деді ол тілшілерге12 қыркүйекте өткен заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі сыртында.
Тиісті норма Жакуповамен ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасында бар.
Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада жәрдемақы мөлшерін индекстеу ғана қарастырылған. Қазіргі уақытта асырауындағы адамдар көп болса, әрбір адамның жалпы жәрдемақы мөлшеріндегі үлесі азырақ болады. Мысалы, егер асыраушысынан айырылып қалған бір бала күнкөріс минимумының 0,86 алатын болса, онда екі балаға 1,25 күнкөріс минимумы ғана қарастырылған және т.с.с.
Сонымен қатар қазіргі таңда құрамында бала кезінен мүгедек-балалары бар, өз асыраушысынан айырылып қалған отбасылар қолданыстағы заңнама бойынша жәрдемақының бір ғана түрін: мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны таңдайтын.
«Біз мүгедек-балалар үшін ерекшелікті енгізуді ұсынып отырмыз. Егер бала мүгедек болса, оның үстіне отбасының асыраушысынан айырылып қалса, оларға жәрдемақының екі түрі берілетін болады», – деді Жакупова.
Осыған байланысты құрамында бала кезінен мүгедек-балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау аясында бала кезінен мүгедек-балаларға мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар бір немесе одан да көп ата-анасы қайтыс болған жағдайда (іс жүзінде құрамында бала кезінен мүгедек-балалары бар толық емес отбасының ата-аналардың ажырасу жағдайына қарағанда, ата-анасы қайтыс болған жағдайы қиындау) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуға құқығын беру ұсынылады.
Зейнетакерлерді және мемлекеттік жәрдемақыларды алушыларды жерлеу рәсіміне берілетін бір жолғы төлемнің мөлшері қазіргі таңда 15,7 АЕК-ны (1 АЕК = 2 525 теңге) құрайды, бұл төлеммен ардагерді немесе мүгедекті соңғы сапарына шығарып салуға мүмкін емес. Бұл төлемді 35 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынылады.
Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/obschestvo/2019-09/mnogodetnye-semi-poluchat-bolshe-deneg-pri-utere-kormilca