bs-preloader__icon
ru kz

Зумерлер мен миллениалдар қалай жинақтайды

Білім күніне орай КАПИТАЛ LIFE сақтандыру компаниясы 654 мың жинақтаушы өмірді сақтандыру (ЖӨС) шарттарын талдап, әр буынның, соның ішінде жастардың – зумерлердің (Z буыны, 2000–2011 ж.т.) және миллениалдардың (Y буыны, 1984–2000 ж.т.) қаржы жинау ерекшеліктерін зерттеді.
Зумерлер мен миллениалдар қалай жинақтайды

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ЖӨС бағдарламалары бойынша барлық клиенттердің ішінде жастардың – зумерлер мен миллениалдардың үлесі 22%-ды құрайды. Айта кетерлігі, ЖӨС арқылы сақтандырылған зумерлер арасында ерлердің үлесі 46%-ға жетеді. Басқа буындарда бұл көрсеткіш небәрі 20%-дан сәл асады.

Х буынының (1967–1984 ж.т.) және бэби-бумерлердің (1944–1967 ж.т.) үлесіне тиісінше 48% және 30% шарт тиесілі. ЖӨС бағдарламалары бар клиенттердің орташа жасы – 47 жас. Соған қарамастан, жастардың қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді.

КАПИТАЛ LIFE дерегінше, зумерлер ЖӨС бойынша орташа есеппен 8 жылға жоспар құрады. Орташа жинақ сомасы – 300 мың рубль. Ал миллениалдар ұзақ мерзімге әрі көбірек жинақ жасайды, себебі олар отбасы капиталы мен болашақ қорын белсенді қалыптастыру кезеңінде. Бұл буынның ЖӨС шарттарының орташа мерзімі – 10 жыл.

2025 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, зумерлердің 90%-ы – қаржылық өмірінің бастапқы кезеңінде болса да, қазірден жинақ жасаудың маңызын түсінеді. 77%-ы ұзақ мерзімді жинақтың артықшылықтарын жақсы біледі. Олар үшін капитал жинау құралының ең басты артықшылығы – цифрлық сервистер арқылы өнімді оңай алу және басқару мүмкіндігі. Ал аға буын үшін басты критерий – бағдарламаның мазмұны мен құқықтық артықшылықтары.

«Адам өмір жолының ерте кезеңінде жинақтаушы немесе зейнетақы сақтандыру полисін рәсімдесе, ол құрал салықтық, қаржылық және сақтандыру тұрғысынан әлдеқайда тиімді болады. Бұл – жинақ пен қорғауды біріктіретін кешенді өнім, әркім өз мақсатына сәйкес артықшылық таба алады», – деді КАПИТАЛ LIFE бас директоры Евгений Гуревич.

Фото ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?
Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?

Жаһандық сандық жүйеге көшу дәуірінде қызметт...

Жеке жинақтар нарығындағы жаңа бағдар
Жеке жинақтар нарығындағы жаңа бағдар

Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларына...

Зейнетақы капиталы: бұл не, оны қалай есептеу және құру керек?
Зейнетақы капиталы: бұл не, оны қалай есептеу және құру керек?

Бұл туралы сақтандыру нарығының тәуелсіз сара...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру